Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет13/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   255
Байланысты:
zhinak

А Ң Ы З Ұ С Т АЗ
А.С.Қыдыршаев,
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
мəдениет жəне өнер факультетінің деканы, 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Шəкірт кезімізде лингвист ғалымдар сапынан күніне бір парақ қағаз жазбаса«күнім 
мағынасыз өтті» деп қынжылатын сирек адамдардың қатарынан профессор Нұржамал Орал-
байқызын ұзын құлақтан естуші едік. Таңғалушы едік. Кейін тағдыр айдап сол ұстазымыз-
дың шəкірті атандық, растығына көзіміз жетті. Мақтаныш еттік. Əрине, негізсіз ештеңе жоқ 
қой. Бұл секілді тынымсыз да құлашты еңбекқорлық ғалым апамызға ұстазынан, ғылыми 
жетекшісі Сəрсен Аманжолұлынан дарыған болар деп түйдік. Өз кезегінде тіл өнерінің май-
талман жүйрігі, қазақтың атақты лингвист ғалымы С.Аманжолұлы туралы «Орал өңірі» га-
зетіне жазғанбыз (1996 ж., 19 желтоқсан, №136).
Қазақ тіл білімі ғылымында филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал 
Оралбайқызының сіңірген еңбегі, өз алдына қалыптастырған тағылымдымектебінен қазіргі 
буын ғана емес, келешек ұрпақ та ғибрат алары даусыз. Бар ғұмырын қазақ тілінің грамма-
тика, сөзжасам, қазақ тілін оқыту əдістемесі салаларын зерттеуге арнаған қазақтың біртуар 
қызы мерейлі 90 жаста. Осы тұста ғалымның ғылымдағы өзіндік қолтаңбасы мен қалыпта-
стырған мектебі, тіл білімі ғылымын жетілдірудегі, жаңалық əкелудегі жетістіктеріне тоқта-
лу орынды. Əрине, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, академик 
Нұржамал Оралбайқызы Оралбаеваның ғылыми шығармашылығының ауқымы аса кең. Бел-
гілі лингвист ғалым Нұржамал Оралбайқызы 1971жылы «Қазақ тіліндегі етістіктің анали-
тикалық форманттары» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, қазақ тіл біліміне 
мол жаңалық енгізген-ді. Аталған ғылымизерттеуде ғалым Нұржамал Оралбайқызы грам-
матикалық даму заңдылықтарының нəтижесінде етістіктің лексикалық мағынасынан айы-
рылып, грамматикалық қызметке көшкен көмекші етістіктер табиғаты, көмекші етістіктердің 
өте жоғары дəрежеде абстракциялануы, олардың грамматикалық мағыналарының кеңеюі, 
түрлі категория мағыналарының көрсеткіштеріне айналуы, тұрақталуы танылып, көмекші 
етістіктердің грамматикалық категориялар көрсеткіштері қызметтеріндегі мағыналық ерек-
шеліктері сараланды. Бұл орайда айтарымыз, академик Н.Оралбайқызы – сөздердің анали-
тикалық формасы туралы теорияны қазақ тіл біліміне тұңғыш рет енгізіп, осы сала-
ның іргетасын қалаушы. Ал оның қазақ тілі грамматикасындағы аналитикалық құрылым 
мəселесіне арналған монографиялық еңбектері («Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің ана-
литикалық формалары», 1975; «Қазіргі қазақ тіліндегі аналитикалық форманттардың 
құрылысы мен мағынасы», 1979) түркология ғылымында кең танымал болып, тіл білімінің 
теориясына қосылған қомақты үлес ретінде жоғары бағалануы оған дəлел. Осы еңбектер 
негізінде Нұржамал Оралбайқызы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде осы уақытқа 
дейін дұрыс шешімін таппай келген тілдік құбылысты қимылдың өту сипаты категориясы 
тұрғысында танып, оны қимылдың жасалуы мен қимылдың даму сатысынан тұратындығы 
қалпында айқын дəлелдеп, олардың берілу жолдары мен көрсеткіштерін толық сипаттаған. 
Ал аталмыш еңбектер қазақ тілінің грамматикалық құрылысының синтетика-аналитикалық 
сипатын дəлелдеген ғылымда мүлдем жаңа бағыт болды. Демек, ғалым – қазақ тіл білімінде 
тұңғыш рет қимылдың өту сипаты категориясының ғылыми негізін қалап, оны ғылыми ай-
налымға түсіруші. Н.Оралбайқызының зерделеуінің нəтижесінде бұл категория жоғары оқу 
орындарына арналған А.Ысқақовтың авторлығымен шыққан «Қазіргі қазақ тілі» (морфоло-
гия) оқулығына 1974 жылы енгізіліп, кейінгі басылымдарда да орын алуда. Мəселен, Нұржа-
мал Оралбайқызының аналитикалық форма идеясы, теориясы қазақ тілі морфологиясында 


24
қалыптасқанына, орныққанына толық дəлел ретінде 2002 жылғы жарық көрген «Қазақ грам-
матикасында» да берілуін айтуға болады. Ғылыми идеяның оқулықтар арқылы қолданысқа 
түскені, монографиялар арқылы жарыққа шығып, көпшілікке таныс болуы, таралуы – зерт-
теу нəтижелерінің ғылыми жаңалық ретінде жоғары бағалануы. Нəтижеде Н.Оралбайқызы 
қазақ тіл білімін қазақ тілін орыс тілі заңдылықтары тұрғысынан зерттеу нəтижесінде қазақ 
тіл біліміне «вид» категориясы теориясын енгізуге тырысқан жалған ағымнан арылтты. Осы 
орайдағы зерттеу қорытындысында қазақ тілінде «қимылдың өту сипаты» категориясы бары 
дəлелденіп, оның мағыналық құрамы, категориялық мағыналарының берілу жолдары көр-
сетіліп, көрсеткіштері анықталды. Ғалымның осы мəселедегі зерттеуі морфологияның бұрын 
белгісіз жаңа грамматикалық категориясын ғылымға қосып, ол морфология оқулықтарында 
орнығып, əбден танылды. Бұл – ғалымның осы мəселедегі жанқиярлық еңбегінің, ғылымға 
қосқан үлесінің ауқымдылығының айқынайғағы. 
Н.Оралбайқызының ғылымдағы ірі жаңалықтарының бірі – нөлдік морфема мен нөл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет