«Қазақша-орысша тілмашта» сол кездегі қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтарға сəй-
кес жаңа ұғымдар мен атаулар да көптеп кездеседі. Осы тұрғыдан алғанда, сөздік түзушілер
шығармашылық та қызмет атқарған сияқты. Ондағы терминдердің қазақ тіліндегі баламасы
бүгінгі таңдағы қолданысымен салыстырғанда, мағынасы əлдеқайда дəл де түсінікті болып
Сөздік түзушілер аударуға көнбеген сөздерді қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сəйке-
рушылар Х.Досмұхамедұлы, А.Байтұрсынұлы еңбектерін басшылыққа алғаны байқалады.
126
Жат сөздерді «өзге жұрт тілдерінде айтылуынша ешбір бұзбастан, айнытпастан алу керек.
Кəзір Қырым, Əзербайжан сықылды өзге ұлт респөбликелері де солай алып жүр. Біз неге
сүйтпейміз?» [4, 168] – деушілерге Х.Досмұхамедұлы «Жат сөздерді қолданғанда, тілімізге
ылайықтап алу керек. Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп
айтса да болады… Жат сөздерді өзгертпестен алып, бастапқы жат қалыбымен тілге сіңіреміз
дегендік – шатасқандық. Бұ жолда жүрген адамдар тілімізге орасан зиян келтіреді», -деп [5]
жауап берсе, А.Байтұрсынұлы «Сəбитке жауап» деген мақаласында: «Жат сөздерді басқалар,
мəселен, орыстар өз тілінің заңына үйлестіріп алғанда, солай алуға біздің де қақымыз бар»,
– деген еді [6] Бұдан сөздік түзушілер мен А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы сияқты тіл
білімпаздарының ойлары, тұжырымдары үндес, сабақтас болғанын көреміз.
1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде жазу, əліппе
мəселелері, оқу, ғылым кітаптарын көбейту, бастауыш мектеп бағдарламаларын дайындау
шараларымен қатар термин (пəн сөзі) мəселесі де арнайы сөз болады. Онда Елдес Омаров
баяндама жасап, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатұлы, М.Тұрғанбайұлы т.б. қоштап сөз сөй-
лейді. Съезде, негізінен, терминдерді қазақтың өз тілінен алу, одан табылмаса, басқа түркі
халықтарының тілінен іздеу, одан да табылмаса, еуропа халықтарының ортақ терминдерін
қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарына келтіріп алу керектігі айтылады. Съезде сөйлеген
сөзінде де, «Жат сөздер туралы» деген кітапшасында да Н.Төреқұлов түркі тілдерінен сөз
іздемей-ақ «делдалсыз тура аурыпадан алуды» ұсынады да, бибауырмал дегеннің орны-
на интернационал, тарих сөзінің орнына история, тарихшы сөзінің орнына историк деп
қолдану керектігін айтады.
«Қазақша-орысша тілмаштағы» терминдерді шартты түрде төмендегідей етіп топтасты-
руға болады:
а) тіл ғылымына қатысты терминдер: одағай – междометие; мұқам - жаргон; лұғат қи-
Достарыңызбен бөлісу: