16
Елімізде «үштілділік» деп үш тілді өз бетінше оқытуды түсіну басым. Бұл дұрыс емес.
Өйткені үштілділік деген – біртарапты тілдік құбылыс, ал үш тілді өз бетінше оқыту – əр та-
рапты тілдік құбылыс. Үштілділік құбылысы бір тілге негізделеді, мысалы, қазақ-орыс-ағыл-
шын үштілділіктің негізгі сыңары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мəртебелі тілі.
Егер қазақ-орыс-ағылшын үштілділігінің негізгі сыңары халықаралық тілдердің бірі болса,
қазақ тілі қолданыстан шығып қалуы əбден мүмкін.
Қай тіл болмасын, негізге алынған тіл өзге екі тілмен туыс болса, салыстырмалы əдіс
қолданылады, ал егер туыс болмаса (мысалы, ағылшын, орыс тілдері сияқты), ондай жағдай-
да контрастивтік лингвистикалық (яғни салғастырмалы лингвистикалық) əдіс-тəсілдер қол-
данылады.
Біздің елімізде қазақ-орыс-ағылшын үштілділігін сауатты түрде дамыту үшін
қазақ
тілі материалдары контрастивтік лингвистикалық тұрғыдан салғастыруға түсуі шарт. Міне,
осы тұрғыдан келгенде біздің нақты тірегіміз – Н.Оралбай мен отандас əріптестерінің,
шəкірттерінің зерттеу нəтижелері.
Əлбетте, қазақ-орыс-ағылшан үштілділігін жан-жақты дамыту шетелдік ғалымдар-
дың ғылыми еңбектерінің нəтижелері де тиісті дəрежеде ескерілуі тиіс. Мысалы, қазақ тілі
негізі модель болса, орыс ғалымдары А.А.Потебня, Ф.Е.Корж, Е.Д.Поливанов, В.А.Богоро-
дицкий, И.А. Бодуэн де Куртенэ, Л.В.Щерба, А.Н.Тихонов, П.А.Соболева еңбектері де салы-
стыруға түсуі тиіс.
Сондықтан шетелдік ғалымдар В.Дресслер, Х.Брекле, Л.Липки, Т.Репер, В.Мотила,
М.Халле сияқты ғалымдардың тұжырымдары ескертілуі керек.
Айта кету керек, тілшілеріміз қазақтың соңғы жылдары пайда болған сөзжасамдарын
жиып – теріп «Қазақ сөзжасамын» түзеуі тиіс. Бұл үшін алдымен Н.Уəли бастаған сөздіктер
тобы шығарған «Қазақ сөздігі» мен Ғ.Қалиев шығарған сөздіктерін сүзіп шығу керек. Мұ-
ның үстіне жергілікті сөзжасамды Ш.Ш.Сарыбаев басшылығымен жарық көрген «Аймақтық
сөздік» бойынша жинау керек.
Бұл ретте сөзжасам түрлерін, терминологиялық сөз тіркесін ажырата алу шарт.
Күллі қазақ сөзжасамының тарихи тегін анықтайтын кез жетті. Мұның да қайнар көзі
бар, ол – Н.Оралбайқызының, оның əріптестері мен шəкірттерінің еңбектері.
Қазақ сөзжасамының сырбаз да сыралғы сыншысы Нұржамал Оралбайқызы – қазақ тілі
сөзжасамының тамсандыра түйсіндірер тағылымды шежірешісі. Ғалымның басшылығымен
жүзеге асқан «Қазақ тілінің сөзжасамы» қазақ-орыс-ағылшын үштілділігінің контрастивтік
лингвистикалық тұрғыдан сомдалуымен жүзеге асуы тиіс.
Қорыта
айтқанда, əзіз Нұржамал Оралбайдың сөзжасам туралы зерттеулері, мазмұны
мен ішкі жүйесі жағынан маңызды да мəнді. Ғалымның зерттеулеріндегі сөзжасам танымдық
пайымдаулары тіл білімі теориясы тұрғысынан тетігін тауып қалану үстінде,
заманымыз-
дың магистрант, докторанттарының іргелі зерттеулерінің сыр сандығының бірегей қозғаушы
күшіне айналуда.