Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет291/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

Список литературы

1.  Митрофанова  О.Д.  Научный  стиль  речи:  проблемы  обучения.-М.:  Русский  язы-

к,1985.-231с.

2. Пособие по научному стилю речи:для вузов технического профиля/под ред. И.Г. Прос-

куряковой М.: Флинта:Наука, 2004. - 320с.

3.Михайлова С.Ю., Нефедова Р.М. Учимся писать конспекты, рефераты, изложения: По-

собие с тестами и ключами. – М.: Юнвес, 1998. – 256с.

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН ПЕДАГОГ ƏРІ ƏДІСКЕР

Еркінбек Тұрғынов,

Қазақстан, Алматы қ.,Абай атындағы ҚазҰПУ 

6D00117 ІІ курс докторанты

Бейімбет Майлинді жазушы, драматург, аудармашы, жəне публицист ретінде танып кел-

дік.  Оның«Сауаттылығы  төмендерге  арналған  оқу  кітабы  (1929ж.),  «Күш»  сауаттылығы 

төмендерге арналған оқулық (1930ж.), «Жаңаша оқы жəне жаз» оқу құралын (1931ж.), жəне 

Ғабит  Мүсірепов  А.Ситдықовпен  бірлесіп  «Сауатсыздарға  арналған  əліппе»  (1935-36жж.) 

еңбектерінің əдіснамалық негіздері атты төрт оқулық жазғаны мүлдем назардан тыс қалып 

келген-ді. [5, 334-347 бб] Осыған қарап-ақ Б.Майлинді жазушы əрі публицист ретінде дəріп-

теумен қатар оны ұстаз əрі мықты əдіскер-ғалым ретінде де алға шығаратын уақыт жетті. 

Ғалым  С.Ордалиев  Қостанай  өңірін  аралаған  бір  жылы  төмендегідей  деректерді  жа-

зып алған екен: «Бейімбет 1920 жылдың басында біраз уақыт сол кездегі губерниялық оқу 

бөлімінің  Дамбар  болысы  бойынша  инспекторы  қызметін  атқарған.  1920  жылдың  жазын-

да Дамбар болысынның сайлауы жүргізіледі. Болыстыққа жастардан Сапар Баймұқамбетов 

сайланады да, Бейімбет оқу бөлімінің меңгерушісі болады.» [3, 21б]. Міне, осы кезден бастап 

Б.Майлиннің оқу-ағарту ісіне шындап кіріскені байқалады.

Əрбір əңгімесінде сауатсыздықтың кесірінен өз орнын таба алмай, малы мен байлығына 

сеніп, адамшылықтан айырылған байлардың есігінде ғұмырын өткізген адамның қорлығын 

жеткізеді. Бұл болмысты Майлыұлы Жармұхамедтің баласы өз басынан кешіргеннен кейін 

кереметтей  суреттеп  отыр.  Бір  уақ  Бейімбет  (Бимұхамед)  Жармұхамедұлының  өмірдерегі-

не зер салалық: «Сонымен, Б.Майлин көршілес ауылдағы Арғынбай қажының медресесінде 

1911-1912  жылдары  оқиды.  Онда  15-16  жас  шамасында,  ересек  болып  қалған.  Медреседе 

басқалардан озық оқыса да, тастап кетуге тура келеді. Оған себеп – Арғынбай қажын, басқа 

да байларды жер-көкке сыйғызбай мақтайтын Əржікей деген ақынсымақ молдамен айтысып, 

оны өлтіре сынап, жеңіп шығуы. Сонда Бейімбет он алтыда екен. Бейімбеттің осы қылығын 

ұнатпаған қажы мен оның баласы Əбдірахман оқудың бітуіне бір ай қалғанда, оны медресе-

ден шығарып жібереді.» [3, 11б]. Осыдан-ақ, Бейімбеттің білім алу жолында бала жасынан 

қиындықпен бетпе-бет келгенін аңғарамыз. 




398

Əдеби  шығармаларының  көпшілігінде  Б.Майлин  қазақ  жастарының  оқуға  құмар, 

қоғамдағы өзгерістер үдерісі барысындағы кең етек алған надандықты жеңудің, əділеттікке 

жетудің жалғыз жолы білім үйрену екенін көрсетіп отырады. 

«Алғашқы  сабақ»  əңгімесінде:  «Мінайдар  жатқан  күйі  терезеге  қол  созып,  көк  тысты  бір 

кітапты қолына алды. Бұл – «Бірінші кластың оқу құралы» еді. Сауатсыздарды оқыту үшін ау-

даннан мұғалім келіп, мектепті осы ауылдан ашқан. Хат танымайтындар жазылғанда, соның бірі 

болып Мінайдар да кірген. Жасы отыз төртте. Күрек тісінің екеуі қатарынан түсіп, сөйлегенде 

тілі жылмаңдап көрініп тұрады. Мінайдар оқуға жазылғанда заман құрбылары қалжыңдап:

–  Нағыз оқитын кезің, тісің жаңа түсіп жүр ғой, – деп тəлкектеп еді. 

Мінайдар олардың тəлкегін елеген жоқ. Маржангүлдің қарсылығын да

жойып келеді.» [1, 302б]. 

Түннің едəуір уақыты өткен. Ауылдың бəрі де шамдарын сөндіріп, қалың ұйқыға кіріп 

жатыр. Жалғыз-ақ Мінайдардың үйінің шамы сөнген жоқ.  Маржангүл екеуі  көк кітап пен 

қарындашты  кезек  ұстап,  бір  əріп  болса  да  танығанша  құмар  болып  жатыр.  Көк  кітаптың 

ішіндегі  баданадай  əріптер  қазақ  елінің  қараңғы  түкпірінен  оқушы  тапқанына  мəз  болып 

жымыңдап күліп тұрған секілді... [1, 304 б].

Міне, қазақ даласындағы оқу, білім үйрену осылай болғаны қызық. Жазушының көркем 

тілді суреттеуі тіптен керемет. 

Бейімбет (Бимұхамед) Жармұхамедұлының шоқтығы биік шығармаларының бірі «Шұға-

ның  белгісі»  əңгімесінде  «Əбдірахман»  атты  кедей  шаруа  баласының  қалай  ел  қатары-

на қосылуы білімнің, ізденістің, талаптың керек екені туралы айтылады. Əңгімеден үзінді 

келтірелік: «...Əбдірахман деген болды. Жасында болыстың үйінде бұзау бағып өсіпті. Ол 

уақытта болыстың үйінде ауылнай учитель болатын. Балалармен араласып жүріп учитель-

ден оқып, төрт жылдан соң, мектепті бітіріп шығыпты. Əбдірахман өзі айтатын: күндіз қозы 

мен бұзау бағам, кешке келгенімде, учитель бір шын мұсылман жігіт еді, «байлардың бала-

ларынан да маған сенің оқығаның керек қой» деп түннің бірталайына дейін оқытушы еді. 

Ақырында сол учительдің тырысуының арқасында мектепті бітірдім...

Əбдірахманның əкесі өте кедей болған адам. Ауылнай школынан шыққан соң да, Əбдірах-

ман малайлықтын құтыла алмады. Ақырында, он екі – он үштегі шамасы болса керек, тұрған 

байынан  қашып  дуанға  барып,  бір  ноғайға  жаз  қызметке  тұрып,  қыс  оқуға  кірді.  Берірек 

келген соң жаз байларда орысша бала оқытты. Ақырында əйтеуір мектепті бітіріп шықты. 

Əбдірахман мектепті бітіргенде дабысы (дауысы, атағы – Е.Т.) жер жарды.» [1, 9б]. 

Бұл əңгіме кедей болса да білімімен өзіне шын сенімді Əбдірахман деген жігіттің бай-

дың Шұға есімді қызына ғашықтығы əңгіме болады. Қыз əкесінің Əбдірахманның əлеумет-

тік-тұрмыстың жағдайын жақсы білгендіктен менсінбей, қызын бермей, екі жастың бір бо-

луына кедергі келтіреді. Əңгімеде Шұға арнайы мектеп тауыспаса да қазақтың қызына тəн 

қарапайымдылық пен зеректік, тəрбие мен инабаттылықтың бар екені айтылады. Осыған қа-

тысты əңгімеде былай дейді: «Осы күнгілердің бір тапқаны қызды оқыту керек» дейді. Сол 

Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Ай-

нала айтқанда құдай сана берсін десейші...» деп қыздың білім алуын ерсі көрген қоғамның 

бір қырын айтып өтеді. Сондай-ақ, тек қыз баласын емес жалпы оқыту, ағартуды шоқыну 

ретінде қабылдауы жатыр. 

Медреседегі  оқуы  сəтсіз  аяқталғанмен,  Бейімбет  қол  үзгісі  келмейді.  Шамалы  уақыт 

орыс мектебінде оқиды. Оған көңілі толмайды. 

–  Егер шама болса, ішкі қалаларға барып оқыса ғой, шіркін! – дейді.

Бейімбет бір реті келгенде əжесіне, ағаларына көз тастап.

–  Е...е, құлыным-ау, сенен немізді аяймыз, күйзеп отырған менде не

бар  дейсің,  ағаларың,  тартынған  жоқ,  əлі  де  сені  оқытуға  шама-шарқын  салар,  –  деді 

əжесі Амандарға барлап қарап. 




399

– 

Оқимын деген талабыңды кеспейміз, тапқан-таянғанымызды аузымыздан жырып 



берсек те, оқытайық сені, – деді Аман. [3, 11б].

 

Бейімбет  Майлиннің  қарапайым  кедей  отбасыңдағы  ізеттілік  пен  ағаларының 



қамқорлығының  арқасында  Бейімбет  алғашында  Троицкідегі  «Уазифа»  кейіннен  Уфадағы 

«Ғалия» медресесіне оқуға түседі. Бейімбеттің бойындағы білімге деген құштарлық пен із-

денімпаздық оны ауылда қалдырмады. Қалаға барып білімін жетілдірді, өзін-өзі жан-жақты 

жетілдірді.

  Кез-келген ата-ана ұрпағының сауатты жақсы адам, азамат болғанын қалайды. Ауыл-

да қалып қоймай, əке-шешесінің қолдауымен қалаға үлкен білім ошағына барып, терең білім 

алуының арқасында ел ісіне араласуға жарайтын адам болып қалыптасуды өзіне міндет етеді. 

Бейімбет Байлиннің «Азамат Азаматыч» деп аталатын повестінде: Онда аты-жөні «Аза-

мат Азаматыч» емес, «Қожалақ Күркілдеков» еді. Қожалақ оқуға аттанарды əкесі Күркілдек-

тің ашамай белді шолақ торысы, бір мүйізі сынық қара сиыры, торғай қамасаң тұрмайтын 

қырық жасау қараша үйі бар еді... Көрінгеннің кірін жуып жүретін қатпар бетті қара кемпір 

– Өлімсек дейтін шешесі бар еді. Қожалақ оқуға жүрерде шешесі мойнына асылып, бетінен 

иіскеп сүйіп тұрып: 

–  Қалқам, ұмытпа! – деп еді Қожалаққа.

Əкесі Күркілдек торы атқа төрт аяқ арбаны жегіп, Қожалақты станцияға əкеліп салып, 

баласының бетіне бажырая қарап тұрып еді.

–  Оқы, қарағым, адам бол! – деп, бір күрсініп, ышқырынан түйіншек

шүберекті шығарып, термен жабысып мылжаланған ескі червон ақшаны ұстатып тұрып:

–  Ел іші ғой, өлмеспіз. Мынаны жолыңа ал, тағы да жіберіп тұрамын,

– деп еді. 

Қожалақ осылай оқуға аттанып еді...» ауылдан қожалақ болып кеткен

ұл мектеп оқып, азамат болуы ел ісіне араласуы, ата-ана үмітін ақтауына білімнің тікелей 

септігі  болғаны  баяндалады.  Сондай-ақ,  повестте  үнемі  кітап  оқуға  құмартқан  Азаматтың 

ойын-сауыққа аса құлықты еместігі де суреттеледі. 

  Осындай шығармалар арқылы оқырманды сол кездегі білімге құштарлықтың қалай 

болғанын  жеткізген.  Келешек  жастардың  білімге  деген  ынтасы  мен  жігерін  жани  түседі. 

Оқыған адам қай кезде де көзі ашық, көкірегі ояу жан-жағына сəуле шашып тұрады. 

Бейімбет Майлиннің өмір жолына тағы бір үңілсек оның «Ғалия» медресесін де бітіре 

алмағанына көз жеткіземіз. «...Өкініштісі сол, ол бала кезінен көрген көп бейнеттің салда-

рынан, қаржы-қаражаттың жетіспеушілігінен аш құрсақ оқып жүргенде, денсаулығы төмен-

дегендіктен, оқуын үзіп, «Ғалияны» бітірмей кетуге мəжбүр болды. Үш жылдық жоғары сы-

ныптың жартысын бітіріп, мол білім алып, татар, орыс жазушыларының тəжірибесінен үй-

реніп, қаламын ұштаңқырап алған ол, 1916 жылдың ақпан-наурыз айлары шамасында кетеді. 

Троицк қаласындағы Бəкір Алдияров деген дəрігерден ем алып жүреді». [3, 18-19б]. 

Дегенмен,  Бейімбет  Майлин  əрдайым  халық  өмірін  əдеби  шығармалар  арқылы  сурет-

теп, оқу-ағарту жұмысынан еш қол үзбеген. Заман тепершігі мен тұрмыс тауқыметін тартқан 

халықтың болашаққа деген үмітін оятумен үздіксіз айналысқан-ды. Келе-келе халық есесі 

кеткен еңбегінің ақысы мен жан жылуын оқыған азаматтар арқылы қайтарып отырғандығын 

жеткізеді.  Осындай  жағдайды  арқау  еткен  «Шапайдың  хаты»  əңгімесінде:  «Көрші  ауылда 

мектеп бар еді, сондағы комсомолдар малайларға болысады-мыс деген хабарды есіткен соң 

бір күні салып ұрып соған бардым. Сүйесін деген мұғалім бар екен. Жас баланың оңдысын 

да соны көрдім. «Атекелеп» іш-бауырымнан өтті. Мұңымды бастан-аяқ айтқызып отырып, 

жазып алды.

–  Сіз, жүре беріңіз, сотқа да берем, газетке де берем, – деп өз үстіне

алды.  Бірер  айдан  кейін  мен  туралы  газет  шықты  деп  естідім,  бірақ  сот  жағынан  əлі 

билік алған емеспін.» [1, 298б]. Жоғарыдағы əңгімеде шолақ белсенділердің озбыр əрекеті-




400

нен құтылған ауыл адамының да жарқырайтыны күні болатынына сендіреді. Ол үшін білімді 

болу керектігін насихаттайды.

  Халық арасында ортақ іске ұйытқы болатын, өз мүддесінен ел игілігін жоғары қоя-

тын азаматтарды қашанда үлгі тұту дəстүрі бар. «Бекберген мектебі» аталатын əңгімесінде: 

«Ауылдың қотанындағы дөңеске ұзыншалау салынған ағаш үй бірден көзге түседі. Ағашы 

жаңа.  Төрт  терезесі  бар.  Маңында  қоқсыған  қора-қопсы  жоқ,  сайдың...  Бірақ,  бала  көп: 

бықып жатыр, қайнап жатыр; біреу кіріп, біреу шығап жатыр. Мəз-майрам боп ойнап жатыр; 

өздерінше қуанышты, шаттық тойын тойлап жатыр...

–  Бұл не қылған үй? – деп сұрасаң сельвосет мүшесі Қали, желбейін

көтере түсіп, көкірегін жоғары көтеріп:

–  Бұл «Бекберген мектебі!» – дейді.

Қалиды жаныңа ертіп, қатарласа отырып мектепке барсаң жас балалар

ойынын тоқтатып, алдыңнан шығады. 

... – Жаса, балалар, жаса! – дейсің.

  Мектепке кіріп келсең алдында қатарлаған парта тұр. Мұғалімнің столы тұр. Үйдің 

керегесін қарап қара тақта тұр. [1. 323б].

– 

Мектептің тұрған жері дұрыс. Басқа жерден аша алмаймыз, мектепке беретін үй-



іміз жоқ, – деді.

Бекбергеннің мүлде күйіп кеткені ғой:

– 

Оңбайсың, кедей, осыны сөздеп айтып тұрсыңдар ма? Бізді адам қылып жүрген бай 



ма екен? Байсыз біз өле ме екеміз?.. Сөз емес. Үй керек болса, өз үйімді тегін берем, əйда, 

қаулыңды істе, көшір мектепті! – деді...

 

Мектеп  жайы,  артель-коллектив  жайы,  партия,  кеңес  комсомол  жұмысы  бірінен 



соң, бірі айтылып, еске салынып жатыр. Отырғандардың көбі партия мүшесі. Өздерінше ай-

тса, Бекбергеннің шəкірті! Бекберген өлген. Бекбергенге ескерткіш қылып, мектепті соның 

атына атапты. [1, 229-330бб]. Мектеп үшін үйін берген адамдар аз болмаған. Оны жазушы-

ның  «Даудың  басы  Дайрабайдың  көк  сиыры»  əңгімесінен  де  аңғарамыз:  «Жұрт  жиналды. 

Мектептің кішкене бөлмесіне сығылыса толды. Орын таба алмағандар балалар оқитын пар-

таның үстіне шығып кетті. Мектепке үйін жалдаған кісі: 

–  Партаның үстіне отыра көрмеңіздер, сындырасыңдар, – деп безілдеп

жүр. 


–  Сынса сен төлемейсің ғой, айына алатын ақшаңды білсейші, – дейді

біреулер.

–  Олай деме, мектеп көптің мүлкі, сынбасын! – дейді екінші біреуі.»

[2, 192б]. – деп мектептің халық игілігі үшін алқалы жиын өткізетін, ауыл тұрғындары-

ның жиналыс өткізетін зиялы орын, болашақ тағдырларын талқылайтын мəдени жер екенін 

көрсетеді. Осы мəтіннен аңғарғанымыз табиғатынан дарынды халық мектептің мəні мен қа-

сиеті толық маңызын иеленгенін байқаймыз. «Мектеп көптің мүлкі, сынбасын!» – деген сөз 

қай заманда болсын оқырманды бей-жай қалдырмай қоймайды. 

Қорыты айтқанда, Бейімбет Майлин тек əдеби шығармашылықпен айналысып қана қой-

май, педагогикалық оқытудың үздік үлгілерін жинақтап, арнайы оқулық шығарып, халықты 

сауаттардырумен айналысқан ұстаз. Публицистикалық мақалалары мен оқшаулары арқылы 

қоғамдағы озбырлық пен келеңсіздіктерді түйреп, халықты надандықтан арашалау жолында 

қайраткерлік  көрсетеді.  Халқының  сауатын  ашу  үшін  əдеби  шығармалар  терең  ой  салып, 

білімді болуға үндейді. Б.Майлин оқыған-тоқығаны мен бойына жиған білімін өзінің жеке 

басының жақсылығына, тұрмысын жақсартуға жұмсамай, бүкіл елдің игілігіне қызмет еткен 

нағыз ағартушы тұлға!




401



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет