НЕЙРОЛИНГВИСТИКА: ТІЛДІК СИПАТ ЖƏНЕ ҚАЛЫПТАСУ
Жұбантаева Ж.Қ.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің
аға оқытушысы,
Əбдіразақ А.А.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
ҚТОƏ-41 тобының студенті,
Annotation: In the article one of the new directions of linguistics, developed at the end of
the XX century - scientifi c research on the direction of neurolinguistics. The views of scientists in the
process of neurolinguistics formation are discussed chronologically and the importance of science
in other related fi elds of science.
Нейролингвистика неврология жəне лингвистика ғылымдарының тоғысында пайда болған.
Оның негізгі қарастыратын мəселесі сөйлеу əрекетінің ми механизмдерімен қарым-қатына-
сындағы тіл жүйесі. Адам миының құрылысы мен қызметін зерттеу барысында бас миының
қабығы бөлігінің адамның сөйлеу əрекетімен байланысты мəліметі алынған. Сөйлеу əрекетінің
негізінен үлкен ми сыңарының сол жақ жартысында оқшауланғаны айқындалған. Адамның
ауызша сөйлеу əрекетін басқаратын Брок аймағы бас миының сол жақ жартылай қабығының
төменгі маңдай қатпарындағы артқы бөлігінде орналасқан. Ауызекі тілді түсінумен байланы-
сты Вернике аймағы мидың сол жақ жартышарының бірінші (жоғары) самай қатпарларында
орналасқан. Тілдің логика-грамматикалық байланыстарына сол жақ жартышардың төбе-шүйде
бөлігі жауапты. Маңдай бөлімдері бас миының осы жəне басқа да аймақтарын басқарады. Бас
миы сырттай қарағанда саңырауқұлаққа ұқсас болып келеді. Ең көне бөлігі «саңырауқұлақтың»
аяғы болып табылады, ол ғалымдар «рептилия миы» деп атап кеткен ми бағанасы. Мидың бұл
бөлімі адамның байырғы түйсіктеріне жауап береді. Ми бағанасы жұту, түшкіру, жөтелу жəне
т.б. сияқты рефлекстерді басқарады. Мидың екінші бөлігі – жартышар қатпарына дейінгі жері –
«ескі ми» деп аталып, жүйке жүйесінің эволюциясымен байланысты болып табылады. Мұнда
иіскеу, дəм, эмоция жəне т.б. орталықтар орналасқан. Жəне жартышардың үшінші қатпарында
сөйлеу əрекеті мен ауызша ойлау қабілетін қамтамасыз ететін сөйлеу орталықтары орналасқан.
Нейролингвистика миды адамның сөйлеу əрекеті мен жады, зейін, эмоция жəне т.б. психика-
лық үрдістермен байланысты адамның ауызша ойлау əрекетін де қарастырады [1, 4].
Нейролингвистиканың мұндай кең ауқымды нысаны бір жағынан, оның пəнаралық қа-
жеттілігімен, екінші жағынан, оның көптеген мəселелерімен байланыстылығында. Алғашқы
жəне бастысы нейролингвистика қатаң парадигма емес, яғни оның ережелері айтарлықтай
айқындалмаған. Аталған пəн арқылы қарастырылатын мəселелер шеңбері жеткілікті түрде
кең жəне өз ішіне əртекті теориялық пен эксперименталдық материалдарды қамтиды. Əдет-
тегідей, кез келген нейролингвистикалық зерттеулер үш бөлімді өз ішіне қамтиды. Олар:
лингвистикалық, нейрофизиологиялық жəне психологиялық. Соңғы уақыттары бұл аспек-
тілер биологиялық бөліммен де толықтырылып жүр. Нақты ғылыми-зерттеу жұмыстары
көрсеткендей, əрбір бөлімнің «үлес салмағы» бəрінде бірдей емес. Алдыңғы қатарда шын
мəнінде мəселен Р.О.Якобсонның [2] лингвистикалық бөлімі айтылады, екіншісінде – А.Р.Лу-
рияның [3] нейрофизиологиялық бөлімі, ал үшіншісінде, Л.С.Выготскийдің [4] психологи-
ялық бөлімі қарастырылады. Сонымен бірге нейролингвистикалық парадигмада оны жеке
пəн ретінде бөліп көрсететін өзіндік зерттеу нысаны мен оның құрастырылуының тəсілдері,
жеке кілтті ұғымдары, зерттеудің əдістері мен əдістемесі бар.
Лингвистикалық энциклопедиялық еңбекте нейролингвистикаға ғылым ретінде мына-
дай анықтама берілген: «Нейролингвистика – неврология жəне лингвистика жігінде пайда
132
болып, тіл жүйесін тілдік мінез-құлықтың милық субстраты арақатынысымен қарастыратын
ғылыми пəн» [1, 5].
Қазіргі нейролингвистика үшін тіл ерекшелігін материалдық жəне идеалдық, биологи-
ялық жəне психикалық, əлеуметтік жəне индивидуальдық күрделі үйлесім ретінде түсіну
тəн, бұл өз кезегінде нейролингвистиканың тек неврологиямен ғана емес, басқа да ғылым
түрлерімен кеңінен байланысатынын айқындайды.
Нейролингвистиканың ең жақын жəне «табиғи одағы» ретінде лингвистика жəне пси-
Достарыңызбен бөлісу: |