Босану кезіндегі нарестелердің жарақаты, перинатальды аурулардың және нәресте өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Босану жарақатында жиі кездесетін аурулардың бірі бас миының жарақаты, омыртқа және жұлынның босану кезіндегі жарақаты өзекті мәселелердің бірi. Осыған орай босану кезіндегі нәрестелердің жарақаттарын алдын алу мақсатында, түрлі іс шараларды қолға алуымыз тиіс.
Босану жарақатының түрлері
1. Кефалогематома.
2. Иық өрімінің жарақаты (плечевого сплетения)
3. Бас сүйегінің, омыртқаның, бұғананың, иық және жамбас сүйектерінің сынуы.
4. Төс-бұғана-емізікше тәрізді бұлшықеттің жыртылуы.
Босану жарақатымен туылған нәрестелерді жүргізу тактикасы:
Босану кезінде орталық және шеткері жүйке жүйесінің жарақатымен туылған нәрестелерді қауіп дәрежесіне қарай диспансерлік есепке алады. Әр 2-3 айлығында педиатр мен невропатологқа қаралады.
Нәрестенің ата-анасы балысының еміне қарқынды түрде қатысады. Оларға жүйке жүйесінің зақымдалуы ұзақ үрдіс екенін түсіндіру қажет, сондай әдістерді үйрету қажет. Массаж, емдік гимнастика т.б
Диагностикасы және емі
Диагностикасы:
УДЗ, рентген, нейросоногафия, ми қан тамырларының доплерографиясы.