Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет25/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   255
Байланысты:
zhinak

Əдебиеттер тізімі:
1. Оралбай Н. Биобиблиография./Р.Шаханова, т.б. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 
2013. – 72б.


44
НҰРЖАМАЛ ОРАЛБАЙ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҒЫЛЫМЫ
Р.Ə.Шаханова 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
А.Қабдыл
педагогика ғылымдарының докторы, доцент 
А.Қ. Қарабаева 
«Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын-
да: «Ұлттың əлеуетін арттыру үшін мəдениетіміз бен идеологиямызды одан əрі дамытуымыз 
керек. Рухани жаңғырудың мəн-маңызы да нақ осында... Өзінің тарихын, тілін, мəдениетін 
білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық əрі жаһандық көзқарасы 
бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» - деген сөздер бар [1]. 
Шынында да адам өмірдің үлкен белесіне шыққан кезде артына қарап, өзі салған ізі-
не сүйсіне көз тастайтын кез болса, қазақ тіл білімінің грамматика, сөзжасам, қазақ тілін 
оқыту əдістемесі салаларының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан Қазақстан Республикасының 
еңбек сіңірген қайраткері, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Педагогикалық 
ғылымдар академиясының құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы профес-
сор – Нұржамал Оралбай бүгінде сондай уақыт құшағындағы адам. 
Бар өмірін қазақ тілінің грамматика, сөзжасам, қазақ тілін оқыту əдістемесі салаларын 
зерттеуге арнаған қазақтың біртуар қызы –Нұржамал Оралбай ерекше атап, жастарға үлгі 
тұтар тұлға екендігін мақтанышпен айтуға болады. Ғалымның қай еңбегін алсаң да – ғылымға 
қомақты үлес қосқан дүниелер. 
Ғалымның 1971 жылғы «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары» атты 
докторлық диссертациясы қазақ тіл біліміне үлкен жаңалық болып қосылды. Аталған ғылы-
ми зерттеуде профессор Нұржамал Оралбай грамматикалық дамудың нəтижесінде етістіктің 
лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен көмекші етістіктер 
табиғатын танып: «Көмекші етістіктердің өте жоғарғы дəрежеде абстаркциялануы, олардың 
грамматикалық мағыналарының кеңеюі, түрлі категория мағыналарының көрсеткіштеріне 
айналуы, тұрақталуы –грамматикалық даму заңдылығының нəтижесі» деп, көмекші етістік-
тердің грамматикалық катеогориялар көрсеткіштері мағыналық ерекшеліктерін саралап 
береді. Көмекші етістіктер өздігінен грамматикалық мағыналары алдыңғы сөздегі қосым-
шамен байлаулы болғандықтан оларды аналитикалық форманттары қазақ тілінде негізінен 
қимылдың өту сипаты категориясының көрсеткіштері болып танылып отыр.
Сөздің аналитикалық формасы үндіевропа тілдеріне ғана тəн, ал басқа типті тілдерде 
аталған тілдік құбылыс кездеспейді деген теория ғылымда ұзақ уақыт берік орын алып кел-
ген болатын. Ғалымдар славян тілдерінде қимылдың тек аяқталу мен аяқталмауын білдіретін 
көрініс (вид) категориясына сыймайтын түркі тілдеріндегі семантикасы өте бай қимылдың 
жасалуын екі түрлі түсіндіріліп келген еді. 
Кейбір ғалымдар қимылдың аяқталуы мен аяқталмауына қатысты тілдік көрсеткіштерді 
үш, алты түрге бөліп қарастырды. Түркітануда көрініс категориясында арналған пікір қай-
шылығы туындап, олардың жасалу жолдары мен грамматикалық көрсеткіштері туралы да 
ғалымдар пікірі үйлеспеді. Яғни қазақ тіл білімі ғалымдары да бұл категорияның табиғаты 
туралы екі ұдайы пікірде болды. Кейін бұл теорияның негізсіз екендігі дəлелденіп, ғылымда 
жаңа бағыт қалыптаса бастады. Солардың қатарына жаңа бағыт өкілдерінің бірі болып қа-
зақ тіліндегі етістіктердің грамматикалық құрылысында аналитикалық форманттардың кең 
орын алатындығын ғылыми –теориялық тұрғыда бай тілдік деректермен дəлелдеп Нұржамал 
Оралбай қосылды. 


45
Нұржамал Оралбай 1971 жылы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде осы уақытқа 
дейін дұрыс шешімін таппай келген тілдік құбылысты қимылдың өту сипаты категориясы 
деп, оның қимылдың жасалуы мен қимылдың даму сатысынан тұратындығын докторлық 
диссертациясында дəлелденген болатын. Олардың берілу жолдары мен көрсеткіштерін то-
лық сипаттаған еді. Өмірде қимыл əрекеттің бірде кенеттен, бірде созылыңқы, бірде баяу, 
бірде немқұрайлы жасалуы, жасанды, мақсатты, ынтамен, жігермен, қысқа, шапшаң, батыл, 
ерекше қарқынмен, орындалатын қимылға дайындық т.б. толып жатқан жасалу түрлері кез-
деседі. Қазақ тілінде олар көсемшелі негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесі арқылы 
жасалады. Н.Оралбай зерттеуін тек қимылға қатысты құбылыстардың тілімізде берілу ше-
берлігіне, тілдің табиғи байлығына, бейнелілігіне, өмірдегі адам əрекетін дəл суреттеуіне 
сүйсінбеске болмайды. Ғалым оларды төмендегіше жіктеген: қимылдың жасандылығын біл-
діретін тілдік бірліктер –ған бол, мысалы, ұйықтаған бол, қалжыңдаған бол, айтқан бол, 
көрген бол; толық орындалмаған қимылдың берілуі –а жаздақұлай жаздады, кетіп қала 
жаздады, айта жаздады, ұра жаздады; қимылдың бағытталуын білдіретін форманттар 
п ал, -п бер, мысалы, тойып алдым, көшіріп алдым, жазып бердім, алып алдым, қайтіп 
бердім. Қимылдың ерекше ынтамен жасалуының берілуі –ып бақшыдап бақтым, айтып 
бақты, жылап бақты; қимылдың немқұрайлы жасалуы -а сал –а отыр, -е жүр, мысалы, 
айта сал, сөйлей отыр, жаза сал, байқай жүр, көре сал, тыңдай отыр. Қимылдың күтпеген 
жерден жасалуына –а қойып-а кет-а қал, мысалы, баса қойды, сезе қойды, келісе кетті, 
елеңдей қалды. Қимылдың қысқа, батыл жасалынуы –п таста-п жібер-п түс-п қал, мы-
салы, айтып таста, айтып жібер, айтып қал, қойып жібер, күліп жібер, жазып таста, 
айқаса түсті. Қимылдың ерекше қарқынмен жасалуы –п кеп жібер-п кеп қал, мысалы, 
айтып кеп жіберді, періп кеп қалды. Қимылдың созылыңқы жасалуы, қайталануы –е бер-е 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет