Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ме) по своему значению и по изменяемости по категориям глагола совпадает с формантом -а



Pdf көрінісі
бет6/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

ме) по своему значению и по изменяемости по категориям глагола совпадает с формантом -а 

ал (-ал алма). Глагол с формантом -ғы кел (-ғы келме) так же, как -а ал (-а алма), не упо-

требляется в повелительном наклонении и в определенном будущем времени с показателем 



-мақ», – дейді [1, 40].Аналитикалық құрылымдарды талдай отырып, ғалым қазақ тілінде вид 

категориясы жоқ екенін дəлелдеп берді. Қазақ тіл білімінде орыс тілінің ықпалымен бірқатар 

ғалымдар көмекші етістіктердің видке қатысуына қарай топтастырып, сипаттағаны белгілі: 

Н.Сауранбаев «Семантика и функций деепричастии в казахском языке» (1944)‚ «Русско-ка-

захский словарь» (Под общей редакцией проф. Н.Т.Сауранбаева (1954)‚ «Современный ка-

захский язык» (1962)‚ 1956 ж. координациялық кеңесте сөйлеген сөзі‚ И.Ұйықбаев «Қазіргі 

қазақ тіліндегі етістік көріністері» (1958), кеңесте сөйлеген сөзі, Н.Х.Демесинова «Сопоста-

вительная грамматика русского и казахского языков (синтаксис)» (1966) т.с.с. 

Қазақ  тілінде  вид  категориясы  бар  деушілер  оны  түрліше  топтастырды:  Н.Сауранба-

ев  аяқталған  (законченный),  аяқталмаған  (продолжительный)  жəне  белгісіз  (неопределен-

ный)  түрін  көрсетсе,  И.Ұйықбаев,  Ы.Маманов  созылыңқы  (аяқталмаған)  көрініс  (сыпат), 

аяқталған көрініс (сыпат) деп екіге бөлді. 

Н.Сауранбаев «Семантика и функции деепричастии в казахском языке» деген еңбегінде: 

«Казахские, а также тюркские глаголы сами по себе не выражают видовых оттенков. Поэто-

му образование категории сложных глаголов есть по сути дела оформление категории видов. 

Деепричастие  в  составе  сложного  глагола  есть  форма  выражения  вида»,  –  деп  түсіндіреді 

[2, 176]. Ы.Маманов «совершенный вид», «несовершенный вид» деген атаулардың орнына 

«созылыңқы сыпат», «аяқталған сыпат» деп қолданып, əрбір сыпатты жасауға қандай көмек-

ші етістіктердің қатысатынын көрсетеді [3]. Атап айтқанда, қалып етістіктерінің созылыңқы 

сыпат жасайтынын, ал басқа мəнді көмекші етістіктер аяқталған сыпат жасауға қатысатынын 




6

көрсетеді. Сонымен қатар ғалым 1956 жылы 24-27 қыргүйек аралығында Алматы қаласында 

өткен түркі тілдеріндегі етістік түрлері мен сабақтас сөйлем проблемаларына арналған коор-

динациялық кеңестегі «Глагольные виды и их выражение в казахском языке» деген баянда-

масында, «Қазақ тілінің грамматикасында» (1967) да көмекші етістіктерді сыпат (вид) түріне 

қарай жіктейді. Ы.Маманов көмекші етістіктерді а) көріністі білдіруіне қарай; ə) қимылдың 

бағытын білдіруі; б) модальдылықты білдіруі; в) райды білдіруі; г) синтаксистік қатынасты 

білдіруіне қарай топтастырды. Ы.Маманов е құрамында көмекші етістігі бар күрделі форма-

лардың қимылдың фазасын (саты) жасауға қатысатынын айта келіп, оның 6 түрін көрсетеді. 

Олар: а) қимылға дайындық; ə) қимылды жасауға бейімделу; б) қимылдың басталуы; в) істің 

өтуі; г) бітер алдындағы іс; ғ) істің бітуі.

  Н.Оралбаева  Ы.Мамановтың  жоғарыда  келтірілген  6  фазасын  3  фазаға  сыйғызуға  бо-

латынын айта келіп: «Фаза қимылдың басталуы мен аяқталуына дейінгі аралықты қамтуы 

керек»,  –  деген  тұжырым  жасайды.  Яғни,  қимылды  істеуге  дайындалу,  қимылды  жасауға 

бейімделу сияқты сипаттамалар фаза шеңберінен тыс қалатынын, себебі мұнда қимылдың 

əлі бастала қоймағанын ескертеді. Сол сияқты бітер алдындағы іс пен біткен іс деп аталатын 

фаза түрлерін жинақтап, бір фаза ретінде беруге болатынын көрсетеді. Сөйтіп, қимылдың 

өту  фазасын:  а)  қимылдың  басталуы  (-а  баста‚  -п  қоя  бер‚  -п  сала  бер‚  -п  жүре  бер);  ə) 

қимылдың орындалып жатуы (-п келе жат‚ -п бара жат‚ -п бар‚ -п кел‚ -п жат‚ -п тұр‚ -п 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет