Атомдағы электрондардың қозғалысы Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері



бет16/21
Дата14.10.2023
өлшемі2,13 Mb.
#113877
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Тапсырма1. Неліктен ит үңгіріндегі көмірқышқыл газы адам денсаулығына теріс әсер етпегенін түсіндіріңіз?
А) көмірқышқыл газы адамның тыныс алуына әсер етпейді
Б) көмірқышқыл газы иіссіз, түссіз, ауаға қарағанда жеңіл газ.
В) көмірқышқыл газы улы, түссіз, ауадан жеңіл
Г) көмірқышқыл газы иіссіз, түссіз, ауадан ауыр
Көмірқышқыл газын ауа сапасын бағалау үшін қолданылады, өйткені оны жоғары дәлдікпен өлшеуге болады және адам ағзасының күйіне қатты әсер етеді. Оның концентрациясы бойынша ауадағы басқа зиянды заттардың құрамы да бағаланады. Көмірқышқыл газын адамдар, жануарлар мен өсімдіктер шығарады, мысалы, адам ағзасы күніне шамамен 1 кг көмірқышқыл газын шығара алады. CO2 концентрациясы мен толқу сезімі арасында тікелей байланыс бар. Бұл сезім сау адамда 0,08% деңгейінде пайда болады (яғни 800 ррм). Мысалы, мектептер, жоғары оқу орындары және басқа да оқу орындарында көмірқышқыл газының оңтайлы шоғырлануы 800-1000 ppm-ден аспайтын көрсеткіштер болып есептеледі. Көмірқышқыл газының концентрациясы PPM-де бағаланады (миллионға бөліктер) — 1 текше метр ауаға СО2 текше сантиметрінің мөлшері. Яғни, бөлмедегі CO2 деңгейі 800 ppm болғанда-бұл ауаның 1 м3 құрамында 800 см3 СО2 немесе 0,08%. Жоғары концентрацияда көмірқышқыл газы улы, ол тұншықтыратын газдардың IV қауіптілік класына жатады. Ауадағы СО2 концентрациясының жоғарылауымен (0,15% -0,2% немесе 1500-2000 ppm) ұйқышылдық пен әлсіздік пайда болады.
Көмірқышқыл газдын көп мөлшелері тек тірі ағзаларға емес жалпы табиғатқа да әсер етеді. Мысалы, парниктік эффект тудыратын газдардың бірі-көмірқышқыл газы. Science Advances басылымының хабарлауынша, зерттеушілер тобы кеуекті никель-органикалық фотокатализатор жасады.

Бұл материал атмосферадан көмірқышқыл газын жинайды және оны сутегі отынын алуға болатын көміртегі тотығына айналдырады. Сонымен қатар, күн сәулесінің энергиясы реакциялар каскадын іске қосу үшін энергия көзі ретінде қолданылады. Зерттеу авторы Хаймэй Чжэннің айтуынша, "Жарықпен белсендірілген материал көмірқышқыл газын көміртегі тотығына айналдыру арқылы құнды отын жасайды, сонымен қатар атмосферадағы көмірқышқыл газын азайту арқылы жаһандық жылынуға қарсы тұруға көмектеседі.
Тапсырма 2.
Дұрыс мәлімдемелерді таңдаңыз:
1. Көмірқышқыл газдың адам денсаулығына қауіптілігі мөлшелеріне байланысты
2. Көмірқышқыл газында көміртектің валентілігі ІІ тең
3. Көмірқышқыл газы металл оксидтерінен металды тотықсыздандырады
4. Көміртек оксидтері суда нашар ериді
5. Көмірқышқыл газы-тұз түзбейтін оксид
6.Иіс газы ауадан ауыр
7. Көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы "парниктік эффект" тудырады»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет