Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет87/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   343
-у қимыл атауын тудырушы жұрнақ, -шы – етістіктен зат есім жасап тұрған жұрнақ. Міне, бір 

сөзге үш сөзжасамдық жұрнақ жалғану арқылы үш түрлі сөз табына ауысып, жаңа мағыналы 

туынды  сөз  жасалды.  Ал  айтқыздырт  етістігінде  үшөзгелік  етіс  формасы  жалғанып  тұр, 

бірақ сөз табы ауысқан жоқ, жаңа туынды жағына жасалған жоқ.. Сөйлеткіз сөзінде де солай. 

Мейлі, етіс жалғанған қай сөзді алсақ та ол етістік шеңберінде қалып қояды, басқа сөз табын 

жасай алмайды, жаңа мағына жасалмайды. Осы ретте ғалым Ы.Мамановтың мына сөзін айта 

кеткіміз келеді: «Өздік, ырықсыз етіс жұрнақтарының басты қызметі – сабақты етістікті салт 

етістікке айналдыру деп қараған жөн. Ал оның өздік, ырықсыздық мағынасы сол салт етістік 

формасынан шығатын логикалық мағынасы екінші орында қаралады» [5,44].

Ы.Маманов  етіс  жұрнақтарын  сөзжасам  қосымшаларының  қатарында  қарамайды.  Ға-

лым: «Туынды түбір етістік пен етіс формалары бір емес, бұлар екеуі – екі категория. Жұрнақ 

арқылы  жасалған  туынды  түбір  етістіктер  (ойна,  ойла,  қанық,  көлік)  түбір  сөз  дəрежесін-

де ғана қолданылады, оның жұрнақтары үстеме грамматикалық мағына білдірмейді, тек бір 

типтес сөздер тобын жасайды. Ал етіс жұрнақтары негізгі жəне туынды түбір етістіктерге 

жалғанып, жалғанған сөздің лексикалық мағынасын өзгертпей, оларға грамматикалық мағы-

на үстейді, грамматикалық модель жасайды» [5,17] деген пікір білдіреді.




111

Сөз  тудыратын  жұрнақтар  сөзжасамның  морфологиядан  бөлініп  шығуына  түрткі  бол-

ды деуге болады. Ал сөз түрлендіретін жұрнақтар сөзжасам қосымшалары қатарына жатады 

ма, жоқ па деген сұрақ дау тудырып жүр. Əрине оны ғалымдардың басым көпшілігі əртүрлі 

дəлелмен жатқызып жүр. Бірақ сөзжасам қосымшаларына жатқызбайтын ғалымдар да кез-

деседі. Ал біздің ойымызша, тек сөз тудыратын қосымша ғана сөзжасамда қарастырылғаны 

дұрыс. Себебі, сөз түрлендіретін жұрнақтан жаңа форма тудырғанымен, жаңа мағына тудыра 

алмайды. Жаңа мағына – сөзжасамның басты мақсаты. Бірақ көп жағдайда сөз түрлендіруші 

жұрнақтар да сөзжасамдық қосымшалардың қатарында қарастырылады. Кейінгі еңбектерде, 

əсіресе ұя құру барысында сөз түрлердіруші жұрнақтар көп қолданылады. 

Біздің ойымызша, етіс жұрнақтары сөзжасам қосымшаларының қатарына кіре алмайды. 

Түйіндей келе, айтарымыз, сөзжасам – жаңа сөздердің ұясы. Сондықтан бұл салада түр-

ленген емес, жаңа мағынаға ие сөздер ғана қаралуы орынды сияқты. Сөзжасамдық қосым-

шаларға  сөз  тудыратын  жұрнақтар  ғана  жатқызылуы  тиіс.  Ал  сөзтүрлендіруші  жұрнақтар 

морфология саласында қарастырылса, себебі олардың қызметі – форма тудыру. 

Əдебиеттер:

1. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. – 784 бет.

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 бет

3. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. – Алматы: Ғылым, 

1988. – 104 бет.

4. Ибатов А. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі: – Алматы: Мектеп, 1988. – 136 бет.

5. Маманов Ы. Қазіргі тіл білімінің мəселелері. – Алматы: Абзал-Ай, 2014. – 638 бет. 

6. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. – Алматы: Сөздік-Сло-

варь, 1998. – 304 бет

7. Қуандықова Д. Етістікті сөзжасамдық ұяның семантикалық сипаты. – Алматы: КазН-

ТУ, 2005. – 26 бет. 

8. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1989. – 368 бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет