326
ХХ ғасырдың 70–90-жылдары шетелдік жəне отандық ғалымдардың басқалардың зерт-
теулерінде
құзыреттілік педагогикалық үрдісті басқару мен педагогтың кəсіби іс-əрекетін
қамтитын білім берудің жаңа мақсаты, маңызды компоненті ретінде қарастырылды. Кəсі-
би-педагогикалық құзыреттілік пен оның жеке түрлері В.А.Адольфтың, Е.В.Бондарев- ска-
яның, Н.В.Кузьминаның жəне тағы басқалардың ғылыми жұмыстарында, сонымен бірге
педагогтың кəсіби құзыреттілігінің басқа ба аспектілерін К.А.Абульханова, Н.В.Кузьми-
на, Л.М.Митина, Л.И.Мищенко, М.В.Прохорова, Е.И.Рогов, Д.С.Савельев, В.А.Сластенин,
Н.Ф.Талызина, А.И.Щербаков жəне тағы басқалар зерттеген.
К.С.Құдайбергенова «құзырлылық», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік
пен дағдыдан айырмасын былай ажыратады:
а) білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет фор-
масы түрінде байқалады;
ə) дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтар-
ды шығармашылықпен пайдалана отырып, өзгерте алатын саналы қызмет;
б) біліктіліктен айырмасы – дағдыға автоматты түрде жету немесе алмастыру емес,
керісінше, бірнеше пəн дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.
Сондықтан да құзырды əр түрлі кенеттен болған ситуацияларда мəселелерді шешу үшін
қажетті білімді немесе əрекетті көрсете білу қабілеті білім мен өмірлік ситуация арасында
байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық
қасиеттеріне тікелей байланысты, тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дəрежесі жоға-
ры денгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» [2,127б.].
«Құзірет» білім беру үрдісі нəтижесінде білім алушының мінез-құлқына, əрекетіне қой-
ылатын талап ретінде оның өз тіліндегі, өз деңгейіндегі жатық сөздер, жатық іс-əрекетіне
арқылы анықталатын ұғым, ал құзіретті адам нақты бір аймақта негізді шешім шығару, тиімді
əрекет жасауға мүмкіндік туғызатын білім мен қабілеттерді қамтиды.
Қатысымдық құзіреттілік лингводидактикада кейінгі жылдарда ғана сөз болып жатқан
мəселе. Əдіскер-ғалымдардың еңбектерінде бұл терминді екінші тілде үйренуші оқушыларға
тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік қатынаста, өмірде, кəсіпорындар-
да тілдік жəне қатысымдық тəсілдерді орынды қолданумен байланыстырады.
Жоғары оқу орындарындағы студенттердің қазақша қатысымдық құзіреттілігін қалыпта-
стыру мəселе тілдің қатысымдық жəне когнитивтік салаларының өзара ортақ бағыттары мен
ұстанымдарынан туындаған жаңа бағыт. Бұл бағыт бойынша студенттердің қазақ тілін мең-
геруде сөз мағынасын қабылдауда, пайымдауда, түсінуде танымдық ерекшеліктерін ескеру,
олардың түрлі өмірлік жағдаяттарда өз ойын, пікірін жеткізу, коммуникативтік міндеттерді
шешу, қатысымдық мақсатты іске асыруда тілдің заңдылықтары мен нормаларын орынды
пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру мəселелері алдыңғы орынға шығады.
Д.Т.Қаңлыбаеваның пікірінше, коммуникативті құзыреттер адамның қарым-қатынас жа-
сау мəдениетіндегі практикалық іске асыру болып табылады. Ол жеке тұлғаның өз бетімен
іске асыруға, өзін анықтауға дайындығын қамтамасыз етеді, қоршаған орта мен өзінің ара-
сындағы үндестікке жету шарты, адамның ішкі əлемін құру мен оны байыту құралы болып
саналады. Автор коммуникативті құзыреттер деп құрылысы бойынша күрделі, жеке тұлға-
ның өздігінен жүзеге асуы мен қарым- қатынастың негізгі міндеттерін табысты іске асыруын
қамтамасыз етеді жəне лингвистикалық іскерлікті меңгерумен, тіл мəдениетінің ерекше əле-
уметтік-мəдени нормаларын сақтаумен, қарым- қатынас жасаушылар арасында психологи-
ялық заңдылықтарды орнатумен, жағымды атмосфераны ұстаумен, жеке тұлғаның эмоцио-
налды-сезім аймағының дамуымен анықталады дейді [3].
Достарыңызбен бөлісу: