Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


Н. ОРАЛБАЕВАНЫҢ «ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНЕМІЗ» ОҚУЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет27/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

Н. ОРАЛБАЕВАНЫҢ «ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНЕМІЗ» ОҚУЛЫҒЫ 

ЖƏНЕ ОНЫҢ ƏДІСТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ

Əбдікəрім Т.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті қазақ тіл білімі 

кафедрасының профессоры, п.ғ.д.

Қазақ тіл білімінің өрістеуіне, кеңінен қанат жайып, өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бір 

топ ғалымдардың ішінде бітім-болмысы бөлек профессор Нұржамал Оралбайқызы ғылым 

көкжиегінде өзіндікдара өрнегімен, ерекше қолтаңбасымен терең із қалдырды. Қазақстан Ре-

спубликасына еңбегі сіңген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы,ұлағатты 

ұстаз  –  Нұржамал  Оралбайқызының  қалам  сілтеген  тақырыптары  қазақ  тіл  біліміне  жаңа 

леп, тың серпіліс алып келіп, тынысын кеңейтті десе де болады. Көрнекті ұстаздың қазақ тіл-

тану ғылымының алтын діңгегі болған «сөзжасам» саласының тұғырын көтеріп, оның биік 

белестерін айқындағаны – асқан білімпаздықтың, қажырлы еңбектің жемісі. Ғалымның бұл 

саладағы алғашқы ізашар еңбегі – «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» (Алматы, 1989) 

болатын  [1].  Ғалым  осы  еңбекте  сөзжасамның  тұңғыш  жалпы  теориялық  мəселелерін  кө-



40

теріп, сөзжасамның қалыптасқан заңдылықтарын, ұстанымдарын, тəсілдерін, үлгілерін, сөз-

жасамдық ұяларын, т.б қырларын дəлелдеп, ол сөзжасамның мазмұнын,құрылысын жасай-

тынын көрсеткен болатын. Кейінен де бұл салада көптеген іргелі ізденістер жасап, бірқатар 

толымды еңбектер жазған ғалым апайымыз Қазақстанда жоғары оқу орындары үшін тұңғыш 

«Қазақ  тілінің  сөзжасамы»(Алматы,  2002)  [2]  оқулығын  жазды.  Бұл  еңбек  қазақ  тілін  да-

ярлайтын мамандар үшін ең қажетті пəндердің қатарына жатады. Оның себебі осы кезеңге 

дейін студенттерге жалпы монографиялық еңбектерден мəлімет беріліп келсе, енді арнайы 

өзінің бағдарламасына сай оқулықпен оқылатын болды. Онда сөзжасам пəні ретінде тілдің 

сөзжасам саласының мəселелерімен бірге білім берудің мақсаты, оның міндеті көрсетілді.

Бүгінде апайымыз отырғызған мəуелі ағаш тамырын тереңге жайды. Сөзжасам саласын 

тіл  білімінің  дербес  саласы  деп  дəлелдеп,  оның  ғылыми-теориялық  негізін  құраған  ұстаз 

апайымыздың бұл ғылыми жаңалықтары соңынан ерген жас ізденушілерге жаңа бағыт берді. 

Бұл салада арнайы жүйелі зерттеулер жасалынып, оған өзіндік құнды пікірлер айтылып, сөз-

жасам саласын жаңа қырынан тануға жол сілтенді. Ғылымда іргетасы биік мықты ғылыми 

мектебін  қалаған  Нұржамал  апайымыздың  соңынан  С.  Рахметова,  М.Р.Қондыбаева,  Ф.Ш. 

Оразбаева, Т. Жұмажанова, А. Қыдырышаев, Ж. Жақсылықова, Р. Шаханова, З.Бейсембаева, 

Ж. Сүлейменова С. Маралбаева, Қ. Мухамади, Қ. Бибекова, А. Шарапиденова, К. Қарымба-

ева сынды ізбасар талантты шəкірттер еріп, көрнекті ұстаздың артқан сенімін ақтады.Бұдан 

Н. Оралбаеваның тек жоғарыда көрсетілгендей ғылымның тек теориялық тұғырнамасын қа-

лаған білікті ғалым ғана емес, сонымен қатар, оның шебер əдіскерлік қырын да тануға бола-

ды. Оны дəлелдейтін ғылыми еңбектері де аз емес. Сондай еңбектердің ішінде қазіргі таңда 

мемлекеттік тілді өзге ұлтты аудиторияларға тиімді үйретудің тың жолдарын айқындаған – 

«Қазақ тілін үйренеміз» деп аталатын құнды оқулығы жөнінде сөз қозғамақпыз.

Нұржамал Оралбаеваның «Қазақ тілін үйренеміз»[3] оқулығының құрылысы, мазмұны 

жəне оқыту əдістері жайына тоқталатын болсақ, оқулық жалпы қазақ тілін үйренемін, қа-

зақ  тілін  беруге  тырысамын  деушілердің  бəріне  арналып  жазылған.  Бұл  оқулық  мазмұны 

бағдарламадағы берілген сағат сандарына қарай жасалынған, 40 сабақтың үлгісінен тұрады, 

80 сағатқа мөлшерленген.

Оқулықта грамматикалық жəне лексикалық сөздің нормасы əр сабақта қаншадан сөз үй-

ренуге тиісті екендігі нақты анықталып берілген.

Жазба  жұмыс  түрлері  жеке  ауызша  тіл  дамыту  жолдарына  арналған  материалдары  да 

жеткілікті. Оқулықтың алғашқы түсініктемесінде қазақ алфавитінің ішінде 9 əріптің өзіндік 

ерекшелігі жайлы толық түсіндіріледі. Сонымен бірге жалпы қазақ əріптерінің жазылу, ай-

тылу ерекшелігі жайын түсіндіре келіп, дыбыстарды классификацияға бөледі. Сол сияқты 

сөздердің  айтылуы  мен  жазылуындағы  өзіндік  ерекшелігі  мен  айырмашылығы  орысшаға 

аударылып отырылады. Бұндай түсінік сабақты түсіндіргенге дейінгі мұғалімдер үшін өте 

қажетті бағыт. Бұл айтылғандарды қажетінде мұғалімдер басқа жерде іздеп жатқаннан гөрі, 

қазақша үйренем деушілер бірден оқулықтың алғашқы беттеріндегі нұсқауды оқып таныса-

ды да, жалпы одан бағыт алады. Яғни оқулықта оқытылуға тиісті материалдармен не істеуге 

болады, қалай оқытылуға тиісті деген мəселелерді түсіндіріп береді. 

Қазақ тілінің өзіндік спицификасы жайынан бағыт ала отырып, мұғалімдер немесе өзді-

гімен оқып үйренушілер келесі жеке тақырыптар бойынша əр сабақты түсіндірудің мазмұ-

нын меңгеріп ұғуына сөзсіз көптеп көмек етеді. Оқулық мазмұнынан басқа ұлттарға қазақ 

тілін жалпы оқытуға арналған оқулықтардан əлдеқайда ерекшеліктері мен айырмашылықта-

ры бар. Мысалға, кей оқулықтарда фонетикамен таныстыра келіп, мəтінмен немесе мазмұн-

ды суретпен жұмыс түрлері беріледі. Ал, бұл оқулықта 2 дыбысты қатар оқытады да, жат-

тығу жұмыстары көптеп жүргізіледі, т.б.

Тіптен,  кей  оқулықтардың  мазмұны  осы  оқулыққа  сүйеніп  жазылғандығы  да  көрінеді, 

бұл заңды да оны əлі де жазады, жазыла беріледі.




41

Оқулықта қазақ тілін үйренем деуші орыс аудиториясына қажетті мəселелердің барлығы 

айтылып ескертілген, бүкіл əдістеме орындалуға қажетті мəселелер мен тілдің тиісті спец-

ификасы ерекшеленіп дəлелденіп отырылады. Оқулық жасаймын деушілерге осы оқулықты 

негізгі тірек етіп алып, аудиторияның ерекшелігіне қарай арнап түрлі варианты оқулықтар 

жасай  беруге  əбден  мүмкіндік  бағыт  бар.  Осы  жүйе  тірек  ете  отырып,  бүгін  келе  жатқан 

методист ғалымдар оқулық мазмұнына сабақтастық жасап, оқыта берілуде, оқылып та жүр. 

Келесі, қазақтың өзіндік төл алфавиті ретімен берілген. Алфавиттің берілуі де өте орын-

ды.  Мұндағы  дыбыстарды  рет-ретімен  оқып  оларды  жатқа  айтқызып,  əрі  əріп  диктантын 

алып, т.б. бірнеше жұмыс түрлерін жүргізіп, алфавитті басқа тіл үйренушілерге əбден жат-

тауға да болатыны сөзсіз керек екендігі екскерілген. Одан алфавит ішінен қазақтың байырғы 

сөздеріне кездесетін 9 əріпті теріп алып, оның əрқайсысының айырмашылығы мен ерекшелі-

гін салыстыра отырып оқытуға əблен тиімді. Берілген əріптердің айтылу артикуляциясына 

ерекше мəн беріп сөйлеу мүшелерінің қатысына қазақ тілін үйренушілердің зейінін лабора-

ториялық жұмыс жүргізуге тіптен болады.

Оқулықтың негізгі бетінде фонетика бөлімі бойынша сабақ жүргізу жоспарлары баста-

лады. Əр дыбыстарды оқытуда біраз ғалымдар əр əріпке жеке тоқталып, сол əріптен өрбі-

ген сөздерді талдап жатату жүргізсе, ал профессор Н. Оралбаева бір дауысты, бір дауыссыз 

дыбыстарды  қатар  оқытуға  бейімделген.  Мысалы,  11  беттегі  1-сабақ  бойынша  дауысты 

«ұ»  дауыссыз  «қ»  дыбысын  қатар  жүргізу  жолдары  беріледі.  Ол  үшін  дыбыс,  дыбыстық 

сөздегі  орны,  дыбыстық  артикуляциясынан  тұратын  таблица  беріледі.Екі  дыбысты  қа-

тар оқыту ересектер үшін дұрыс та, əрі салыстыру əдісі арқылы түсіндірілу тиімді болуы 

үшін дұрыс та, əрі салыстыру əдісі арқылы түсіндірілу тиімді болып келеді. Бұл бойынша 

мұғалімнің қайталап оқуы, тыңдатуы бойынша жұмыс жүргізіледі де, бұдан соң дыбыстық 

жазбаша  жазу  үлгізі  үйретіледі.  Дыбыстардан  буын  құрастырылады.  Дыбыстарды  салы-

стырып дұрыс айтуға жаттығатын дұрыс оқытуға арналған əртүрлі көптеген материалдар 

ұсынылады. Енді «ұ» дыбысы талданып болған соң, «қ» дыбысына арналған жұмыс түр-

лері жүргізіледі. Бұл дыбысқа да алдыңғы дыбысқа да жүргізілген жұмыс түрлері беріледі 

де,  одан  барып  грамматикаға  көшеді.  Грамматикада  қамтылған  ережеден  сілтеу  есімдігі 

(бұл – ол, т.б.) сұрау есімдігі жəне жаттықтыру үшін бірнеше сөздер, сөйлемдер, мəтіндер 

беріліп отырылады.

Сонымен бірге оқулықтың бір ұтымды ерекшелігі 9 əріпті оқытумен шектеліп қалмай, 

тəрбие мəселесіне де ерекше мəн беріледі.

Мəтіндердің берілу формалары түрліше болып келген. Қазақшадан орыс тіліне, оырыс-

шадан  қазақ  тіліне  аудару,  сұрақ-жауап  түріне  арналған  мəтіндер,  диалог  түрде  берілген 

мəтіндер диалогтың өзі түр-тұрлі құрылымда қамтылған. Өлең, проза түрде берілген мəтін-

дер де жетерлік. 

Мəтіндерден кейін сөздік жұмысы үнемі жүргізіледі.

Жалпы оқулықтың мазмұны жан-жақты түрлі жұмыстар мен тапсырмалар түрленіп, əрі 

толықтырылып отырылады.

Оқулық шетелдік елдерде де тіл үйренем деушілерге үлкен көмек болып жатқаны бар-

шаға мəлім. Өз елімізде де туысқан елдерде де оқулықпен жұмыс жүргізілуде. Оқулық кімге 

болса да қажет-ақ. Тағы да оқулық түрлері түрленіп шыға берілсін десе де болады. Бұл жөнін-

де əлі де айтарлықтай мəселелер көп, бұл конференция əлі де жалғастырыла беріледі дейміз. 

Оқулықтың мазмұнында еліміздің ұлағатты əрі белгілі адамдар өмірінен шағын жинақы 

мəтіндер беріліп отырылған. Мысалы, Абай, Шоқан, Ыбырай, Жамбыл, Сəкен, Сейфуллин, 

Бейімбет Майлин, Ільяс Жансүгіров, Мұхтар Əуезов, Күлəш Байсейітова, Қаныш, Ғабит, Сə-

бит, т.б.

Бұл аталғандардың өмірінен деректер беру басқа ұлттар үшін де, өзіміздің де бұларды 

білмейтін азаматтарымыз үшін де өте қажет. Себебі, еліміздің осындай ұлағатты адамдарын 




42

білгізіп, болашағымызды елін, халқын сүюге баулу, патриоттық сезімдерін ояту міндеттері 

қойылғандығы оқулықтан жан-жақты көрінеді. 

Бұл  жерде  мəтіндер  беріліп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оны  оқытудың  жолдары, 

əдіс-тəсілдері де көрсетіліп отырылады. Бұл тіптен қажет мəселе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет