1.2 Орта мектепте математиканы оқытудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері
Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс жедел өсу кезенінде, математиканың рөлі артты, сондықтан математикалық білім қоғамдық зор маңызға ие болды. Орта мектепте балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай,оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті тұрде бақылап, талдау жасауға үйрету,ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге үйретеді.Дамыта оқыта отырып баланы шығармашылық бағытта жан – жақты тәрбиелейді, оқытады
Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық революциялар мектепке үнемі жаңа талаптар қойып, оқу материалдарының, ақпараттың ұлғаюына, күрделенуіне, пәндердің тоғысуына, білім алушылардың санының көбеюіне әкеледі. Қоғамға қажетті қозғаушы күш боларлық білікті маман әзірлеу мектептен басталып, болашақ мұғалімдерді сапалы дайындауды міндеттейді. Болашақ ғалымдар, инженерлер мен конструкторды, мұғалімдерді т.б. мамандар әзірлеуде, білім алушылардың логикалық ойлауын дамытуда математика пәні жетекші роль атқарады Математиканы оқыту әдістемесі – математиканы оқыту пәні ретінде қарастыратын, әртүрлі жастағы оқушы топтары үшін математиканы оқыту процесі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Өзінің зерттеулерінде және жасайтын қорытындыларында, ол, философия, педагогика, психология және математикамен, оны зерттейтін ғалымдар мен оқытушылардың жалпыланған іс-тәжірибесімен тығыз байланысты болады. Ғылым ретіндегі және пән ретіндегі математиканың айырмашылығы бар. Таза ғылыми математиканың зерттейтін нысаны: сан мен фигура, өлшемдер және кеңістіктік. Ал, мектеп математикасы оқушылардың жас ерекшеліктері мен ойларының даму деңгейіне лайықты белгілі бағдарламалық білім беруді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |