Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет158/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   255
Байланысты:
zhinak

Пайымдау – белгілі бір ойды таратып түсіндіру, талдау, бекіту сипатында айтылатын сөз. 
Пайымдаудың мақсаты – автордың қоршаған ортадағы оқиғалар, құбылыстар туралы өзіндік 
көзқарасын талдап түсіндіру, дəйектеп жеткізу. Сондықтан оған зат, құбылыс, оқиға туралы 
білім беріп, ұғым қалыптастыратын ойлар мен идеялардың дамуы тəн. Пайымдау сөздің фор-
муласы: Пайымдау = мəселе (тезис) – 1-талдама – 2-талдама – 3-талдама...+ қорытынды 
сөз .
«Пайымдау сөзде нақты бір затқа емес, соған қатысты ой-пікірлерге байланысты абстрак-
тілі ұғымдар мол кездеседі, əртүрлі логикалық қатынастарды білдіретін күрделі оралымдар 
мен құрмалас сөйлемдер жиі қолданылады.
Пайымдау сөз құрылымының негізгі ережесі бойынша кіріспе бөлімде басты ой нақты 
айтылады, негізгі бөлімде соған қатысты жаңа ойлардың тууына əкелетін тұжырымдар ұсы-
нылады, қорытынды бөлімде сол ой-тұжырымдар түйінделеді. Немесе нақыл, қанатты сөз-
дерде кіріспе мен негізгі ой беріледі де, қорытынды тұжырым жасау Қабылдаушының үлесі-
не қалдырылады» [4, 17- б.].Мысалы: Дегдар азаматтың тоғыз тарау пайымы бар:
қарағанда – анық көріп тұрмын ба деп ойлайды;
тыңдағанда – дұрыс естідім бе деп ойлайды;
өңім – мейірбан ба,
қимылым – ізетті ме,
сөзім – риясыз ба,
ісім – орынды ма деп ойлайды;
көңілін күмəн жайласа – кеңеспекке ойлайды;
бойын ашу кернесе – ақырғы зардабын ойлайды;
несібе, олжакөрсе– обалынойлайды(Конфуций).


273
Мұғалім сөз саптау тəсілдерін қолдануға үйрету үшін, əрине, алдымен дайын мəтіндер-
мен жұмыс жасауға, оны талдай отырып, ой түюге үйретуі заңды. Сондықтан оқушыға ұсы-
нылатын мəтіндерді таңдауда оқушылардың жас жəне психологиялық ерекшеліктерін ескере 
отырып, оларға əрі ақпарат, əрі тəрбие берілетіндей, əрі тілдік нысана нақты көрініп тұра-
тындай оқу материалдарын іріктей білудің маңызы зор. Мысалы, төмендегі мəтін мен оны 
талдауға арналған тапсырмалар жүйесі былай құрылды:
Мəтін мазмұнын түсініп оқыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет