154
лейді. Ғалымдар тіл біліміне қатысты еңбектерінде таным мəселесіне байланысты жан-жақты
ғылыми тұжырымдар мен тілдің табиғатын ашу үшін философиялық пайымдаулар жасай-
ды. Себебі, философия табиғаттың да, қоғамның да, ойлаудың да ең жалпы заңдылықтарын
зерттейді, сондықтан таным мəселесінің тілдегі көрінісі философиялық пайымдауларды да
қажет етеді. Себебі, «философия дегеніміз — мəңгі жəне үнемі өзгерістегі дүниені тану, бар
заттар мен құбылыстардың себептері мен принциптерін айқындауға бағытталған ғылым. Ол
дүние мен адамның тұтастығы, немесе өмірдің мəні туралы, адамның əлемдегі орны, оның
парасаты мен биік қасиеті туралы ілім» [7;12]. Философия – адамның дүниедегі заттар мен
құбылыстарды танып, игеріп, оның сырын ашуға жəрдемдесетін ғылым. А.Байтұрсынұлы
адамның дүниені, ғаламды танудың биік ұғымы – даналық мəселесін: «Адам зейіні бүтін ға-
ламды тануға жұмсалып, дүниедегі бар нəрсенің барлығын, яки бар деп ұйғарылған нəрсенің
бар-жоқтығын танып, белгілі бір қарарға келгенде, адамға бір үлкен ұғым пайда болады. Сол
ұлы ұғым жүйесі даналық деп аталады. Даналық мақсаты бүтін ғаламды танып, бүтін ғалам
аталған дүниенің жұмбағын (дүние мəселесін) шешпек»[8;133]-деп түсіндіреді. Ғалымның
пайымдауынша, адам ғаламды танып, дүниенің сырларын шешіп, ол туралы үлкен ұғым қа-
лыптастырып, оны сөз арқылы жарыққа шығарады. Себебі, «қара сөз нəрсені тиісті жағына
сөйлейді... Нəрсе турасында тиісінше сөйлеу үшін тиісінше ойлау керек. Тиісінше ойлаған
ойымыз, ұғым түрлеріне қарай, бірнеше тарапқа бөлінеді» [8;133]. Сол тараптың бірі - «ға-
лам тарапы», яғни даналық. А.Байтұрсынұлы ғалам туралы адам пайымының тілге қатысын
анық байқап, даналық адамның айналада қоршаған заттар, құбылыстар мен оның сырын,
сипатын, заңдылықтарын санасына қабылдап, тіл мен ойлау бірлігі негізінде қайта жарыққа
шығаратындығын көрсетеді.
Таным мəселесі адам болмысымен
тығыз байланысты болғандықтан, адамның дүние
туралы пайымдауымен (яғни философия ғылымымен), санасымен (психология ғылымымен),
сөйлейтін тілімен (лингвистика ғылымымен) сабақтасып, жаңа ғылыми парадигманың бір-
неше ғылымдар тоғысында пайда болуына ықпал етті. Т
аным мəселесі өте күрделі болған-
дықтан, жан-жақты анықтап, айқындап алуды қажет етеді. Танымның философиялық
негізі адамның ақылымен, санасымен сабақтас. Ақыл-парасат, сана – сезім иесі ретінде
адамның ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше
ұмтылыс. Адам айналасындағы əлеуметтік дүниені, табиғи əлемді танып білу барысын-
да олардың ішкі құпиясына үңіледі, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі,
өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді. Дəлірек айтсақ, таным ба-
рысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі.
Адам айналасын танып, білуге тырысып, ол туралы пайымдап, философиялық дүниетаны-
мын кеңейтеді. Сонымен, «философиялық дүниетаным деп əлемге, табиғатқа, қоғамға жəне
олардың арақатынастары туралы қалыптасқан ең жоғарғы ғылыми көзқарастар жиынтығын
айтамыз. Философия өзінің мазмұны, түрі жəне танымдық тəсілдері жағынан əрі дүниета-
ным, əрі ғылым болып табылады» [7;7]. Демек, философияда таным философиялық дүние-
танымның қалыптасуына зор ықпал етіп, адамға ең жоғарғы ғылыми тұжырымдар жасауына
əсер етуші əрекет ретінде түсіндіріледі. Қ.Жарықбаевтың пікірінше: «Дүниетаным – адам-
ның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Нағыз дүниетаным
мистика мен
идеализмге жат, дəйекті ғылыми-материалистік дүниетаным. Оның басты ерекшелігі – ғылы-
ми негізделетіндігі. Бірден бір ақиқат дүниенің даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға
негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт бере алады»[9;128]. Сон-
дықтан, адам өмірінде маңызды орын алатын, оның рухани байлығын қамтамасыз ететін
дүниетанымдық білімі таным арқылы қалыптасады.
Философия зерттеушілері: «таным – жеке тұлғадан оның барлық маңызды күштерін:
ақылын, сезімдерін, еркін, түйсігін жұмылдыруды талап ететін аса күрделі үдеріс»[7;296]-
деп танып, теориялық тұрғыда танымды екіге бөліп қарастырады.
Біріншісі – сезімдік та-