ПРОФЕССОР Н. ОРАЛБАЕВА ЖƏНЕ ҚАЗАҚ
ГРАММАТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
А.Б. Салқынбай
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Алматы, Қазақстан
Біздің ұлтымыздың тарихында бүкіл саналы ғұмырын ғылымға арнаған қазақ қыздары
бар, олар көп емес. Бүгінгі Мəңгілік Ел болуға ұмтылып отырған қазақ елі өзінің ғалым қы-
здарын қалай аялап, қалай бағаласа даорынды.
Қасиетті Баянауылдың киесін бойына сіңірген баянды қызы Нұржамал Оралбаева қазақ
тіл ғылымына өткен ғасырдың 50-жылдарының ортасында келген екен. Бұл уақыттарда Қа-
зақстандық білімнің қара шаңырағы КазПИ-де қазақтың марғасқа ғалымдары қызмет істе-
гені белгілі. Атақты Сəрсен Аманжоловтың өзіне шəкірт болу бақыты бұйырған Нұржамал
апай 1956 жылы «Октябрьден кейінгі кезеңдегі қазақ жазуының тарихы» деген тақырыпта
кандидаттық диссертациясын қорғайды [1]. Тақырыптың бұлайша берілуі де тегін емес, өйт-
кені тарихтың аз ғана парағында қазақ жазуы үш рет өзгеріп, аумалы-төкпелі заманда халық
жады бірнеше рет өшіріліп, қайта жазылып жатқан еді. Осы шындыққа ғылыми баға беру,
қызмет істеп тұрған əліпби табиғатын ашып, ереже-емлелердің теориялық сипатын зерде-
леу оңай емес-тін. Ғалым еңбегінде қазақ жазуының кезеңдік тарихы сараланып, негізін С.
Аманжолов қалаған кирилл таңбалары бойынша жасалған қазақ əліпбиінің өзекті мəселелері
ғылыми тұрғыдан бағаланды. Бастысы, тілімізге кеңестік кезеңде енген атаулардың айтылу
жəне жазылу ерекшеліктері туралы авторлық көзқарас болды.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбаева есімі - қазақ тіл
білімінде ғылыми-теориялық тұрғыдан тың мəселелерді көтерген, қазақ грамматикасының
50-90 жылдардағы дамуына іргелі еңбектерімен үлес қосқан ғалым ретінде белгілі. Олай
деуіміздің мəнісі, ғалым қаламынан шыққан зерттеулер ғылыми тың тақырыпты қозғауымен
де, теориялық тұғырлылығымен де құнды. Автор алғаш рет:
- қазақ жазуының тарихы туралы алғаш рет ғылыми пікір айтты;
- кирилл таңбасы негізінде жасалған қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық
тұғырын дамытты;
- етістіктің аналитикалық формасы туралы теорияны тұңғыш қазақ тіл біліміне енгізді;
- нөлдік морфема жəне нөлдік форма теориясының негізін қалады;
- қазақ сөзжасамы саласының теориялық негізін қалап, негізгі метатілін қалыптастырды;
- практикалық қазақ тілін оқытудың өзіндік əдістемелік үлгісін енгізді;
Профессор Н.Оралбаеваның 1971 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тіліндегі етістік-
тің аналитикалық формасы» атты докторлық диссертациясында күрделі лексикалық бірлік-
тердің сипаты жөнінде құнды теориялық пікірлер бар[2]. Саралап байқағанымызда, мұндай
ғылым пікірлер мен ойлар бұған дейінгі К.Аханов пен А.Ысқақов еңбектерінде де кездеседі.
Н.Оралбаева осы ғылыми тұжырымдарды күрделі сөздерге тиімді пайдалана отырып, жүйелі
дəйектейді. Сондықтан, зерттеулердің түйіні ретінде біз осы пікірді толықтай келтіруді жөн
деп санаймыз:
-
сөз тіркесі кем дегенде екі сыңардан тұрып, соған сəйкес екі лексикалық мағына
білдіреді;
-
күрделі сөз тіркесінің сөйлемдегі жеке бір сыңары сөз ретінде қатысады;
-
күрделі сөздің сыңарларының арасында синтаксистік байланыс болмайды;
-
күрделі сөздің құрамындағы сыңарлары сөйлемдегі басқа сөздермен сөз тіркесін
жасай алмайды, күрделі сөз тұтас күйінде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсіп, бір
18
ғана сөйлем мүшесі болады. ал сөз тіркесінің əрбір мүшесі жеке-жеке қызмет атқарады [2,
21].
Н.Оралбаеваның бұл талдап көрсетіп отырған факторлары – негізінен, күрделі сөздердің
грамматикалық құрылымындағы басты белгілері. Сонымен бірге еркін тіркес негізінде жа-
салған күрделі сөздердің өзінің атау ретіндегі семантикалық құрылымын талдап, олардың
өзіндік ерекшелігі мен белгілерін анықтау қажет болады. Мұндай зерттеудегі басты бағыт
сөздің номинативтік сипатымен тікелей байланысты қарастырылуы керек. Яғни жеке атау
ретінде сөздің туынды арнайы мағынасы болуын семантикалық бағытта зерделеу маңыз-
ды. Күрделі сөздердің, соның ішінде күрделі етістіктердің морфологиялық жəне сөзжасам-
дық табиғаты бүгінде де толық айқындалған дей алмаймыз. Қазіргі таңда күрделі сөздердің
көпшілігінің реестр ретінде сөздікке ене алмай жүргендігін айту қажет. Əсіресе, соңғы
уақытта шыққан түсіндірме сөздіктердегі көптеген кірме (шетел) сөздердің жапа-тармағайа-
ударылып еніп кеткенін ескерсек, тіліміздегі күрделі сөздердің, əсіресе, күрделі етістіктердің
тілдік табиғатын Нұржамал апай Оралбаева көрсеткен ізбен, ғылыми тұрғыдан зерделеп,
олардың мағыналық құрылымына, атау жасау ерекшелігіне көңіл бөліп, сөздікке енгізудің
өзектілігі бар демекпіз.
Н. Оралбай “Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы” атты оқулығында кейінгі кездегі жалпы
тіл білімінде жазылған ғылыми-теориялық зерттеулерге сүйене отырып, сөздерді үш топқа:
атауыш сөздер, көмекші сөздер жəне одағайлар деп бөлудің дұрыстығын атап көрсете келіп,
атауыш сөздердің, көмекші сөздердің өзіне тəн белгілерін кең саралайды [3, 49-59]. Сөздерді
бұрынғы дəстүрлі бөліністегідей тоғыз сөз табына бөле отырып, модаль сөздердің жеке сөз
табы бола алмайтындығына мынадай уəж айтады: “Модаль сөздер аналитикалық формант-
тың құрамында модальдік көрсеткіш болғандықтан, олар қосымшалар сияқты грамматика-
лық көрсеткіштер қалпында қалады жəне олардың саны аз” [3, 63].
Қазақ тіл білімінде қосымшаларды іштей топтарға бөлу туралы да профессор Н. Орал-
байдың өзіндік ғылыми пайымдауы бар. Бұл мəселеде бірнеше көзқарас орныққан: 1) А.
Ысқақов қосымшаны – жалғаулар, жұрнақтар, қосалқы сөздер деп бөліп, жұрнақтарды іштей
сөз тудырушы жəне сөз түрлендірушіге жіктейді; 2) Н. Оралбайдың ғылыми тұжырымы бой-
ынша қосымша – грамматикалық мағыналы қосымшалар, сөзжасамдық қосымшалар болып
екіге бөлініп, ал грамматикалық мағына беретін қосымшалар – жалғаулар жəне граммати-
калық жұрнақтар болып жіктеледі; 3) Ы. Маманов, С. Исаев, Қ. Шаяхметовтердің пайымда-
уынша, қосымшалар сөз тудырушы жəне форма тудырушы деп бөлінеді де, форма тудырушы
қосымшалар жалғаулар мен жұрнақтарға ажыратылып, өзіндік ерекшеліктері талданады.
Етіс тұлғасының қызметі мен мағынасы туралы да əртүрлі ғылыми пікір қалыптасқан.
Профессорлар А. Ысқақов, А.Қалыбаева, Н.Оралбай етіс тұлғасын сөз тудырукатегориясының
морфологиялық əдісіне жатады деп бағаласа [5], Ы. Маманов, С. Исаев етіс тұлғалары сөз-
жасам қосымшасы емес, «етістіктің лексика-грамматикалық категориясы» деп есептеген. Бұл
пікірлер бір-біріне қарама-қарсы емес, өйткені бұл ғылыми пікірлерде етіс тұлғаларының жаңа
мəн мен мағына туғызатыны жоққа шығарылмайды, тек мəселенің əртүрлі аспектіден бағала-
нуы екі түрлі ғылыми пікір қалыптастырған. Етістің ішкі семантикалық жəне грамматикалық
құрылымында мынадай ерекшеліктер бар: Біріншіден, етіс тұлғасы барлық етістіктерге түгел-
дей талғамай жалғана бермейді. Тек мағыналық жəне тұлғалық валенттілік сақталғанда ғана
жалғана алатын өнімді жұрнақ. Мəселен,жүр+т, жүр+дір, отыр+ыт, отыр+дыр, отыр+ыл,
Достарыңызбен бөлісу: |