Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет132/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   255
Байланысты:
zhinak

Қамбарсөзінің түпкі мағынасының төркіні туралы Е.М.Абақан «Тілдің мəдени филосо-
фиясы» еңбегінде: «...қам сөзінің негізгі мағынасы – қозғалыс, шеңбер, ел, қауым, орта, қа-
сиетті, күшті, батыр, қазына, молшылық, қала, т.б. көптеген ұғымдарды білдіреді. Көне түркі 
тіліндегі қамұқ сөзі «весь, целый, полный». Қазақта жылқы пірі – Қамбар ата. Қазақтың 
«кемпірқосағы» – Қомбор қосағы, яғни қасиетті көктің беліндегі кісе, мұнда «қам» түбірінің 
мағынасы дөңгелек, көк, бүтін», – дейді [15, 167-168б.]. Ал, халқымыздың тұрмыс-салт жы-
рларының типологиясын зерттеген Б.Уахатов: «Қазақта қарақұрт, жылан, шаян, бүйінің уын 
қайтаратын арбаушының сөздерін былай: «Бүйі, бүйі, бүйі, шық! Бүйі иесі Қамбар шық» деп 
келтіре отырып, мұндағы Қамбар ескіліктегі бақсылардың иесі, атасы, құдайы, пірі», – деген 
[16]. 
Сонымен, авторлардың мəліметі бойынша, «қам» сөзі бақсы, бақсының ойыны, ал фи-
лософиялық мағынасы – «қозғалыс», «шеңбер», «қасиетті», «молшылық», т.б. жəне Қамбар 
«бақсылардың пірі» дегендерді келтіре отырып, мынадай тұжырым пайда болады: көне ми-
фологияға сүйене отырып, жылқы, ең бірінші, Тəңірінің сүйген түлігіне айналып, пір Қам-
барды дүниеге əкеліп, жылқы пірі Қамбаржаратушының бірінші өкіліне айналып, негізгі 
рөлді атқарған.
Шопан ата семантикасы жалпы қазаққа тəн қой түлігінің пірі.Шопан сөзінің түп-төркіні 
парсының «чупан» сөзі, ол екі мағынада қолданылып келеді: 1) қойшы, шабан болса; 2) Чу-
пан – ер адамға берілетін есім.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Шопан» – қой бағатын кісі, қойшы мағынасында 
айтылады. Ал, С.Кляшторный мен Т.Сұлтановтың еңбектерінде бұл жайлы былай жазылған: 
«Дляобозначенияпастухововецмусульманские авторы средневековьяобычноупотребляют-
персидско-тюркскоесловочупаниличабан (у казаховболееупотребительноеслово қойшы» 
[17]. Сонымен, Шопан ата сөзі осы еңбекте келтірілгендей парсы-түрік сөзі.
Қойдың пірін қырғыз, өзбек, қарақалпақ тілдерінде Чопан ата десе, түрікмендерде Мұса 
деп атайды. Сонымен қоса, Маңғыстау аймағының қазақтары да қой пірін Мұса деп атауды 
Х.Арғынбаев пен С.Əжіғалидың еңбектерінен кездестіреміз. 
Шекшек ата. этн. Сексек ата: ешкінің пірі, иесі. Ешкі түлігінің төрт түлік малдан қойға 
қосылып қой-ешкі аталып, өз алдына бөлек түлік санатына қосылмауынан ешкі пірінің эти-
мологиясын тіл мамандарына өзге түліктердей аса көңіл бөлмегендігі байқалады.
Ешкі пірінің этимологиясын ешкі түлігін қайтаруда айтылатын одағай сөзден – «Шек! 
Шек!» дегеннен шыққан болуы ықтимал деп жоримыз.
Ешкі пірінің Оңтүстік Қазақстан аймағында тілдік диалектологияға байланысты мына-
дай атаулары бар. Этнографиялық экспедиция барысында Жамбыл облысы, Жуалы ауданын-
дағы Дихан, Қайрат ауылындағы хабаршылар ешкі пірін «Қалақ ата» деп атайды екен. Қа-
зақтың тұрмыс-салт жырларында айтылғандай:
«Шібегелер шігесі,
Қатпа келер шекесі.


213
Сойса – саны қалақтай,
Сауса – сүті бұлақтай», –
деп етінің қой түлігіне қарағанда аздығына, сойса саны қалақтай дегендей «Қалақ» аталуы-
ның себебі осында болса керек деп ойлаймыз.
Ешкі пірінің келесі аймақтық ерекшеліктегі диалектологияға байланысты атауы Оңтүстік 
Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы қазақтар ешкі пірін «Бəуеддин əулие» деп атауы (ІІІ, 
ІV ғ.). Деректер бойынша Бəуеддин əулиенің шығу төркінін арабтардан кездестіреміз. Олар 
ешкі пірін Бəуеддин əулие деп атайды. Тегінде Бəуеддин көне түркілердің біразына мағлұм 
болған ұғым. Бұл қарақалпақ, түрікмен арасында да жиі кездеседі дей келе, Б.Уақатов қа-
зақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясын зерттей отырып, былай деп жазады: «Қазақ 
ішінде біреудің аты жоғалса, Бəуеддин айтамыз» деп ешкіні аулаққа апарып, құйрығын бұрап 
бақыртатын болған. Міне, сонда айтатын тілек-бата жыры:
Ел иесі Бəуеддин,
Мал иесі Бəуеддин,
Керең құлақ саңырау Бəуеддин.
Өне бойы қоңырау Бəуеддин.
Атымды тауып бер Бəуеддин
Жоғымның жөнін көр Бəуеддин» [16].
Оңтүстік Қазақстан облысында ешкі пірін арабтардікіне ұқсастырып Бəуеддин атауының 
себебі, өзге Оңтүстік Қазақстанда исламның ерте үстемдік құрғандығының тереңдеп енуінің 
айғағы еді.
Қазақ тілінде төрт түлік төңірегінде қалыптасқан идиомалық бірліктердің енді бір тобы 
оларда болатын түрлі ауру-індетпен байланысты болып келеді. Жылқыда мысалы, жаман-
дат, жамандатқыр деген сияқты, кейде оны ойсылкелгір деп те қарғап жатады. Қойтекенің 
астында желқом, оның асты торы шолақ, қолында шығыршықты кендір қамшы.«Ой, жа-
мандат Ойсылкелгір! Құлағыңды... Иттің малы!» деп тістеніп шапқа да, басқа да, мойынға 
да ұрады. Торы шолақ міз бақпайды. (Ж.Аймауытов) Қарғыста қолданылғанына қарағанда 
Ойсылкелгір дегендегі ойсыл да шамасы індетпен байланысты сөз болып шығады. Ендеше 
бұл тіл дерегі белгілі дəрежеде əдетте түйе түлігінің иесі, пірі, бақташысы саналатын Ой-
сылқара композициясының семантикалық құрылымымен астастықта қаралуы тиіс. Белгілі 
этнолог Х.Арғынбаев жылқыға тəн бұл жамандат лексемасының қазақ тілінде сондай-ақ 
түйеге қаратыла айтылатынын атап көрсетеді. Əдетте бұл түйе түлігімен байланысты ақ ше-
лек, шелеккелгір, шелегің түскір, қарабез формалары жиірек қолданылады. Ал, қой мен еш-
кіде кездесетін мұндай жұқпалы індет топалаң, шекшек деп аталады. Ал, «қарасаң келгір»– 
сиырға айтылатын қарғыс. Қарасан – сиыр малында болатын өте қауіпті жұқпалы ауру. Өк, 
құрып кеткір! Қарасан келгір, қышынба! Сəйгелді ме алып тұрған қысымға? Дəл басып тұр 
тұяғыңды аудармай, Балығыңның төбесінің тұсына (І.Жансүгіров). 
Қорыта келе, төрт түлік пірлеріне байланысты аңыздардың түп-төркінінен ондағы қа-
зақтың тұрмыс-салт өлеңдерінен төрт түлік пірлерінің құдіретті күшінен рахым күту, жалба-
рыну, жалыну сипатын байқаймыз. Бата сөздерінде де төрт түлік пен оның пірлері негізгі рөл 
атқарып, солар арқылы жақсылықтың əкелінуі негізге алынған. Бұл туралы А.Васильевтің 
«Торғай» газетіне жазған «Қырғыз (қазақ) бата сөзі» атты мақаласы мен Ə.Диваевтың еңбе-
гінен толық мəліметтер ала аламыз.А.Васильев мақаласындағы батаның бірінде:
«Жылқышы ата – Қамбар,
Жарылқайтын өзіңнен басқа кім бар?
Шірендіріп жатқыз, көсілдіріп тұрғыз.
Жаз жайлауын жаусыз ет,
Қыс қыстауын қарсыз ет.
Дүниеде мұңсыз ет.


214
Толғаотқанын ұл ет,
Татырғанын май ет.
Бəледен сақта, жаладан сақта,
Қауіптен сақта, қатерден сақта», -
деп келтірген [18].
Мал пірлерінің даму сатыларында əр дəуірде тарихи циклизациядан өткенін, бүгінге 
жеткен қазақтың мал пірлеріне қатысты аңыз-əңгімелері мен тұрмыс-салт жырларындағы 
мал пірлеріне арналған туындылардан, Ə.Қоңыратбаевтың келтіргеніндей, «бір ғана елдің 
шетінде тумай, халықаралық сюжет болуымен жəне полисациялық, синкреттік, параллель-
дік, реконструкциялық сияқты көріністердің басым келетіндігін» анық көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет