СӨЗ ТІРКЕСІНЕ ТƏН СИНТАКСИСТІК СИНТАГМА
КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Ильясова Нағима Əбзелбекқызы
Филология ғылымдарының докторы, доцент
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
nagima68@mail.ru
Summary. The article analyzes the categories of the linguistic communication and communicative
grammar. The author defi nes the syntactic synthesis as a combination of the linguisticunits which is
necessary for the speech. The syntax of the word synthesis is recognized as a semantic -grammatical
interface. Synthesis of the words is determined by the specifi city of semantics and grammar. They
syntactically synthesized and have a semaciologic signifi cance. As a result the following types
of phrasesynthesis were determined as syntagmatics of variance,syntagmatics of evasion, the
amplifi cation of syntagmatic ( syntagmatics of amplifi cation ),syntagmatic synonomy ( syntagmatic
synonomy), the valence of syntagmatic (syntagmatic valency).
Key words: Syntagma, semaciology, semantics, communication, syntax, syntagmatics
of variance, syntagmatics of evasion, syntagmatics of amplifi cation, syntagmatic synonymy,
syntagmatic valence.
Синтаксистік синтагма – тілдік қатынас теориясындағы грамматикалық категорияға жа-
татын ілім. Қазақ тіл білімінде тілдік қатынас теориясының негізін салған профессор Ф.Ораз-
баеваның«Тілдік қатынас ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік бірліктердің таңбалық
жүйесі мен дыбысталу қасиеті нəтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық бірліктердің семан-
тикалық бірлікпен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін
қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тəн күрделі тілдік қоғамдық-əлеуметтік процесс»[1,
236 б.]деген пікірі коммуникативті грамматиканың бастауы болатын тұжырым. Ғалым атап
көрсеткен «ойлау мен сөйлеудің қатысындағы тілдік бірліктер», «семантикалық бірлікпен
байланысу заңдылықтары»деген тұжырымдардан сөйлеу лингвистикасына тəн заңдылықтар-
ды көруге болады. Ойлау мен сөйлеудің қатысы негізінде семантикалық байланысқа түскен
тіл бірліктері ғана тілдік қатынас құралы бола алатыны сөзсіз. Солардың бірі синтаксистік
синтагмалар болып табылады. Бұл мақалада сөз тіркесіне тəн синтаксистік синтагма мəселесі
сөз болады. Синтаксистік синтагма сөйлеу ағымына түскен сөздердің тіркесімділік қасиетін
анықтайды. Сөйлеу ағымындағы сөздердің тіркесімділігін семантикалық жақтан жəне типо-
логиялық жақтан жіктеуге болады. Семантикалық тіркесімділік семантика-грамматикалық
байланысқа негізделіп, атауыштық мəндегі синтаксистік синтагма жəне семасиологиялық
150
мəндегі синтаксистік синтагма түрінде жіктеледі. Бұл мəселе ғылыми еңбектерде жарияла-
нып жүргендіктен, бұл мақалада синтаксистік синтагманың типтерін айқындайтын катего-
рияларға тоқталамыз. Олар: варианттылық синтагмасы, жылысу синтагмасы, күшейту
синтагмасы, синтагмалық синонимия, синтагмалық валенттілік.
Достарыңызбен бөлісу: |