Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет101/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   255
Байланысты:
zhinak

адамда екі ғалам болады деп түсіндіреді. Оның бірі – тысқы ғалам, екіншісі – ішкі ға-
лам. «Ақыл, көңіл, қиял сияқты адамның рухына қараған жағы ішкі ғалам болады да, 
онан басқалар – басқа адамдар, мақұлықтар, нəрселер, бүтін дүние тысқы ғалам болады. 
Əуезе тысқы ғалам турасындағы сөз» [8;156] - деп дүниенің философиялық негізін тілмен 
байланыстырады. 
Айнала қоршаған дүниені, оның қасиетін түйсік арқылы адам санасына қабылдап, 
сезімдік таным қалыптастырады. Сезімдік таным дамып, қабылданған ақпараттың тек 
сыр-сипаты ғана емес, оның ішкі мазмұнын ашып, пайымдап логикалық таным дəрежесіне 
көтереді. Адамның қоршаған дүние туралы ойлап, пайымдап, тұжырымдап, оның сырын 
ашуға ұмтылатын ой жүйесі, жинақтаған білімі күрделі үдеріс ретінде ғылыми танымға 
айналады. Қазақ тілінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың тіл 
біліміне қатысты зерттеулерінің басты ерекшелігі – олар тіл болмысын құрылымдық си-
патта ғана қарамай, оған философиялық пайымдаулар жасап, тіл табиғатын тұтас та-
нып, жəне біртұтас үдеріс есебінде зерттеуге тырысқандығында. 
Сонымен А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов тіл мен ойлаудың тығыз байланыстылығын 
алға қойылып, зерттеулерінде адамның дүниені тануы, пайымдауы, тұжырымдауы тіл 
арқылы жүзеге асатындығын тілтанымдық пікірлері арқылы көрсетіп, тілдің танымдық 


156
қызметін білім беру философиясымен ұштастырған. С.Аманжолов алдыңғы ғалымдардың 
көзқарастарын жалғастырып, тілтанымды тұжырымдай келе, тіл арқылы қоғамның фило-
софиялық ойлауын, түсінігін анықтауға тырысқан. Сонымен философия ғылымында таным 
теориясы тілдің танымдық қызметімен тығыз байланыста зерттелуде. Таным теориясының 
мазмұнын терең түсінген А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов қазақ тіл білімінің не-
гізін қалыптастыруда философия ілімінің басты бағыттарын зерттеулеріне арқау етіп, тілдің 
құрылымдық жүйесін, тіл тарихын, тілдің танымдық табиғатын тұтас қарастырады. А.Бай-
тұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов тілдің танымдық болмысын оқыту – адамның дүние-
танымының кеңеюіне, санасының жетілуіне ықпал етіп, адамгершілік, ұлттық, мəдени-руха-
ни құндылықтарды бағалауға жетелейді деп түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет