Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет183/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   255
Байланысты:
zhinak

Пайдаланылған əдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолда-
уы.
2.Ф.Ш.Оразбаева., Р.С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту əдістемесі. Алматы, 2005 ж.
3. Оразахынова Н.А. Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми-əдістемелік не-
гіздері. (монография). Алматы, 2007. –287 б.
4. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/ Тұрсынова 
Г.Т – Астана: «Арман-ПВ», 2013 жыл.
ҚАЖЫМ БАСЫМОВТЫҢ ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУҒА 
ҚАТЫСТЫ ƏДІСТЕМЕЛІК КӨЗҚАРАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КҮНМЕН 
САБАҚТАСТЫҒЫ
Карабаев А.Т.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты,
Resume
Views of scientifi c methodist K. Basymova on grammar teaching are widely considered in 
this article, from the point of view of modern scientifi c methodic.
Қазіргі қазақ тілінің əдістемесі туралы сөз қозғалғанда даму тарихында сан жылдар бойы 
тəжірибе жинақтаған əдістеме ілімінің алғашқы қарлығаштарын, сара жол салушы көшбас-
шыларын тілге тиек етпеу мүмкін емес. Себебі аталмыш ғылым саласының өсіп-өркенде-
уі, дамуы, ғылымға айналуы, жетістіктері мен табыстары тарихи фактілермен қоса, əрине, 
ғылымды жасаушы, халықтың игілігіне жаратушы жеке азаматтардың, тұлғалардың еңбек-
терімен тығыз байланысты. Мысалы, əдістемені ғылымға айналдырушы ғалымдарымыздың 
қатарынан Ахмет Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ш.Х.Сарыбаев, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгеров, Қ.
Басымов, С.Жиенбаев, Е.Омаров, Ғ.Бегалиев, Н.Т.Сауранбаев, І.Кеңесбаев сынды көптеген 
тұлғаларды айта кетуге болады. 
Сөз жоқ, бұлар қазақ тіл білімі мен əдістемесінің іргетасын қалаушылар, əрқайсысының 
тарих алдындағы орны ерекше. Олардың əдістемелік мұралары əлі күнге дейін өз мəнін жой-


317
май келеді. Сондықтан да студенттер, оқытушылар, ұстаздар, ғалымдар əдістеменің белгілі 
бір мəселесімен шұғылданғанда осы əдістемелік мұралардан аттап өте алмайды, себебі қазақ 
тілін оқыту ілімінің тарихына көз салмайынша немесе зерттемейінше, əдістеменің əлеміне 
қалам тарту мүмкін емес екені баршаға аян. Бұл тұрғыдан алғанда Қажым Басымовтың ғылы-
ми-əдістемелік мұрасы ѳте бай. Тек қазақ тілін оқыту əдістемесіне арналған еңбектерінің 
өзі жеке, терең ғылыми зерттеуді қажет етеді. Əдістеме іліміне қатысты көзқарастары мен 
ой-пікірлері ана тілі əдістемеміз үшін құнды. Солардың бірі – 1938 жылы «Ауыл мұғалімі» 
журналының №14 санында жарияланған «Грамматиканы оқыту жөнінде» атты ғылыми-əді-
стемелік мақаласы.
XX ғасырдың басында əлемдік əдістемеде кең жайылған идея – орфографияны грамма-
тикамен тығыз байланыста оқыту болды. Осы идеяны басшылыққа ала отырып Қ.Басымов-
тың да негізгі көңіл бөлген мəселесі - грамматиканы оқыту əдістемесі. Өйткені грамматика 
– тіл оқыту əдістемесіндегі ең күрделілердің бірі, грамматика – тіл теориясы.
Əдіскер-ғалымның пікірінше, «Грамматика құрғақ, қисын жаттау үшін оқылмайды. Схе-
малық жолды қуалап, түрлі форманың жалаң артына түсумен ешнəрсе шықпайды. Осы си-
яқты бір қыңыр мағынасын қуалап, түрден қол үзіп қалуға да болмайды. Екі жағын тең ұстау 
керек болады» [1,79].
Яғни ғалым грамматика жалаң мағынасы мен түрі үшін ғана оқылмайды, тұрмысқа ке-
ректігі үшін, грамматикадан алған білімін қоғамымыздың қай саласына болса да қару етіп 
жұмсауға күші жету үшін оқылуын көздейді. Əдіскер тіл салаларынан тұратын күрделі грам-
матиканы оқыту үшін ұстаздар қауымына мынадай əдістемелік талап-тілегі мен шартын қо-
яды:
«Грамматиканы оқыту үстінде қоғамның тарихи өсуі, тап тартысы тексеріледі. Тілдегі 
түрлі сөз элементтерін зерттете отыра, əр кезеңдегі қоғамның өзара қатысы да ашыла бары-
лады. Бұлардың шаруашылық, мəдениет жағдайлары да, өндіріс күші де көзден таса қал-
майды. Грамматиканың осы жақтарымен байланыстырмаса, тілді қатпа түрде бөліп алып, 
оқушылардың дүниетануына шек қойған болар едік. Бұл – бір».
«Екінші, грамматиканы оқыту үстінде оқушылардың шығармалық талантына да көмек 
беріліп, баулып отырылады. Оқушылардың сөйлеу тілі де қабаттасып, грамматиканың əр та-
рауына ілесе, өз уақытында жаттықтырылып отырылады. Орта, орталау (жеті жылдық) мек-
тепті бітірген кейбір оқушылардың осы күнге дейін не өз ойын түсінікті етіп сөйлей алмауы, 
не ойын дөңгелетіп қағаз бетіне түсіре алмауы, грамматика оқытушысының кемшілігінен 
деп білуіміз керек».
«Үшінші, грамматика кѳркем əдебиетпен байланыспай тұрмайды. Грамматиканың əр та-
раулы білімін жаттықтыруда өзіне сай мөлшерде көркем əдебиеттен көніктіру үзінділері алы-
нып отырылады. Бұл үшін əрі дұрыс, əрі анық оқу, жете түсініп талқылау керек болады. Бұл 
жөнінде грамматика мен кѳркем шығармалар бірігіп, бір-біріне көмек етеді. Оқушылардың 
жан-жақты білім дамуы күшейеді.
Осы айтылғандардың бəрін бір бүтін етіп, бір жерге түйіп оқытқанда, грамматикадан 
көздеген мақсат толық орындалуы мүмкін. Əдеби тілімізді өркендетуге грамматика мұрын-
дық болуы мүмкін» [1,79].
Мұндағы ғалымның үш шарт, үш мақсат жайында айтқан əдістемелік көзқарасынан қазір-
гі қазақ тілін оқыту əдістемесі ғылымынан, əдіскер ғалымдарымыздың еңбектерінен өзара 
сабақтастықты аңғаруға болады. Мысалы, көрнекті методист-ғалым Асхат Əбілқаевтың 1995 
жылы лингвистика, педагогика, психология жəне əдістеме ғылымдарының жетістіктеріне, 
озық тəжірибесіне негізделіп жарыққа шыққан «Қазақ тілін оқыту əдістемесі» еңбегінде де 
қазақ тілін оқыту мақсаттары да үш топқа біріктірілген.
Қажым Басымовтың алғашқы шартында оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіз-
дерін беру, тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам 


318
ѳмірінде аса қажетті екендігін түсіндіруін баса айтады. «Грамматиканың осы жақтарымен 
байланыстырмаса, оқушылардың дүние тануына шек қойылатынын» ескертеді.
Екінші шарты – грамматиканы оқыту үстінде оқушылардың шығармашылығына 
көңіл бөліп, үнемі баулып отыру. Ғалымның пікірі қазіргі заман қазақ тілі пəнінің міндет-
тері болып отырған заман ағымына сай біліммен қаруланған толыққанды тұлға дайындау 
мен оқушылардың шығармашылық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу 
дағдыларын дамытуға саяды. Грамматикалық заңдылықтарды меңгерту, оқушының тілін 
дамыту үрдісі, орфографиялық тұрғыдан ѳз ойын дұрыс сауатты жаза білу, сонымен қа-
тар əр тақырыпты жан-жақты талдау Қажым Басымовтың көздеген мақсат-тілегі деуге 
болады.
Грамматика кѳркем əдебиетпен байланыспай тұрмайды. Тіл əдебиетке қызмет ете оты-
рып, əдебиеттің де өзіне қызмет атқаруын қажет етеді. Бұндай байланыс көбінесе тіл мен 
əдебиет пəндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту, 
дамыту жүмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйле-
уіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарында мəнерлеп 
оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя 
білу т.б.) жол ашылады. Қажымның үшінші шарты да осы тұрғыдан қойылған.
Бұл жоғарыда аталған нұсқау-тілекпен қатар, ғалым грамматиканы сабақ үстінде қалай 
өткізу тəртібін де ұсынады. Олар:
1 «Грамматикадан оқылатын күнделікті сабақтың материалдары сатылы, жүйелі жолмен 
өтіледі. Берілетін сағат мөлшеріне қарай өтілетін білім көлемі дəл пішіледі».
2. «Грамматиканың өтілетін материалдары бір-біріне жалғасып, бірін-бірі толтырып, 
дами барылады. Сабақтың мазмұны күрделене жеңілден ауырға көшіле барылады».
3. «Жоспар бойынша ѳтілетін əр тақырыптың мақсаты түсіндіріліп, айқындалады. 
Өтілетін тақырыптың беретін пайдасына оқушылардың көздері жеткізіледі».
4. «Грамматиканың əрбір өтілетін материалы тек түсінікпен болмаса қисындарын білу-
мен шектелмейді. Сол білімі қолма-қол іс жүзінде, практикада жаттықтырылады. Өтілген 
материалға қарай оқушылардың өздеріне жұмыс істеттіріледі».
5. «Грамматиканың өтілген материалдарынан бірте-бірте тілдің заңды құбылыс екендігі 
ашыла барылады. Қоғамның экономика, мəдениетіне, өнеркəсібіне, өзара қатысына қарай 
тілдің өсіп жетілгендігі бақылата барылады».
6. «Грамматиканың қандай бөлімі, қандай элементтері оқылса да, түрі, мазмұны бірдей 
байланыстырыла жүргізіледі. Бұлардың бір-біріне байланыста өсіп дамуы, бір түрге бір неше 
мағына, бір мағынаға бір неше түр келіп тіркесуінің себебі ашыла барылады».
7. «Тілдің мағынасы да, түрі де қоғам тұрмысына байланысты, əр кезеңдегі қоғамға, өн-
діріске қарай құбылып отыратындығы зерттеледі. Мысалы, бұрынғы «жарыс, ақсақалдың» 
қазіргі мағынасы жəне біріккен, тұжырымды сөз түрлерінің шығуын айту сияқты».
8. «Грамматикалық атауларға жетілдіру. Осы күнге дейін ала-құла болып келген атау-
лардың бір ізге түскендеріне жаттықтыру жəне бұл атаулардың не үшін олай аталатындық 
мəнісін, ол атаулардың неге қарап қойылғандығын тани бару».
9. «Грамматиканың бөлімдерін бір-бірінен бөліп алып кетпей (фонетика, морфология, 
синтаксис, пунктуация) байланыстырып, араларындағы жақын қатыстарын аша отыру. Бірі-
нен-бірі таралып, бірінен-бірі құралып, белгілі мағыналы түрге келетіндігін əбден мұқият-
тау».
10. «Грамматика мен кѳркем шығарманы бірін-бірі пысықтауға көмекші ете бару. Кѳркем 
шығарма арқылы оқуды, сөйлеуді өркендету. Дұрыс, таза жазуға, ойын еркін түрде қағаз беті-
не түсіріп бере аларлық халге жеткізу» [1, 80].
Əдіскер-ғалым Қажым Басымовтың грамматиканы өткізу тəртібі жөніндегі бұл пікір-
лерінің мазмұны мынаған саяды:


319
- оқушылардың ауызша жəне жазбаша тілін дамыту. Бұл міндет балаларды оқуға, жазуға 
үйрету, грамматикалық материалдарды үйрету, түрлі бақылау жəне жаттықтыру жұмыстары 
арқылы жүзеге асырылады;
- тілдің əдеби нормаларына жаттықтыру, демек, оқушыларға орфографиялық, пунктуа-
циялық тұрғыдан сауатты жазу, орфоэпиялық нормада дұрыс сөйлеу дағдыларын меңгерту;
- оқушылардың тіл жөніндегі ғылыми ұғым жүйесін қалыптастыру. Бұл талап грамма-
тиканың, фонетиканың, лексикологияның, морфология мен синтаксистің теориялық матери-
алдарын үйрену жұмысы арқылы орындалады;
- оқушыларды грамматика сабақтарында көркем шығарма, танымдық, көпшілік əдебиет 
үлгілерімен таныстыру (бұл міндет қазір де орындалып жатыр);
- керсетілген міндеттер қазақ тілі сабағы үстінде кешенді түрде бір-бірімен сабақтасты-
рыла, байланыстыра отырып жүзеге асырылады;
- оқу мен тіл дамыту процесінде оқушылар оқу дағдысында мəтінмен жұмыс істеуге 
машықтанады.
Қорыта келе, ғалымның «Грамматиканы оқыту жөнінде» атты əдістемелік мақаласынан 
қазіргі педагогиканың дидактикалық принциптерін ана тілі грамматикасын оқытуда өте ше-
бер қолдана білгендігін аңғаруға болады. Сондай-ақ Қ.Басымовтың грамматикадан өзге тіл 
білімінің түрлі салаларын қамтитын өзге əдістемелік мұралары қашанда өз оқырманын тарта 
отырып, қазіргі көзқараспен пайымдауды қажет етеді. Себебі Қ.Басымов – артына қалдырған 
бай əдістемелік мұрасымен, құнды педагогикалық, əдістемелік көзқарасымен басқа заман-
дастарынан ерекшеленген тұлға. Ғалымды басқа замандастарынан ерекшелендірген, бірін-
шіден, əдістеме тарихында азамат, тұлға ретіндегі орны болса, екіншіден, еңбектері, яғни 
əдістемелік мұралары деуге болады. Əдіскердің еңбектері өз дəуірінің талаптарына жауап бе-
рерлік мақсатта жазлыған дүниелер. Біздің мақсатымыз – сол дүниелерінен қазіргі сабақта-
стықты, қазіргі жалғастықты аша білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет