390
денттерге сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіру модулі бойынша жұмыс атқаруда қазақ тілі са-
бақтарында лингвистикалық құзыреттілігі жоғары болатындығы дəйектелді.
Білім беруде біз тек студенттің сыни тұрғыдан ойлауын жетілдірмейміз. Сыни тұрғыдын
ойлау екі жақты іске асырылады:
студенттердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту;
мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Студенттердің сыни ойлауын жетілдіру үшін қандай стратегия тимімді?
Студенттерге теориялық материалды меңгерту үшін ең ұтымды стратегия қайсысы де-
ген ой тақырыптық жоспарды өте тиянақты жасау қажеттілігін түсіндім. Мен жоспарлаған
тапсырмалар студенттерге тиімді ме? Оқу тобындағы студенттердің білім деңгейіне сəйкес
келеді ме? деген сұрақтарға жауап бере отырып ойландым. Сыни ойлауда студенттер қандай
да бір мəселеге терең оймен қарайды, салыстыра отырып талдау жасайды, өз көзқарасын
білдіреді, өз ойын тұжырымды жеткізе алады.
«Практикалық қазақ тілі» пəнінен өтілетін тақырыптар аясында студент не біледі, не айта
алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітір-
кенгіш арқылы əсер ету үшін осы кезеңге қызмет ететін
“Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”,
“Жұпта талқылау”, “Болжау” т.б. интерактивті əдістер қолданылды. Күнделікті оқыту
процесінде студенттің толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беру-
ге үйретеді. Студенттер өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.
Бұл сатыда студенттер бір-бірімен əсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын,
кестесін жасау мақсатында басқалардың əр түрлі кестесін біліп үйренеді.
І курс студенттері «Практикалық қазақ тілі» пəнінен жинақталған білімдерін
«Білемін»
деген бағанға стикерге жазып дəлелдеді.
«Білгім келеді» бағанға өз ойларын еркін жеткізе
алды. Оқу тобындағы студенттер бір-бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезіне алды.
Түсініксіз жерлерін сұраудан қысылған жоқ.
Инсерт (Insert) стратегиясын пайдаланудың
тиімділігі сабақ беруде анықтылды. Инсерт – түртіп алу деген ұғымды білдіреді. Студенттер-
ге оқу материалы дайын түрде ұсынылады. Мəтінді оқып, кестені толтырады: «V» –
білемін;
«+» –
мен үшін жаңа; «–» –
басқаша ойлаймын; «?» –
түсінбедім, тереңірек білгім келеді.
Кестені мəтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң студенттер
жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады.
«Практикалық қазақ тілі» пəні – теориялық жағынан күрделі, əрі қызықты пəн. Бұл стра-
тегияны қолданудағы студенттердің қызығушылығын арттыру жəне ой толғау кезеңдерін
тиімді жүргізуге көмектеседі. Бұл стратегияның түрі сыни тұрғыдан ойлау модулінде ғана
емес, сонымен бірге бағалау моделінде де қолданылады. Кластер топтастыру деген ұғымды
білдіреді. Бұл əдістің авторы – американдық Гудлат.
Кластер стратегиясының мақсаты -
оқу материалын график түрінде жүйелеу, мəтіннің, яғни тақырыптың орналастыру.
Ойымызды қорытындылай келгенде, сыни тұрғыдан ойлауға негізделген сабақтар сту-
денттердің тіл білімі ғылымы жөнінде жинақталған білім қоры мен ұстанымдары туралы
ойлануына, білім деңгейін тексере отырып толықтыруына, сапалы білім алуына мүмкіндік
береді. Болашақ педагог кадрлардың кəсіби біліктілігі, пəндік құзыреттілігі, коммуника-
тивтік-когнитивтік құзыреттілігінің жоғары деңгейде болуы олардың сыни тұрғыдан ойлай
білу қабілетімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: