Əуезе тысқы ғалам турасындағы сөз» [8;156] - деп дүниенің философиялық негізін тілмен
алға қойылып, зерттеулерінде адамның дүниені тануы, пайымдауы, тұжырымдауы тіл
арқылы жүзеге асатындығын тілтанымдық пікірлері арқылы көрсетіп, тілдің танымдық
156
қызметін білім беру философиясымен ұштастырған. С.Аманжолов алдыңғы ғалымдардың
көзқарастарын жалғастырып, тілтанымды тұжырымдай келе, тіл арқылы қоғамның фило-
софиялық ойлауын, түсінігін анықтауға тырысқан. Сонымен философия ғылымында таным
теориясы тілдің танымдық қызметімен тығыз байланыста зерттелуде. Таным теориясының
мазмұнын терең түсінген А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов қазақ тіл білімінің не-
гізін қалыптастыруда философия ілімінің басты бағыттарын зерттеулеріне арқау етіп, тілдің
құрылымдық жүйесін, тіл тарихын, тілдің танымдық табиғатын тұтас қарастырады. А.Бай-
тұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов тілдің танымдық болмысын оқыту – адамның дүние-
танымының кеңеюіне, санасының жетілуіне ықпал етіп, адамгершілік, ұлттық, мəдени-руха-
ни құндылықтарды бағалауға жетелейді деп түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: