312
лемді өз бетінше талқылап, өзіндік мəнер арқылы оқып, түрлерін еркін ажырата алады. Оқы-
тушының, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге
ынталандырады. Оқушы алдына жаңа материалды «жанды» түрде көрсете отырып, таным-
дық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады: сөйлем түрлерін оқушылар өздері ережесін айта-
тындай бейнебаяндар көрсету.
Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білім-
дерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Əрбір оқушы таңдалған
тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық
карталар жəне сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Сөйлем түрлерін оқытудағы элек-
тронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Ережесін түсіндіргеннен қарағанда,
аудиохабарлар арқылы тыңдату сөйлем түрлері мен тыныс белгісін дұрыс ажыратуға септігі
мол.
Достарыңызбен бөлісу: