Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қаңтарда
мемлекеттік тіркеу тізіліміне №5237 болып енгізілген
Ақтөбе қаласы №84 2016 жылғы 12 желтоқсан
Ақтөбе облысының аумағында
жануарларды асырау Қағидаларын
бекіту туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының
2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 406-бабына және «Қазақстан
Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару
туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының
6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ
ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының аумағында
жануарларды асырау Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
А. ТУЛЕГЕНОВА С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84
облыстық мәслихаттың шешімімен
бекітілген
Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау
Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидалары
(бұдан әрі-Қағидалар) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан
Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі
Кодексіне
,
«Қазақстан
Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және
«Ветеринария туралы»
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі
Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
3. Қағидалар меншік нысанына қарамастан, жануарларды асырайтын
барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жануарлар - фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл
шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар;
2) қаңғыбас жануарлар - адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай
еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті үй
жануарлары;
3) ветеринарлық анықтама - уәкілетті органмен бекітілген тиісті
әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы,
жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті
атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың
ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан
алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге
сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған
ветеринариялық дәрігері беретін құжат;
4) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - ветеринария
саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз
өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы
орган;
5) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы
құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі,
жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
2
6) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру - жануарларды
бірдейлендіру жөніндегі деректер қорына жануарлар туралы мәліметтерді
енгізу және жануарларға арналған ветеринариялық паспорт беру арқылы
бірдейлендіру құралдарын (заттарын) қолдану, таңбалау жолымен жануарға
жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;
7) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының
профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда,
олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға;
жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар
жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып
қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен
адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ
аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер
кешені;
8) дезинфекция, дезинсекция және дератизация – жәндіктер мен басқа да
буынаяқтыларды, инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын
және кеміргіштерді жою жөніндегі кешенді іс-шаралар.
2. Жануарларды асырау тәртібі
5. Ауыл шаруашылығы жануарларын тұрғын үйлерден, пәтерлерден,
мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, хайуанаттар
бақатарынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру, сауда, тамақ өнеркәсібі
кәсіпорындарынан, көпшілік демалыс орындарынан, балаларды сауықтыру
лагерлерінен, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан,
артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның салаларынан
қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған (жабық) орындарда,
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11124 болып
тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы №237 бұйрығына сәйкес ұсталуы керек.
6. Ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау барысында жеке
аулаларда ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жабдықталған орындарда
асырауға жол беріледі.
7. Санитарлық, су қорғау аймақтарында, көшелерде, алаңдарда,
гүлзарларда, ауыл шаруашылық жерлерінде, басқа қоғамдық көпшілік
пайдаланатын орындарда қараушысыз жүрген жануарлар, қараусыз жануарлар
болып есептеледі және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың,
ауылдық округтің әкімімен белгіленген, уақытша асырау үшін арнайы
жабдықталған орынға иесі анықталғанға дейін қамалуы тиіс.
8. Егер жануарлардың меншік иесінің тұрған жерi белгiсiз болса,
жануарларды ұстап алған адам осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш
3
күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы iшкi iстер органдарына және
аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне
мәлiмдейді, олар меншiк иесiн iздестiру шараларын қолданады.
9. Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде, жануарлар, оларды
ұстап алған адамның өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдырылуы, немесе
арнайы жабдықталған орынға уақытша тапсыруға тиіс.
10. Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мәлiмделген
кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде
олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы
мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және
пайдаланған адамға көшедi. Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне
алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi.
11. Жануарлар басқа адамның меншігіне көшкеннен кейін олардың
бұрынғы меншік иесі келген ретте, ұстап алынған қараусыз жануарларды
иесіне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі Қазақстан
Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің
246-бабымен анықталады.
12. Қаланың, ауданның және ауылдық округтердің тұрғын үй қорының
пәтерлерінде (көп пәтерлі тұрғын үйлер) ауыл шаруашылығы және жабайы
жануарларды асырауға жол берілмейді.
13. Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі және басқа ұйымдар
мен мекемелердегі зоологиялық бұрыштарда жануарлар мен құстарды
асырауға, ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы
уәкілетті органның келісімі бойынша жол беріледі.
14. Асыл тұқымды жануарларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы, үй
және жабайы жануарларды молықтырумен, өсірумен, көбейтумен, асыраумен
айналысатын жеке және заңды тұлғалар:
1) ауыл шаруашылығы, үй және асыл тұқымды жануарларды уақытылы
бірдейлендіруді;
2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл
шаруашылығы, үй және асыл тұқымды жануарларға уақтылы вакцина егуді
және диагностикадан өткізуді;
3) оның түріне, жасына және физиологиясына сәйкес жануарлардың
денсаулығына, әл-ауқатына қамқорлықты және пайдалануды;
4) айналадағы адамдардың және жануарлардың, сондай-ақ
жануарлардың зиян келтіруінен мүліктің қауіпсіздігін;
5) уақытша оқшаулауды және биостерилизациялауды қолдану жолымен
жануарларда қажетсіз тұқымның пайда болуының алдын алу бойынша
шаралар қолдануды;
6) жануарлармен көлік жолдарының жанынан және одан өту кезінде
олардың мінез-құлқын тікелей бақылау арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін
сақтауды;
4
7) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) нормалар мен қағидалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз
етеді.
15. Жануарлардың иелері:
1) жануарлардың ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ветеринария
саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген,
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды сақтай отыра,
ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруы;
2) хайуанаттар бақтарындағы, цирктердегі, омарталардағы,
аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды асырауды, өсiруді
және пайдалануды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар
мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес жүзеге асыруы;
3) қоршаған ортаның ластануына жол бермей, аумақты, мал
шаруашылығы жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын
өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды
ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық)
қағидалар
мен
ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауы;
4) асыраумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен
(союмен), сақтаумен, өңдеу және өткізумен, сондай-ақ орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілерді тасымалдаумен (орнын ауыстыруға)
байланысты, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және
қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға
беру кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды
сақтауы;
5) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті
атқарушы органдардың бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған
мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-
санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның
(олардың) сойылғаны мен өткізілгені туралы;
өлген, бiрнеше жануарлар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс
мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауы және ауруға күдіктену кезінде
жануарларды ветеринария саласындағы мамандар келгенге дейін оқшаулап
асырауға шаралар қабылдауы;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық
тексеру үшiн мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға,
мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге кедергiсiз беруі;
7) мемлекетті кветеринариялық – санитариялық инспекторлардың,
мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің актілерін орындауы;
8) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды
өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне
ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуі;
5
9) жануарларды карантиндеуді жүргізуі қажет.
16. Кеміргіштермен күрес бойынша алдын алу іс-шаралары
кеміргіштердің жемшөп, тіршілік ету және көбею орындарына жетуіне кедергі
келтіретін жағдайлар жасаудан тұрады.
17. Жануарларды асырау қызметі процесінде пайда болатын биологиялық
қалдықтар, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№11003 болып тіркелген, «Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №16-07/307 бұйрығына сәйкес жойылуға
жатады.
18. Санитариялық және су қорғау аймақтарының шекараларында ауыл
шаруашылығы жануарларын ұстау, өсіру және бағу Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасының шарттарына сәйкес
белгіленеді.
3. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағуды ұйымдастыру
19. Жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасы негізінде қалалардың,
кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері шешім шығарады және елді мекен
жерлерінде жеке сектордың ауыл шаруашылығы малдарын бағуды
ұйымдастырады.
20. Ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы жерлерде малдарды бағу
жүктемесі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№5145 болып тіркелген, «Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің
шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы
елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық
нормативтерін бекіту» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы №28 бұйрығына сәйкес қолданылады.
21. Көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, темір жол және автомобиль
жолдары иелігіндегі аймақтарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда,
сондай-ақ басқа да ортақ қолданылатын жерлерде ауыл шаруашылығы
жануарларын жаюға жол берілмейді.
4. Қорытынды ережелер
22. Облыстық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор
мен оның орынбасарлары және облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторлар осы Қағидалардың сақталуын
бақылауды және шаралар қолдануды өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.
23. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін, жануардың иесі «Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі
Кодексіне
сәйкес жауаптылықта болады.
6
Document Outline - 4. Қорытынды ережелер
- 23. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін, жануардың иесі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
Достарыңызбен бөлісу: |