Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет18/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   343
тілі» (зертханалық жұмыстар) оқулығы – қазақ тілінен зертханалық жұмысты жүргізуге 

көмектесетін  бірден-бір  алғашқы  еңбек.  Егер  білімді  меңгеру  студенттермен  жүргізілетін 

тəжірибелік, зертханалық сабақтармен тығыз байланыстылығын ескерсек, аталмыш еңбек əр 

студенттің өзінше жұмыс жасауына бағыт-бағдар бере алады. Оқулық студенттің қабілетін 

ұштап, белгілі тақырыптардан тұңғиық терең теориялық білім алғызып, оны іс жүзінде қол-

дануға  дағдыландырады,  студенттің  өзіндік  қабілетін  анық  көрсетуіне  септеседі.  Ғалым 

Н.Оралбайқызы зертханалық жұмыс арқылы əр студенттің ұсынылған тақырыптарды қалай 

меңгергенін байқауға, тілге қабілетін анықтауға толық мүмкіндік туатындығын айта келіп, 

студенттің  қай  тақырыпта  нені  шала  меңгергенін  білу  жолымен  жеке  жүргізілетін  жұмы-

сты белгілеудің сапалы маман даярлауда атқаратын қызметінің ерекшелігін баса көрсетеді. 

Сондай-ақ тіл сабағынан жүргізілер зертханалық жұмыстың ортақ  əдістемелік иірімдеріне, 

қағидаларына сілтеме жасайды. Егер де жоғары оқу орындарында студенттердің семестр ба-

рысында сабаққа даярлану формаларын, білімін тексеру жəне жеке өзіндік  дербес жұмы-

стар жүргізудің  түрлері мен əдістерін жетілдіру сияқты мəселелердің жетіп артылатынын 

ескерсек, жоғарғыдай оқу құралының құны ерекше. Ендеше, ғалым Н.Оралбайқызының осы 

мақсатқа арналған оқу құралдарын шығару ісімен де шұғылдануы құптарлық тəжірибе. 

Ана тілін құрметтеуді ұлтқа сын тұрғысында түсінетін ғалым тіліміздің қазіргі жай-күйі, 

келешегі туралы  көкірегі қарс айырыла толғанады. Мəдениеті ертеден қалыптасқан, қазіргі 

дамыған елдер сапындағы мемлекеттердің бəрінде де ана тілін оқытуға ерекше мəн беретін-

дігіне көпшілік назарын аудартады. Техникасы ерекше өрлеген осы ірі мемлекеттер неліктен 

ана тілін оқытуға көп көңіл аударып отыратындығына ой жүгіртуге шақырады. «Тілді жақ-

сы білу – халықтың бүкіл  тарихы бойынша жиған бай рухани қазынасын меңгеру де. Тілді 

жақсы білмеген адам халықтың рухани байлығынан мақұрым қалады. Ондай адамда халқын 

құрметтеу, сүю, мақтаныш ету сезімінің болуы – күмəнді нəрсе», – дейді ғалым. «Ана тілін 

– оқу орындарының барлық сатысына кіргізу керек. Мектепте, лицейлерде, колледждерде, 

институт пен университеттерде ана тілі барлық курстарда оқытылуға тиіс. Оқытуды 

мамандықтарға байланыстыру қажет»,– деген ұсыныс та білдіреді.

Ғалым  Н.  Оралбайқызының:«Сапалы  маман  болмай,  қазақ  тілі  өзінің  мемлекеттік 



дəрежедегі  қызметін  жүзеге  асыра  алмайды.  Оқу  орындарында  ана  тілін  оқыту  дұрыс 

шешілсе ғана тіл мəртебесін көтере аламыз. Осы мақсатқа жету үшін, шетел тəжірибе-

лерінің ұтымды жағын қабылдап, əр нəрсені бір сылтау етпей, нақты іске көшіп, өзіміздегі 

жетістіктермен ұштастырсақ құба-құп болар еді», – деуі ортақ іске қозғау салар құнды 

түйін.


Академик  Н.  Оралбайқызы  жас  ғалымдарды  даярлау  ісінде  ұланғайыр  табыстарға  қол 

жеткізді.  Ғалым  тікелей  ғылыми  жетекшілігімен  тіл  білімі  теориясы,  шешендіктану  мен 

қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі  ілімі  бойынша  сандаған  ғылым  кандидаты,  ғылым  докторла-

рын даярлады. Бұл орайда ғылымда академик Нұржамал Оралбайқызы мектебі қалыптасты.

Сөзіміздің соңында қазақ тіл білімі, əдістеме ілімі саласында маңдай терін төге еңбек еткен, 

бүгінде адамның шер шағы тоқсанның төріне озып отырған ардақты да абзал анамыз, таңға-

жайып ғалым, аңызға айналған ұстазымызға төмендегідей өлең жолдарын ұсынбақпыз: 



27

Қастер тұтып туған жерін, мекенін,

Бəйгелерде оздырып тек бекем үн.

Темірқазық қылып əркез ұстаған

«Тіл тағдыры – ел тағдыры» екенін.

Сіз – дарасыз, биік тұлға байсалды,

Қилы кездер көрмеген еш тайсалтып.

Хиуаз, Мəншүк батырлардың ізіндей

Өн бойына дарыған шын қайсарлық.

Шəкірттерің сүңгіп білім бұлаққа,

Қанат қақты талай алып мұратқа.

Тектіліктің үлгісіне айналдың

Дақ келтірмей ұстаз деген ұлы атқа.

Парызың бар шаңырақта өтелген,

Бағалауға сөз қуатым жетер ме?!

Жүрегіңіз жаңылмасын соғудан

Сан ғылымның жүгін ауыр көтерген.

Ғұмыр жолын нұрландырған жарықпен,

Талантыңның асқақтығын таныпты ел.

Мерей жасың құтты болсын абзал жан

Тарихта аты қалар алтын əріппен!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет