156
қызметін білім беру философиясымен ұштастырған. С.Аманжолов алдыңғы ғалымдардың
көзқарастарын жалғастырып, тілтанымды тұжырымдай келе, тіл арқылы қоғамның фило-
софиялық ойлауын, түсінігін анықтауға тырысқан. Сонымен философия ғылымында таным
теориясы тілдің танымдық қызметімен тығыз байланыста зерттелуде. Таным теориясының
мазмұнын терең түсінген А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов қазақ тіл білімінің не-
гізін қалыптастыруда философия ілімінің басты бағыттарын зерттеулеріне арқау етіп, тілдің
құрылымдық жүйесін, тіл тарихын, тілдің танымдық табиғатын тұтас қарастырады. А.Бай-
тұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов тілдің танымдық болмысын оқыту – адамның дүние-
танымының кеңеюіне, санасының жетілуіне ықпал етіп, адамгершілік, ұлттық, мəдени-руха-
ни құндылықтарды бағалауға жетелейді деп түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: