баста, бол, біт, қара т.б.; ə) кейінгі (омонимі жоқ) көмекші етістіктер: ет, еді, екен, емес деп
екі топқа бөлуі ғалымдар арасында əлі де негізгі ұстаным саналады.
Диссертациялық жұмысы арқылы ғалым қазақ тіл біліміне жаңалық əкеліп, жаңа сала-
ның қалыптасуына мұрындық болды. Ғылыми зерттеуде ізденіс иесі грамматикалық даму
нəтижесінде лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен көмек-
ші етістіктерді жан-жақты талдайды. Ғалым: «Көмекші етістіктердің өте жоғары дəрежеде
абстракциялануы, олардың грамматикалық мағыналарының кеңеюі, түрлі категория мағына-
ларының көрсеткіштеріне айналуы, тұрақталуы грамматикалық даму заңдылығының нəти-
жесі», – деп, көмекші етістіктердің грамматикалық категориялар көрсеткіштері қызметтерін-
дегі мағыналық ерекшеліктерін саралап береді.
Біздің лингвистердің бойында еңбектенумен қатар жазу бар, жазғаннан сырт айту да бар.
Ғылым сөзі сөйленген ірі жиналыстарда салтанатты мінберлерде тұрып айтарын ірікпей,
батыл айтып қалған ғалымдардың сол тамаша əдетттері бүгінгі кейіпкерімізге де жұғысты
болған. Дегенмен баяндама жасаудың да қазақ ғылымындағы орны ерек дүние саналады.
Н.Оралбай республикалық, халықаралық конференцияларда түрлі ғылыми баяндамалар
жасады. Нұржамал Оралбай 1992-1994 жылдары Түркия Республикасының Анкара универ-
ситетінде түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің грамматикалық құрылысы жайында дəріс
оқыды.
Морфология теориясын ғылыми жаңалықтармен байытып отырған ғалым қалыптасты-
рған жаңа теория ғылымда танылып, оқулықтарға енді. Сондай-ақол көбірек айтып, көбірек
жазып жүрген «сөздің аналитикалық формасы теориясы» бірнеше ғалымдардың еңбектерін-
де зерттеліп, əрі қарай дамытыла түсті. Оралбайқызы Нұржамал нөлдік морфема, нөлдік
форма мəселесін ғылыми айналымға енгізді.
Сонымен бірге бұл кісінің ұзақ жыл ұстаз болғанын зиялы қауым жақсы біледі. Талай
ақүрпек балапандардың қанаттарын қатайтып, тəриелеп ұшырды. Ғалым болған кісі ұлтына
өзі үлес қосуы – бір бөлек əңгіме де, ұлтқа қызмет ететін ұл-қызларды өсіріп жеткізуі – бөлек
əңгіме. Ғалымның ұстаздық жолы туралы бұдан бұрын «Ұстаздық еткен жалықпас» (Ғалым,
педагог Н.Оралбаева туралы бір сөз) атты мақаламыз да жарияланған болатын (Профессор
Н.Оралбаева жəне тіл білімі мен əдістеме ілімі. Алматы. 2003 3-4- б.). Сондықтан Оралбай-
қызының екінші үлкен қыры саналатын педагогтік ұлы жолына қайтадан қалам тербеп оты-
рмадық.
Əрі ғалым əрі ұстаз болған профессорлардың қашан да өзгелерден еңсесі биігірек тұра-
ды. Бұл тұрғыдан алғанда, Нұржамал – осы санаттағы бақытты ұстаздардың бірі. Оның
тəлімін алып ұядан қияға қанатын қаққандардың саны да аз емес. Ендеше, Оралбаеваның
бұл саладағы ұлағатты істерін ізін басқан ізгі шəкірттері тіпті де кемелді етіп жеткізетініне
сенеміз. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы ғой.
Ал біз ғалымның өз көзімізге жылы ұшырап, жанымызға жақын келетін тұстарын сөз
етеміз. Содан да болар, сарапшы жұртқа салмақты сөз ұсынған ғалымымыз жайлы есімізге
ең əуелі оның тіл ғылымындағы атқарған жұмыстары орала береді. Бір ғана мысал айтар
болсақ, профессор Н.Оралбайдың ғылыми шығармашылық еңбектерінен кесек орын алатын
мəселе – қазақ тілін оқыту əдістемесі. Оның 1996 жылы шығарған «Орыс тілі мектептерінде
қазақ тілін оқыту əдістемесі» атты оқулығы да бір қырынан қарағанда таза лингвстикалық
еңбек деуге болады. Себебі бұған дейін ол салаға ат ізін салып, жемісті нəтиже берген – Н.О-
ралбайқызы деуге толық негіз бар.
Қазақ ғылымының кем-кетігі өзінің топырағында туған ғалымдардың табан ет, маңдай
терімен толығып келеді. Қазақ лингвистикасы да солай. Реті келгенде, бір жағынан, өскен
елі, енді бір жағынан, ғылым-білімге оң бағасын бере білетін қатысты орындар туған тілдің
туын биікке қадаған ғалымдарын марапаттап жатады. Бұл жөнінен алғанда да əңгімеге арқау
болып отырған қазақ қызы көп рет құрмет төрінен көрінді. Өз тарапымыздан да Нұржамалды
10
сондай марапаттарға лайық тұлға деп қараймыз. Біз бір ғылымның жолында бірге еңбектен-
ген əріптес, замандас іні ретінде Нұржамалдың жеткен жетістіктері үшін қуанамыз, əрине.
Бəрінен де маңыздысы – Нұржамал ұлт алдындағы перзенттік борышын абыроймен атқа-
рып, халықтан алғыс алып отыр. Профессор Н.Оралбайқызы – еселі еңбектерінің жемісін
көруге қашан да лайық тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |