Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет172/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   255
Байланысты:
zhinak

хабарды қабылдаушы (адресат) арасында өрбиді. Тілдік құралдар арқылы берілетін хабар-
да адресанттың сөйлеу əрекетін құрудағы саналылығы мен мақсаттылығы, коммуникативтік 
емеуріні (интенциясы) көрінеді» -деп қорытады [4, 4б].
Сұраулы сөйлемдер ең алдымен адамның танымдық қызығушылықтары арқылы қалып-
тасады, жүзеге асады. Адамның дүниені тану процесінде біріншіден сұрақ беріп, сол сұраққа 
жауап алғанда ғана танымы кеңейеді. Осы арқылы адам санасында қоршаған ортасы туралы 
пікірі, ой қорытуы, ұғымы қалыптасады. Шын мəнінде ұғымдарды, дүниені тануы адамды 
өз мүмкіндіктерін дұрыс қолдануға үйретеді. Сондықтан адамдар қоршаған ортадағы «зат-
тар мен құбылыстардың өзара қатынастарын, байланыстары мен жалпы қасиеттерін көзбен 
көріп, қолмен ұстауға болмайтындықтан, тек ақыл қуатымен тұщыну, пайымдау арқылы ғана 
танып білуге болады. Жалпы ұғымдар жүйесінің қатары неғұрлым көбейіп, олардың таным 
ауқымдылығының барынша кеңеюі, табиғат сырларынан адамды алшақтата беретін сияқты 
пікір туғызады» [5,185 б.].
Психолог ғалымдар таным адамның санасын жетілдіретінін, дамытатынын айтады. 
А.Е.Əбілқасымова: «Таным–əрекет түрлерінің бірі болғандықтан, таным барысындағы 
қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік күші таным əрекетінің мақсатын кімнің алға қоятынына 
елеулі дəрежеде ықпалды деп жорамалдауға болады» [6,30]. «Таным – бұл қоршаған бол-
мыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ой жəне көңіл күй іс-əрекеттері мен олардың 
нəтижесі, яғни білім, жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұйымдардың санада бейне-
ленуі» [7,149] «Таным – адам санасын дамытудың негізі» [7,226]. Адамның санасы жоғары 
нерв жүйесінің қызметі, оның қоршаған ортадағы сыртқы болмысты түйсіктер, ақыл, ойлау 
қабілеттері арқылы қабылдауы жəне осы қабылдаған ақпараттарды қабылдау, қортыу, өзіндік 
пікір білдіруі. Қазақ халқында «оның санасына берсін» тіркес қалыптасқан. Бұл халықтың 
сананың мəні, маңызы жоғары екенін білгенін көрсетеді. Сондықтан жоғары оқу орында-
рында сұраулы сөйлемдерді оқытуда алдымен, студенттердің жоғары психикалық функция-
ларын, яғни конвергентті (салыстыру, талдау, жинақтау, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, 
қорытындылау, шешім шығару) ойлау қабілеттерін дамыту қажет. Мұның барлығы студент-


296
тердің санасын дамытады. Сонымен қатар, студенттердің инвергентті (интуиция, рефлекция, 
инсайт) секілді продуктивті есте сақтау, зейін, ойлау қабілеттері мен қиялдарын дамытуда 
сұраулы сөйлемдерден тұрған тапсырмаларды арнайы іріктеуден өткізу керек. Студенттердің 
санасында кез-келген ақпараттар салыстыру, талдау, жинақтау, абстракциялау, жалпылау, 
нақтылау, қорытындылау, шешім шығару актілерінен өткенде ғана жатталып қалады. 
Кез-келген сұраққа жауап беру процесі төмендегідей əрекеттерді қамтиды: 
ауызша немесе жазбаша формада алынған сұрақ, студенттің түйсіктері арқылы санада 
кодталады;
сұрақтың мазмұны мен сұраушының мақсатын айқындау;
жауаптың жоспарын құру;
жауаптың сұраққа дəл болуын айқындау;
жауап беруге арналған грамматикалық формалар мен кодтарды таңдау;
жауап беру үшін өзіндік ой-пікірлерді жинақтау, оны сыртқа шығару;
Сұраққа жауап беру екі деңгейде жүзеге асады. Бірінші деңгейде қабылдаушының сұрақты 
қабылдауға ықыласы мен түйсігі болуы міндетті. Сұрақтағы анық жəне жасырын ақпараттарды 
(айтушының мақсатын, уəжін, ықыласы жəне т.б.) түсіну, оны ой елегінен өткізу арқылы толық 
не жартылай жауап беру екінші деңгейге жатады. Мұның барлығы жауап берушінің санасының 
дəрежесіне байланысты болады. Сондықтан адамның санасының « қaлыптaсуы мен оның тіл-
дік бірліктер aрқылы берілуі, яғни сырқa шығуы бір құбылыс емес. Тілдік қолдaныс бaрысын-
дa сaнa жеке дaрa күйінде бaйқaлмaйды, ол aдaмның бүкіл тaнымдық түсінігін қaтысым бaры-
сындa тілдік бірліктердің мaзмұнынa жинaқтaп береді. Сaнaның тіл aрқылы сыртқы ортaдa 
көрініс тaбуы, қaтысым бaрысындa тіл aрқылы қоғaмдa aқпaрaт aлмaсуғa ықпaл етіп, сaнa 
мaзмұнының тaбиғaтын aшуғa мүмкіндік береді. Aлaйдa сaнaның коммуникaциялық мaқсaттa 
тіл aрқылы сыртқы көрінісі, ерекше тілдік сaнaның бaр екендігін жоққa шығaрмaйды, мұндa 
когнитивті сaнa сыртқa шығaрудa aйрықшa тілдік құбылыс ретінде көрініс тaппaйды[8,101]. 
Ф. Абдулжанова сананы екі түрге ажыратып көрсетеді:
«Тілдік сaнa мен коммуникaтивтік сaнaны шaртты түрде төмендегідей aжырaтуғa болa-
ды: - тілдік сaнa сəлемдесу немесе aмaндaсу ережелері турaлы aқпaрaт (яғни белгілі бір кон-
цептіні aнықтaйтын тілдік бірліктер): сəлеметсіз бе, қaйырлa тaң, сəлем жəне т.б. Тілдік бір-
ліктердің өзaрa ажырaтaтын мaғынaлaры – тaңертең немесе кешке aмaндaсуды білдіре келіп, 
aуызекі сөйлеу тіліндегі сыпaйылықты aңғaртaды. Aтaлғaн бірліктердің мaғынaсы сөйле-
ушінің тілдік сaнaсынa тиесілі aқпaрaт болып тaбылaды. 
Коммуникaтивтік сaнaғa сəлемдесу мен aмaндaсуды қaлaй жүргізу керектігі турaлы 
түсінікті жaтқызуғa болaды. Бұл тұлғaның қaрым-қaтынaс бaрысындaғы əрекеттерінің жиын-
тығы aрқылы бaйқaлaды. Мəселен, қaндaй қaшықтықтa, aуызшa немесе жaзбaшa, қaшaн жəне 
кіммен aмaндaсты, кімге сыпaйы aмaндaсу немесе «сіз» деп сөйлеу керектігі, қaрaпaйым түр-
де aмaндaсу, қaйтaлaп aмaндaсу сияқты мaғлұмaттaр жaтaды. Осылaйшa, коммуникaтивтік 
сaнa өзінің құрaмдaс бөлігі ретінде тілдік сaнaны қaмти отырып, тілдік бірліктердің нaқты 
қaтысым бaрысындaғы қолдaныс ерекшеліктерін aйқындaп береді [8,102-103]. Ғалымның 
пікірі сананы тілдік жəне коммуникативтік деп ажыратуы қызықты. Біздің ойымызша сана 
адамның бүкіл өмір тəжірибесі, оның танымы мен ой- түйсігінің көрінісі. Адамның мəде-
ни, тарихи, діни, ділдік білімдерінің жиынтығы мен жеке тұлғалық қасиеті мен қабілетін 
анықтайтын айнасы. 
Тілдік қатынастағы сұраулы сөйлемдердің тілдік құбылыстарын жан-жақты оқыту сту-
денттердің санасының дамуына оң əсер етеді. Бұл студенттердің рефлекцияларын дамытып, 
олардың өзін-өзі тануына, ой-пікірін нақты жеткізуге, өзіндік санасының жетілуіне алып ке-
леді. Сұраулы сөйлемдердің моделдерін үйрету студенттердің сұрақты дұрыс қоюы мен оған 
жауапты дəл беруіне, сұрақ қойған адамның презуппозиялық (санасындағы сұрақтың мазмұ-
нын) ниетін түсінуге көмектеседі. 


297
Сұрақ беру мен оған жауап алу мынадай моделдер арқылы жүзеге асады. Мұнда сұраққа 
толық не жартылай жауап беруі сəтті тұрғысында алынып отыр. Сұраққа жауап алу табысты 
болды тұрғысында қарастырамыз — адресат (А2) сұрақты түсінді жəне оған дұрыс жауап 
берді — адресант (А1) , сұрақ беруші жауап берушінің жауабына көңілі толды. Сонымен, 
сұрақ беру мен жауап алудың негізгі жағдаяттарының негізгі пресуппозициясы (р) келесілер-
ге жинақталады: 
а) А1 қажетті ақпаратты иеленбейді р;
б) А1 ақпаратты қажет етеді р;
в) А1-А2-ге ақпарат ие деп болжайды р;
г) А2- А1-ақпарат беру жағдайында р;
д) А2-А1-ге ақпарат беруге келіседі р.
Осы пресуппозициялар негізінде логикалық жоспарда дедуктивті-индуктивті тəсілді 
пайдалана отырып талдауда біздің мысалдарға сүйене отырып, ұсынылған келесі модельдегі 
сұраулы сөйлемдер квеситивтер орнатылды .
1) А1 білмейді — презуппозия: «Мен вокзалға қалай өтуді білмеймін». Сұрақ: «Вок-
залға қалай өтуге болады?» 
2) А1 ақпарат керек — презуппозия : “Маған қажет”. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет