Ұсақ маторика 3 жастың аяғына қарай балалар жаңа маруалды қабілеттерді дамытады. Бала мануалды әрекеттерді басқада моторлы, перцептивті және вербалды сұлбалармен біріктіре бастайды. 3 жасар бала өздігінен киімін шешіп, түймесін ағытады. Баланың белсенділігі моторлы дамуға әсер етеді . Бала допты лақтыруды лақьыруды үйренбейді , егер ол оған жаттықпаса. Егер бала қимыл қозғалысы бәсең болса, онда оларда қимыл-қозғалыс әрекетінің белсенділігі төмендейді.
Тік жүруі Ерте балалық шақтың соңынада бала жүре бастайды. Ауыспалық тік жағдайда бұл - қиындау іс. Кішкене аяқтар үлкен салақпен баса бастайды, жүру қозғалысы әлі де орнықпады, сондықтанда нәресте тепе-теңдікті жоғалтады. Аяқ астындағы кішкене заттар тұрса немесе үстелді айналып өту керек болса ол балаға қиындыққа соғады. Сондықтан бір-екі қадам басқан соң бада үлкендеге қарай немесе жерге құлайды. Бұл жағдайды реттеу үшін біріншіден, үлкендердің қатысуы мен қолдауы, қиындықтарды жеңе отырып , бірақ тез арада , бірінші табыстардан соң - ақ , бала өз денесін бағындырғанын сезініп рахат алады да және соны көбейтуге тырысады.
3. 3 жастағы баланың мінез-құлқына тән негізгі белгілер:
Негативизм баланы өз қалауына қарсы әрекет етуге мәжбүр етеді. Бала өзінен өтініш етіп сұрағанды жасағысы келмегеннен емес, өзінен осы туралы сұралғаны үшін жасаудан бас тартатын болады. Бұндағы баланы қозғап отырған басты уәж – сұрағандай емес, оған керісінше жасау болып табылады.
Тіл алмаушылық. Негативизм тіл алмаушылықтан өзгеше болады. Бағынбау кезінде бала өтініштің мазмұнына қарсы болып, ересек адамның нұсқауларын орындамайды, себебі, ол өзі үшін ол уақытта сіз тапсырғаннан да қызық нәрсені тапқандай болып көрінеді. Тіл алмау кезінде бала ересек адамның қалауына қарсы қарсы жүрсе, негативизм кезінде бала өз қалауына қарсы жүреді. Негативизм әлеуметтік сипатқа ие және бұл өтініштің мазмұнына емес, адамға бағытталған болады. Негативизм кейде таңдамалы болады: бала қолайсыз мінез-құлықтарын барлық адамға емес, белгілі бір адамдарға көрсетіп, олардың өтініштерін орындаудан бас тартады, мысалы, тек анасының немесе әкесінің айтқандарын орындамайтын болады.
Ал басқа адамдармен ол өзін көнгіш және тілалғыш секілді ұстайды.
Қыңырлық - бұл баланың қалағанынан емес, талап еткенінен туындайтын дегеніне көндіргісі келетін реакциясы болып табылады. Көбіне ата-аналар "кім кімді" деген позицияда тұрып алып, жағдайда одан сайын ушықтырып, бала қыңырлығының көріністерін бекітіп, туындаған жанжалды жағдайдан абыроймен шығуға мүмкіндік бермей, баланы баланы тығып тастайды.
Асаулық - негативизмнен қандай да бір адамға қарсы емес, өмір салтына қарсы, бұған дейін оны мінез-құлқын анықтаған бір жаққа емес, ережелерге қарсы бағытталғандығымен ерекшеленеді. Бұл баланың бұрын ісі болған нәрселерге қарсы жасағысы келетін жасырын бүлігі.