Ақтөбе қаласы «№27 орта мектеп-лицейі» кмм-нің



Дата26.01.2023
өлшемі14,77 Kb.
#63018

Ақтөбе қаласы
«№27 орта мектеп-лицейі» КММ-нің
8 «А» сыныбына

Мінездеме

2022-2023 оқу жылында 8 «А» сыныбында 20 бала бар. Оның ішінде 10 ұл бала, 10 қыз бала. Сыныпқа биылғы оқу жылында 4 оқушы келді. Сынып белсенді, оқушылар мектептегі шараларға қатысуы орташа. Ата-аналар өз балаларына көңіл аударуы жақсы. Қоңырау уақытындағы тәртібі жақсы. Бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы. Оқушылардың мектеп формасы сақтауы жақсы.Өз-өздерін бағалауы жақсы. Мұғалімдердің берілген тапсырмасын қызығушылықпен орындайды. Тазалық секторы сыныптың тазалығына жауап береді жане спорт секторы, енбек секторы,оку секторы, сыныпта мерекелік жиындар, диспуттар, атаулы күндердің өтуіне атсалысып отырады. Оқушылар оқу-тәрбие процессінде кемшіліктер дер кезде ескеріліп, шара қолданылып отырады. Көшеде жүру тәртібі, техникалық қауіпсіздікті дұрыс пайдалана береді. Мектепте өткізілетін іс-шараларға, тәрбие сағаттарына түгел қатысады. Балалар сабақта белсенді, білім игеру барысында берілген материалдарды жақсы қабылдайды. Сынып жетістікке жетуде үлкен қызығушылық көрсетті, оқушылар сыныптың беделін арттыруда үлес қосады. Сабақтан кешікпейді, берілген тапсырмаларды ұқыпты уақытында орындайды. Борыштық жауапкершілікті сезіне біледі, сыртқы келбетіне, оқуға және оқулықтарға, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарайды. Жалпы сынып ұжымы бір-бірімен тату тіл табыса біледі, үлкендерді сыйлайды, ұқыпты оқушылар. Ұжымдық жұмыстарда тапсырмалардың шешімін тез тауып, ортақ тіл табысуға бейім. Жалпы білім алушылар бір-бірін жақсы таниды, қатынастары да орташа деңгейде. Өздерінің кемшіліктеріне сыни көзқарасы орташа денгейде. Жалпы сынып зерттеуін қорытындылай келе сынып оқушыларымен жұмыс барысында келесі ұсыныстарды ескерген жөн: сабақ уақытында оқушылардың пәнге деген көзқарасын арттыру, әр оқушының мінез-құлық ерекшеліктерін ескеру, қосымша жұмыстарға көбірек тарту, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру қажет.



Сынып жетекшісінің қолы : _________ Ә.М.Қарабаев
Студент-практиканттың қолы: _________ Ж.Ж Қытайбекова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет