Бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға жазбаша жауа бер: Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?
Аристотель мемлекеттің түрін бөлгенде қандай өлшемді басшылыққа алды?
Аристотельдің ойынша, мемлекет – қауымның дамығаң түрі, ал кауым – отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлектті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді.
Платон, Аристотель, Цицерон жеке меншікке қалай қарады? Неге?
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады.
Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты – адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйтіп тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
Платон мен Аристотель мемлекеттік басқарудың түрі ретінде демократияға не себепті қарсы болды?
Мемлекеттің дұрыс және бұрыс түрлері - ежелгі грек ойшылы Аристотель өзінің "Саясат" еңбегінде қалыптастырған түсінік. Бұл еңбегінде Аристотель Платонның "Мінсіз мемлекет" ілімін сынға алады. Платоннан өзгеше ол алдыңғы орынға мемлекеттің "шексіз жақсы" үлгісін ұсынады. Платон ұсынған мүлік, әйел, бала ортақтығы мемлекетті жояды деп түсінеді. Аристотель мемлекет билеушілерінің алға қоятын мақсаттарына байланысты мемлекеттік құрылымның дұрыс және бұрыс түрлерін ажыратады. Дұрыс түрлеріне ол басқарушының санына қарамай (біреу ме, бернешеу ме, әлде, көпшілік пе) ортақ игілікке ұмтылатын мемлекеттік құрылымды жатқызды. Дұрыс түрлері: 1) монархия (бір адамның билігі); 2) аристократия (азшылықтың билігі); 3) полития (көпшіліктің билігі). Ал, бұрыс түрлеріне - билеушілердің өздерінің жеке мүдделерін көздейтін мемлекеттік құрылым жатады. Бұрыс түрлері: 1) тирания; 2) олигархия; 3) демократия. Осылайша, Платон "мінсіз мемлекетті" іздеді, ал Аристотель, шынайылыққа бір табан жақын тұрып, "ортақ мүддені көздесе, кез келген басқару түрін қабылдауға" келісті.