Әр елдің ұлттық тағамы, ол елдің тарихын, мәдениетін, дәстүрін сипаттайды. Көптеген ел бар, олардың өздерінің ұлттық тағамдары бар. Орыстың қырыққабат сорпасы бар, грузиннің хинкалиі бар, өзбектің палауы бар, ал қазақтың бесбармағы бар.
Қазақ елінің ұлттық тағамының түрі көп. Өзінің ерекше жұмсақтығымен және дәмдердің нәзіктігемен танымал. Пісу уақытымен ерекшеленеді. Мен білетін ұлттық тағамдар, ол: бесбармақ, бауырсақ, қуырдақ, қымыз, шубат, құрт, айран, уыз, наурыз көже, жұқпа нан, май, қатық.
Ең танымал тағам, ол - бесбармақ. Ұлттық тағам тізіміндегі ең біріншісі. Ерекшелегі оның атауында. Ол үлкен піскен еттен тұрады, үй басы турап, етті тиісті адамға береді, және ең алғаш болып қарт кісілерге береді.
Ауылда тағы құрт жасайды. Ірімшікті ұзақ уакыт қайнатып , кішкентай дөңгелек етіп жасайды. Болған соң күнге кептірсе, кәмпит секілді шыға келеді. Оны қыста сорпаға қосып ішсе, емдік қасиеттері де бар.
Қазақ ұлттық тағамдары алуан түрлі, және бұл қазақ елінің ескі заманнан келе жатқан тарихын, дәстүрін сипаттап келеді.