123
а) реестрдегі сөздің аймақтық сипатын, яғни жергілікті сөз екенін білдіру үшін жақша
ішінде қай жерлерде қолданылатыны көрсетіліп отырған. Мысалы:
əжеп-тəуір – 1) изряд-
ный, 2) плохой (в наречиях букеевских и уральских киргиз).
ə) сөздің тура мағынасымен қатар ауыспалы мəндері де беріліп, ол жақша арқылы көр-
сетіліп отырған:
ақ жаулық –1) жена (обр); 2) женский головной убор,
ала тайдай бүлдірмек
– внести разложение в
общество (обр. историческое выражение)
б) сөздің мəнін нақтылай түсу үшін жақша қолданылған: а) кімге, неге қатысты екені көр-
сетіліп отырған. Мысалы:
жарау – подморенный (о лошади); сапсимақ – торчать (о боль-
шой бороде); бұрамақ – 1) вертеть, винтить; 2) настроить (о музыкальном инструменте);
ə) қандай атау, қай саланың термині екені көрсетілген:
түйнеме – рожа (болезнь); жарнақ
- дробь (математический термин); жармақ – 1) расколоть; 2) рассекать; 3) оперировать
(медицинский термин); б) омонимдес, көп мағыналы сөздерден айыру үшін жақша ішінде
қай сөз табы екені көрсетіліп отырған:
əрі – 1) дальше; 2) после; 3) и (повторит. союз); ара-
лас –смешанно (наречие).
Етістіктер
-мақ/-мек тұлғалы тұйық етістік (тұйық райдың толық түрі) түрінде берілген
де, етіс түрлері етістіктің мəніне қарай түсіндірілген. Мысалы:
сөйлетпек – пон. зал. от гл.
сөйлемек; бауланбақ – воз. зал. от гл. бауламақ; ауласпақ – взаимн. залог от гл. ауламақ;
апарылмақ – страд. зал.от глагола апармақ.
Осы үлгіні Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралдарының» соңындағы
тілмаштарда да пайда-
ланған.
Ғалым өз заманында сөздік түзу шебері ретінде танылған. «Оқу құралында» автор əліп-
пелі тілмаш жəне мақалалық тілмаш түрлерін көрсетеді. Əліппелі тілмашта Қ.Кемеңгерұлы
сөздерді алфавит тəртібімен орналастырса, мақалалық тілмашта белгілі бір мақалаға байла-
нысты сөздер мен сөз тіркестерін қамтыған. «Оқу құралының» І бөлімінің соңынан əліппелі
тілмашты берсе, ІІ бөлімінен кейін мақалалық тілмашты ұсынған. ІІ бөлім оқушыларды кітап,
газет-журнал оқуға жаттықтыру, сөздік қорын молайту,
дағдыландыруға арналғандықтан,
мұнда реестрге жеке сөзбен қатар тұтас тіркес, сөйлесімдер (выражение) де алынған. Мақа-
лалық тілмашта кейбір тіркестердің аударылу (тəржімалану) жолдары да түсіндіріліп отыр-
ған.
«Еленбей келген оқулық» деген мақаласында Қ.Есенов «Оқу құралындағы» сөздіктерге
тоқтала келіп, оларды өте жоғары бағалайды.
Сонымен, «Қазақша-орысша тілмашты» құрастырушылардың қызметінен мынадай ерек-
шеліктер байқалады:
а) сөздік түзушілер өздеріне дейін жарық көрген түрлі сөздіктермен таныс болған. Он-
дағы сөздердің берілуін бірде қуаттап, оның тұрақтана түсуін көздесе, енді бірде сөзге жаңа
мəн үстеу арқылы жаңа атау да ұсынып отырған;
ə) «Тілмашта» қазақ тілінде бұрыннан қолданыста бар сөздер ғана қамтылмай, орыс
тіліндегі ұғымдар мен атауларға балама ретінде жаңа сөз ұсынып отырған.
Осы жағынан
алғанда‚ «Қазақша-орысша тілмаш» орысша-қазақша сөздіктің қызметін де атқарған;
б) сөздікке өте жиі қолданылатын түсінікті сөздерден гөрі сирек кездесетін сөздерді
көбірек
беруге тырысқан;
в) сөздің халық арасында, ақын-жазушылар тілінде, бұрынғы сөздік-кітаптарда кездесуін
ескерген;
г) «Тілмашта» синоним, омоним, көп мағыналы сөздермен қатар жергілікті тіл ерек-
шеліктері, сөздің ауыспалы мəнде қолданылуы т.с.с. да көрсетіліп отырған;
ғ) сөздікте бір түбірден (өлі түбірден) тараған сөздер жүйелілікпен орын алған, фразео-
логизм
құрамында кездесетін, бүгінде мəні түсініксіздеу сөздерге сипаттама берілген;
д) «Қазақша-орысша тілмаш» қазақ тілін үйренушілерге, оқушыларға арналғандықтан,
мұнда сөз басына балама беруге тырысқан.
124
Мұның бəрі құрастырушылардың сөздік түзу жұмысына үлкен дайындықпен келіп, жау-
апкершілікпен қарағанын танытса керек.
Достарыңызбен бөлісу: