33Жүкті 25 ж әйел есепке тұруға келген, қолында УДЗ қағазы жоқ, және УДЗ өтуге қарсылық білдіріп отыр. Жүктiлерде УДЗ скринингтiң негiзгi мақсаты қандай:
нәрестенің туа пайда болған даму ақауларын анықтау
жүктілік мерзімін нақтылау
қағанақ суы мөлшерін анықтау
бала жолдасының орналасуын анықтау
нәрестенің жынысын анықтау
34>Босанушы 24 ж патология бөлімінде теміржетіспеушілік қан аздық пен ем қабылдап жатыр. Кезекті дәрігердің тексерісінде кардиотокография тағайындады. Кардиотокографияның қолдану мақсаты
нәресте жүрек соғысына байланысты гипоксияны және оның дәрежесін анықтау
нәресте жүрек соғысының жиілігін анықтау
жатыр жиырылу әрекетін анықтау
нәрестенің биофизикалық жағдайын анықтау
нәресте ақауларын анықтау
35Босанғаннан 29 ж әйел физиология бөлімінен обсервация бөліміне ауыстырылды. Босанғаннан кейін обсервациялық бөлімге ауыстыру көрсеткіштері
қалтырап дене қызуының 38 ден жоғары көтерілуі
анемия
қан кету
бірқалыпты дене қызуының 37 көтерілуі
аралықтағы тігіс
36Перзентханаға 26 ж әйел толғақпен келіп түсті, тексеру барысында күніге 6 рет іші өткені анықталды. Дизентерияға күдік туындады. Акушерлік стационарда эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруға жауап береді:
перзентхана эпидемиологы
перзентхана бас акушеркасы
бөлім меңгерушісі
бөлімнің аға акушеркасы
инфекциялық бақылау комиссиясы
37Н атты перзентхана акушеркасы уақытша жұмысынан босатылды. Перзентханаға акушерка қай кезде жұмысқа қабылданбаиды
медициналық тексерістен өтпеген
созылмалы пиелонефрит болса
жедел трахеобронхит
қызылша , желшешек , ауруларымен ауырса
көз ауруларымен
38Босанушы Р 27 ж , жүктілігі 20 – апта, мерзімінен бұрын босану барысында 1400 гр бойы 40 см жетілмеген нәресте дүниеге әкелді. Перинаталды өлім анықталады
өлі туылғандар және ерте неонаталдық өлім саны
антенаталды және итранаталды өлген нәрестелердің саны
постнаталдық өлім
өлі туылған нәрестелердін саны
дұрыс жауап жоқ
39Қабылдау бөліміне жедел жәрдем машинасымен босанған 27 ж әйел келіп түсті. Жедел жәрдем машинасында босанған әйелді қайда жатқызады
обсервациялық бөліміне
физиологиялық босану бөліміне
физиологиялық босанғаннан кейінгі бөліміне
инфекциялы ауруханаға
үйіне жіберіледі
40Қабылдау бөліміне босанушы 35 жаста, жүктілігі 39-40 апта, есепке тұрмаған ф№113 жоқ, тексерістен өтпеген, ішінің қатты толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданып түсті. Әйелді обсервация бөліміне көтерді. Обсервация бөлімі не үшін арналған
босанушы, босанған ана мен бала ауырғанда жататын бөлім
патология бөлімі
босанғаннан кейінгі бөлім
қабылдау бөлімі
дұрыс жауабы жоқ