1-тапсырма: Ас тұзының қай түрін тағамда қолдануға болады?_______________________
2-тапсырма: Тұзды мөлшерінен артық пайдаланса6 кейбір ауруларға әкеледі. Ауру түрлерін ата: __________________________________________________________________
3-тапсырма: Ас тұзын Қазақстанның қай өңірлерінен алады? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4-тапсырма: Ас тұзының NaCl диссоциациялану теңдеуін жаз, қайсысы катион және анион болады? Себебін түсіндір: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5-тапсырма: Теңіз суындағы тұздардың үлесі 3,5%-ға жетеді. 300г теңіз суын буландырса, қалған қалдықтың массасын есепте. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Көміртек екі оксид құрайды: иіс газы және көмірқышқыл газы. Көміртек моноксиді-улы газ, оның ауадағы аз концентрациясы тұншығуға және өлімге әкелетінің білесіздер. Енді көмірқышқыл газының адамдар мен жануарлар үшін қаншалықты қауіпті екенін қарастырайық.
Италияда 18-19 ғасырларда туристер үшін ең сүйікті орын «Ит үңгірі» деп аталатын орын болған. Гидтер өз клиенттерін үңгірге алып келіп, оларға қызықты тәжірибені өз көздерімен көруді ұсынатын. Үңгірге өз иттерімен кірген адамдар біраз уақыттан кейін үй жануарларының әл-ауқаты нашарлағанын байқайтын, егер оларды тез арада үңгірден таза ауаға шығармаса, есін жоғалтып, өлетін. Ал адамдар болса үңгірде ешқандай ыңғайсыздық сезбейтін. Құпия неде болды? Жануарлардың әл-ауқатының күрт нашарлауының себебі үңгірдің түбінде жиналған көмірқышқыл газы болды.