1. Суперқұрылым (holistic structure) дискурстың ең жоғарғы деңгейде ұйымдасты-
рылуын жанрға байланысты қарастырады. Бұл деңгейде мəтінінің тарауларға бөлінуі,
ресми қағаз үлгілерінің рəсімделуі сипатталады [1]. Мысалы, Мен ескіше жыл басы деп
есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлай-
тын біздің елдердін бірсыпырасы 10 ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде өткі-
зеді екен. Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық боран да
болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір
қара үйде тағы бір бала туа салған да, басқа балаларының атына ұйқастыра ат берілген.
Əрине, ол күннен менің есімде қалған еш нəрсе жоқ... - Қайсар болушы ең, жыламайтын едің,
- деп шешем əр кезде айтып отыратын... Əке-шешеден күнде еститін көп жақсы тілек-
тердің өзгесі келмесе де, «оқу оқисыңдар» дегендері екі жылдан кейін келіп еді. Жаз бір
көлдің басында, қыс айларын əр ағаштың қойнаунда өткізетін бес-алты ауыл «балалардың
тілін сындыру үшін»молда жалдапты (Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық əнгіме»).
а. Үзінді əдеби жанр түріне, көркем стилистика (əдебиет стилі) жатады.
ə. Үзіндіні мағынасына қарай «Мен өмірге келген күн», «Мінездеме», «Ата-ана үміті»
сияқты логика-семантикалық абзацтарға бөлуге болады:
Бірінші абзац кейіпкердің өмірге келуін сипаттайтын 5 сөйлемнен тұрады. 1. Мен ескіше
жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын. 2. Қазақ даласының ең суық
жағын жайлайтын біздің елдердін бірсыпырасы 10 ғасырдың бас кезінде де қыс айларын
киіз үйде өткізеді екен.3. Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қалар-
лық боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. 4. Менсіз де үбір-
лі-шүбірлі бір қара үйде тағы бір бала туа салған да, басқа балаларының атына ұйқастыра
ат берілген. 5. Əрине, ол күннен менің есімде қалған еш нəрсе жоқ...
Екінші абзац кейіпкердің мінез-құлқына берілген 1 сөйлемнен құралған сипаттамадан
тұрады. 1. - Қайсар болушы ең, жыламайтын едің, - деп шешем əр кезде айтып отыратын...;
Үшінші абзац ата-ананың бала болашағының жақсы болуын тілеуі 1. Əке-шешеден күнде
еститін көп жақсы тілектердің өзгесі келмесе де, «оқу оқисыңдар» дегендері екі жылдан
кейін келіп еді. 2. Жаз бір көлдің басында, қыс айларын əр ағаштың қойнауында өткізетін
бес-алты ауыл «балалардың тілін сындыру үшін» молда жалдапты» жолдарымен берілген
2 сөйлемнен тұрады.
Бұл 3 абзацта 3 түрлі ақпарат берілсе де, мəтін мазмұнын «Балалық шаққа саяхат» деген
тақырыппен біртұтас мазмұнын беруге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |