324
тілдік универсалийлермен туғаннан бастап таныс. Үйренуге болатын тілдерді табиғи тілдер
деп атайды. Мұны американдық психолог Б.Уорф ағылшын, неміс, француз тілдерін бөліп
мұны орташа еуропалық стандарт деп атайды, ал түркі тілдес халықтардың тіл ерекшеліктері
басқаша деген қорытындыға келіп ойды тіл билейді деп тұжырымдайды. Психолог М.Мұқа-
нов Уорфтың бұл пікірімен келіспейтіндігін білдіреді. Осы тұста Р.Адерсонның табиғи тілдің
мүмкін болатын формаларына қандай да бір шектеулердің тілге тəн нəрсе екендігі рас болса,
бұл шектеулер неге қатысты – табиғи тілдердің универсалийлік пішіндеріне ме əлде таным-
ның универсалийлік пішініне ме? деген сұрағын орынды қойылған өзекті мəселе деп ұға-
мыз. əртүрлі тілдерде үлкен айырмашылықтар бар болса да қандай да бір ұқсастықтары да
болады. Мысалы, бірде бір тілде толықтауыш бастауыштың алдында тұрмайды. Дегенмен,
мұндай шектеуді психологтар (Р.Адерсон, М.Мұқанов) когнитивті түрде түсіндіреді.
Адерсонның аталған еңбегіндегі тілді түсінудің үш кезеңін бөліп көрсетуі – біздің зерт-
теу жұмысымыздың нысаны - көркем мəтінді қабылдаудың психологиялық негізін құрайды:
бірінші кезең –
перцептивті кезең - қабылдау процесі жатады, оның көмегімен ең алдымен
акустикалық немесе жазбаша хабар кодталады; екінщі кезең синтаксистік талдау кезеңі деп
аталады.
Синтаксистік талдау - хабарламадағы сөздердің біріккен мағынасының менталды
репрезентациясы болып қайта құрылуы; үшінші кезең – бұл
қолдану кезеңі. Мұнда қабылда-
ушы сөз мағынасының менталды репрезентациясын іс жүзінде пайдаланады[1,329].
Көркем мəтінді игеру үрдісінде Торндайктің мəтіннің тұтастығы теориясын да қолдану
маңызды. Бұл теорияның мəні – егер құрылым жалпыға бірдей «табиғи» құрылымға қайшы
келсе, əңгіме есте нашар сақталатынын көрсетеді. Торндайк зерттеушілердің бір тобына түп-
нұсқа əңгіме беріп, енді бір тобына құрамындағы сөйлемдері шатасқан тəртіппен берілген
əңгіме тындатқан. Зерттеушілер негізгі түп нұсқа əңгімеден фактілердің 85%-ын еске түсір-
се, ретісіз əңгімеден фактілердің 32%-ын айтып бере алған[1,353].
Мандлер мен Джонсонның зерттеулері де балаларға əңгіменің себептік құрылымын есте
сақтау қиын екенін байқатады. Ересектер оқиға мен оның нəтижелерін еске түсіре алады, ал
балалар тек нəтижені ғана еске түсіріп, оның қалай іске асқанын ұмытады. Мысалы, бала
əңгімедегі майдың еріп кеткенін еске түсіреді, ал майдың күнде қалғанын ұмытып қалуы
мүмкін [1,353].
Сонымен, тіл мен таным арасындағы байланыс туралы психологиялық теорияларға сүй-
ене отырып, мынадай тұжырымдар жасауға болады:
- психологтар дəлелдеген 8-10 жастағы балалардың тілді меңгеруге деген қабілеттілігін
əдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың көркем сөзді меңгеру үрдісіндегі табыстың кілті
деп бағалауға болады;
- көркем мəтінді түсінуге оның тұтастығы ерекше рөл атқарады: оқушыларға ұсыны-
латын көркем мəтіндердің тұтастығы, белгілі бір ойға құралғандығы, ол ойдың басталуы,
жалғасуы, аяқталуының болуы – оқушылардың мəтінді қабылдауының шарты.
Достарыңызбен бөлісу: