Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет74/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   255
Байланысты:
zhinak

құнан (құнажын) – двухлетняя кобыла или корова; дөнен – четырехлетка (о скоте); бесті – 
пятилетка (о скоте) деп көрсеткен. Яғни негізгі кəсібі – мал шаруашылығы болған қазақтың 
жылқы баласының жас ерекшелігіне байланысты қолданған атауларын «Тілмашта» толық 
қамтуға тырысқан. Осындай сипаттамаларынан сөздік түзушілердің туған халқының тұрмы-
сымен етене таныс болып, басқа халыққа қазақы рухты, дүниетанымды жеткізбек болған 
ниетін байқауға болады. 
Үшіншіден, Радлов сөздігінде түбірлес сөздердің мағынасы бөлек-бөлек түсіндірілсе 
(ұят, ұятлық, ұятсыздық; ұшсыз, ұшсызлық; ауру, аурулық; аурсыздық, ақылды, ақылсыз, 
ақылсыздық т.с.с), «Қазақша-орысша тілмашта» сөз тудырушы жұрнақтардың мағыналары 
арнайы сөз болады. Осыған байланысты кіріспесөзде: «В данное время, в связи с переводом 
научных книг, у нас сильно идет словообразование. Чтобы не оставить своих читателей в 
недоумении при встрече новых производных слов, имеющих основу в словаре, мы сочли 
неизлишним определить значение суффиксов, употребляемых в казахском языке» - деп, жұр-
нақтардың қандай сөз табына жалғануына байланысты негізге қандай мəн үстейтінін көр-
сетіп отырады. 
Қазақ тілі жалғамалы тілдер тобына жататындықтан‚ негіз сөзге қосылған жұрнақтардың 
мəніне сəйкес сөз мағынасы да жаңарып отыруына байланысты‚ бүгінгі таңдағы сөздік құра-
стырушылар да осы үрдісті ескергені жөн сияқты.
Төртіншіден, «Қазақша-орысша тілмашты» түзушілер жаңа ұғымдар мен түсініктерге 
балама ұсыну мақсатына сəйкес, сөздің негізгі мағынасын кеңейтіп, дамытып, қосымша мəн 
үстеуге тырысқаны байқалады. Сол себепті айбар сөзін – демонстрация, айтыс – диспут, 
дискуссия‚ ермек сөзін – спорт сөзіне балама ретінде ұсынады. 
Осындай ерекшеліктерді Л.З.Будагов сөздігін қолдануынан да байқауға болады: 
Сөздер
Л.Будагов. Сравнительный словарь турецко-та-
тарских наречии с включением употребитель-
нейших слов арабских и персидских ... СПь, 
1869, 1871
«Қазақша-орысша тілмаш» 
1925
Əкім 
начальник
администратор
Алпауыт 
Помещик, дворянин, барин, госпадин
помещик
Жар
Приказ, повеление, обнародование, клик, сбор
1) супруга; 2) возлюб-
ленный; 3) крутизна, берег; 
4) обнародование
Себеп
причина, предлог, средство, случай
причина
Асау
Дикий, суровый, необразованный, лошадь, вовсе 
неезженная
дикий
Жосық 
обычай, правило
правило, путь
Шапыраш Недостаток глаз, зрачки сближенные, как будто 
смотрят на нос
недостаток глаза, зрачки как 
будто смотрят на нос
Ақын
Импровизатор, экспромтом говорящий стихи
поющий и рассказывающий повести о былом
1) импровизатор;
2) поэт


120
«Қазақша-орысша тілмашты» түзушілер Л.З.Будагов, В.В.Радлов сөздіктерін пайда-
ланғанда, бірқатар сөздерді өзгеріссіз, сол күйінше қолданса, енді бір сөздердің сөздікте көр-
сетілген мəнінен басқа да түрлі мағынаға ие болатынын көрсетіп, толықтырып отырған. Оның 
үстіне өзіне дейінгі сөздіктерде түсіндірме жолымен немесе бірнеше синонимдер арқылы 
берілген сипаттамалардың орнына нақты, ең басты, негізгі мағынасын көрсетуге тырысқан. 
«Қазақша-орысша тілмашта» 10 мыңдай қазақ сөзінің мағынасы түсіндірілген. «Қазақ-
ша-орысша тілмаш» туралы түсініс» деген мақаласында Қ.Кемеңгерұлы Мəскеудегі «Кіндік 
баспасөз» Мағжанға қаратып, біреуге көшіруге бергенде, сол көшірушінің біраз шатасты-
рғанын‚ оның үстіне 400-дей сөз баспадан қате кеткенін, яғни кейбір сөздердің мағынасын 
жойып не ауыстырып жібергенін қынжыла айтады. «Оқушы»: «кей сөздерге берген маға-
налары қазақша да емес, жатық та емес, түсінікті де емес, керексіз сөздер кездеседі», – деп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет