Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ПРОФЕССОР НҰРЖАМАЛ ОРАЛБАЙҚЫЗЫ 90 ЖАСТА



Pdf көрінісі
бет22/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

ПРОФЕССОР НҰРЖАМАЛ ОРАЛБАЙҚЫЗЫ 90 ЖАСТА

Р.Ə.Шаханова, п.ғ.д., профессор

Ж.Қ.Балтабаева, п,ғ.д., профессор

Ж.Н.Сүлейменова, п.ғ.д., профессор

Көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, профессор Нұржамал Оралбайқызы 1928 жылы мамыр 

айының 15-де Павлодар облысы Баянауыл аулында Оралбай Қощығұлұлының отбасында дү-

ниеге келді. Павлодар қаласы мен Майқайың селосының мектебін бітірген соң, 1944 жылы 

Қыздар  педагогикалық  институтының  қазақ  тілі  мен  əдебиеті  факультетіне  қабылданып, 

3-курста Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына ауысып, оны 1949 жылы үздік 

бітіріп, аспирантураға қабылданды.

1956 жылы профессор Сəрсен Аманжоловтың ғылыми жетекшілігімен «Қазақ жазуы-

ның Қазан төңкерісінен кейінгі тарихы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, 

1962 жылы доцент атағын алады. 1952 жылдан 1975 жылға дейін Абай атындағы Қазақ пе-

дагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқар-

ды.


1971  жылы  «Қазақ  тіліндегі  етістіктің  аналитикалық  форманттары»  деген  тақырыпта 

докторлық  диссертация  қорғап,  1972  жылы  филология  ғылымдарының  докторы  ғылыми 

дəрежесін, ал 1973 жылы тіл білімі бойынша профессоры ғылыми атағын алды. 

1975  жылдан  1989  жылға  дейін  ҚР  Ғылым  Академиясы  Тіл  білімі  институтында,  аға 

ғылыми қызметкер, жетекші, бас ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.

1989 жылдан педагогтік қызметке ауысып, 1997 жылға дейін Абай атындағы Қазақ пе-

дагогикалық университетінің Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1990-

1991 жылдары осы университеттің проректоры қызметінде болды. 

1992-1994 жылдары профессор Н.Оралбай Түркия Республикасының Анкара универси-

тетінде  түркі  тілдері,  оның  ішінде  қазақ  тілінің  грамматикалық  құрылысы  жайында  дəріс 

оқыды.

Нұржамал Оралбайқызы қазақ тіл білімінің жазу тарихы, графика, орфография мəселе-



лерімен, қазақ тілінің морфология жəне сөзжасам салаларын зерттеумен шұғылданған. Ға-

лым қазақ тіл білімінің теориялық мəселелерімен қатар, оқыту əдістемесі мəселелерімен де 

айналысты. Оның еңбектері тек ірі басылымдарда ғана емес, сонымен қатар, бұрынғы Кеңес 

Одағы көлеміндегі «Советская тюркология» журналында, Новосибирскіде, Ташкентте, Қа-

занда, Түркия т.б. мемлекеттерде жарық көрген. 



31

Ғалым  республикалық  конференциялармен  қатар,  Анкара,  Кипр,  Анталия  қалаларын-

да өткізілген халықаралық конференция, симпозиум, құрылтайларда түркі тілдерінің өзекті 

мəселелеріне арналған баяндамалар жасады.

200-ден  астам  ғылыми,  ғылыми-əдістемелік,  көпшілікке  арналған  еңбектердің  авторы, 

профессор Н.Оралбайдың ғылыми шығармашылығы сан алуан.

  Ең  алдымен  қазақ  тілі  морфология  саласынан  жарық  көрген  еңбектерінен  “Етістіктің 

грамматикалық  категориялары”  (1986),  “Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістіктің  аналитикалық 

форманттары”  (1975)  “Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістіктің  аналитикалық  форманттарының 

құрылымы мен мағынасы” (1979), “Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі” (1986, А.Қалы-

баевамен бірге) , “Қазіргі қазақ тілінің морфологиясынан əдістемелік нұсқаулар” (1959,1961, 

1971,1981) т.б. айтуға болады. Н.Оралбай 1971 жылы түркология, соның ішінде қазақ тілінің 

теориясына үлкен үлес қосқан “Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формантта-

ры” атты тіл құрылымындағы өзекті мəселе төңірегінде докторлық диссертация қорғады. Бұл 

қазақ тілі морфологиясындағы ең күрделі де көлемді сөз табы етістікке қатысты зор жаңалық 

болды.  Сөздің  аналитикалық  формасы  –  тіл  біліміндегі  жаңа  танылып  жүрген  теория  еді. 

Н.Оралбайқызы қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары теориясының қазақ тіл 

білімінде тұңғыш жан-жақты қарастырып, осы ілімнің негізінің жасады, қалыптастырды. Ол 

алғаш қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманты теориясын ашты. Ғалым аналитика-

лық форма ілімінің тіл ғылымында жаңа сала болып танылатынын, аналитикалық формант 

түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де тиесілі екенін дəлелдеді. Бұл сындарлы ғылы-

ми тұжырым тіл ғылымында даусыз танылғаны рас. Н.Оралбай қазақ тіліндегі етістіктердің 

аналитикалық форманттарының тіл құрылымында алатын орны мен мəн маңызына, өзіндік 

ерекшеліктеріне  егжей-тегжейлі  тоқтала  отырып,  мұралар  тіліндегі  фактілермен  салысты-

рып-салғастыра отырып, жан-жақты талдап-таразылайды. Автор еңбегінде күрделі етістіктің 

өзіндік  табиғатын  ашып,  оның  екі  тең  мағыналы  сыңардан  тұрып,  біртұтас  мағына  беріп, 

сөзжасам объектісіне айналатындығын да алғаш айтты. Осы тұрғыда ерекше атап өтетін бір 

жайт – ғалымның бұрын-соңды танылмай жүрген етістіктің аналитикалық форманттарының 

категорияларға  қатысы  мəселесінің  кейінгі  кездері  талай  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының 

нысанасына  айналып,  ос  салада  біраз  шəкірт  тəрбиеледі.  Сондай-ақ  аталған  теория  қазақ 

тіл білімінде даусыз қабылданып, термині қалыптасып, А.Ысқақовтың “Қазіргі қазақ тілі” 

(морфология) атты жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен əдебиеті пəні мамандығына ар-

налған оқулығына енгізілді. Осы мəселені зерттеу барысында Н.Оралбайқызы қазақ тілінде 

қимылдың, амалдың қалай өткенін сипаттау категориясы барын ашты. Қазақ тіл ғылымы-

ның көрнекті өкілі Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алған күрделі сөз мəселесі, кейін орыс 

тіліндегі “вид” категориясымен, сондай-ақ аналитикалық формалы етістікке сырттай ұқсас 

күрделі етістікпен шатастырылып келген қимылдың өту сипаты категориясы алғаш рет осы 

еңбекте зерттеліп-зерделеніп, дəлелденеді. Зерттеу еңбегінде категорияны ғылыми тұрғыда 

қазақ тілінің бай материалдары арқылы жан-жақты қарастырып, оның ішкі бай мағыналық 

құрылымы мен берілу жолдарын, синтетикалық жəне аналитикалық формаларын, категория-

лардың бай көрсеткіштерін байыппен зерделеп, нақтылы анықтап, дəлелдеп, осы категория-

ның теориялық негізін жасады. Аталмыш категория 2002 жылғы “Қазақ грамматикасы” атты 

іргелі еңбектен де орын алған. 

 Осы еңбекте нөлдік морфема мен нөлдік форманы жүйелі түрде тілдің грамматикалық 

құрылысымен  байланысты,  жан-жақты  дəлелдеген  –  Н.Оралбайқызы.  Ғалым  морфеманы 

тілдік  таңба  тұрғысынан,  мағыналық  оппозиция  тұрғысынан,  синтагма  тұрғысынан  жан-

жақты  дəлелдеген,  оларды  сөздің  түрлену  жүйесі  бойынша  зерттеген.  Оны  осы  еңбектегі 

“Парадигмалар  жүйесіндегі  нөлдік  морфема  мен  нөлдік  форма”  деген  тақырыптан  көруге 

болады. Көмекші морфемалар тобындағы нөлдік морфема мəселесін 1976 жылы алғаш С.И-

саев пен Н.Оралбай көтерген еді. Профессор С.Исаев бұл мəселені “Грамматикалық мағына 




32

мен  форманың  сəйкестігі  жəне  нөлдік  тұлға”  деген  мақаласында  көтерген  еді.  Осы  идея-

ны ол “Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар” деген 1992 жылғы еңбегінде, 

“Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты” деген 1998 жылы шыққан еңбе-

гінде жалғастырып, дамытып, дəлелдеген. Сөздің нөлдік формасын 2002 жылы жарық көр-

ген  іргелі  еңбек  “Қазақ  грамматикасына”  енгізді.  Ғылымның  соңғы  жетістіктері  негізінде 

жазылған  бұл  грамматикаға  нөлдік  форма  мəселесінің  кіргізілуін  нөлдік  морфема,  нөлдік 

форма мəселесінің ғылымда танылуы деп бағалау керек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет