Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет183/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

 «АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ» РОМАНЫ

Жұмабаева Г.С., Мерсадикова А.Ж.

Əзілхан  Нұршайықов  еңбектері  ішіндегі  ең  танымал  шығармаларының  бірі  – 

«Ақиқат пен аңыз» роман – диалогі. Бұл шығарма бірнеше тілдерде аударылып, шет 

елдерде  оқылып  жүр.  Оған  дəлел,  украин  («Дніпро»,  1984)  жəне  чех  (1985)  тілдеріне 

аударылып жарияланды. Осы шығарма негізінде Ə.Нұршайықовқа 1980 жылы Қазақ 

КСР – інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. 

Əзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романының басты тақырыбы – Ұлы Отан 

соғысы. Ұлы Отан соғысы туралы жазылған шығармалар легі аз емес. Бұл шығарманың ай-

ырмашылығы  –  Ұлы  Отан  соғысымен  қатар  романда  Бауыржан  Момышұлының  өмірі  де 

бейнеленеді.  Сонымен  қатар,  біздің  зерттеу  нысанымызға  айналған  жазушының  аталмыш 

туындысында қазақ жауынгерлерінің жанқиярлық еңбегі суреттеледі. 

Шығарма  негізі  диалог  түрінде  жазылған.  Автор  мен  бастыкейіпкерБауыржанМо-

мышұлыарасындағыəңгіме. 

Қандай шығарма болсын, белгілі бір идеяны үндейді дедік. Тақырып, оқиға жəне оның-

құры лысы,  шығармада  қатысушылардың  араларындағы  тартыс,  оларды  суреттеу  əдістері, 

түптеп келгенде – жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағыныңқы.

Ал  қандай  идеяны  үндеуі  жазушының  өмірге  көзқарасына,  дүние  танушылығына  не-

гізделінеді. Шығармада суреттелетін өмір құбылысын, күрес – тартыстарды образ арқылы 

оқырман қауымның көз алдына елестете, ой – сезіміне əсер ете отырып, жазушы оларды өзі 

меңзеген бағытқа жетектейді [43-б].

Шығарма идеясы – жас ұрпақты отаншылдыққа, патриотизмге тəрбиелеу. Шындық пен 

өтірік, əділет пен зұлымдықтың аражігін ажырату, туған жерді жан – тəнімен сүюді уағыздау.

Шығарманың көтеріп тұрған идеялық жүгі Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен, қаламгер-

лік қызметі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған халық батыры, халық жазушысы 

Бауыржан Момышұлы арқылы баяндалады. Оның қысылтаяңда жол табуы, жанқиярлықпен 

күресуі, жеке басының ерлігі арқылы қол астындағы солдаттарға үлгі көрсетуі арқылы Ұлы 

Отан соғысы батырларының тұтастай бір галериясын жасайды. 

Роман негізі он бірдиалогтанқұралған. Əрдиалогтаəртүрліоқиғаларменөрбиді. 

Əңгіме адамдар туралы болғандықтан, олардың сыртқы пішіні, кескіні, мінез – құлқы, 

іс  –  əрекеті,  күйініш,  сүйеніщі,  сөйлеген  сөзі,  қысқасы,  өмірдегі  адам  қандай  болса,  көр-



235

кем шығармада да біз тап сондай адамдарды кездестіреміз. Сөйтіп, шығармада кездесетін 

оқиғаның осылар тəрізді, əр алуан бөлшектердің қалауын тауып жазушы асқан шеберлікпен 

қиюластырып, бір бүтін нəрсе етіп шығарады. Міне, осыны шығарманың композициясы – 

құрылысы – деп атайды [55-б].

Романның  экспозициясы,яғни,  кіріспе  бөлімі  Панфилов  дивизиясы  батырлары  туралы 

болды. «...1943 жылдың жазында біздің құрамамыз – 100 – Дербес атқыштар бригадасы 2 – 

Балтық майданының бір шетінен екінші шетіне ауыстырылды. Атап айтқанда Великие Луки 

қаласының түбінен Ловать өзенінің жағасына барып жайғастық. Жорықпен жолда кетіп бара 

жатқанымда менің қолыма «Знамя» журналының сол жылғы 5 – номері тиді. Сол журналда, 

Александр Бек деген автордың «Панфиловшылар алғы шепте» атты повесінің басы жария-

ланған екен. Мен она Бектің кім екенін білмейтінмін, ондай жазушы барын да естімеген бо-

латынмын. Бірақ Панфилов дивизиясын, одан шыққан 28 батыр есімдерін, Мəлік Ғабдуллин 

мен Төлеген Тоқтаров сол дивизияның түлектері екенін жақсы білетінмін. Сондықтан болар, 

мен  бұл  повестен  бас  алмадым.  Күндіз  тоқтай  қалғанда  күннің  жарығымен,  түнде  қонған 

жерде ай сəулесімен оқыдым. Оқыған тарауларды жол – жөнекей жауынгер серіктеріме ба-

яндап та отырдым. Содан соң, алғы шепке сол журналдың 6 – номері жəне келді. Панфилов-

шылар туралы повестің жалғасын түнде, ай қараңғы болғандықтан, зеңбірек қасына келіп 

отырып, аккумулятордың жарығымен оқыдым. Повесть те бітті, аккумулятордың да жарығы 

бітті», - деген жолдарынан соғыс алаңында жүрсе де қандас бауырларының ерліктерін жур-

налдың əр шыққан санынан асыға оқитынын білуге болады. Бұл жазбалар басқа солдаттарға 

күш – жігер беретіні суреттелген [7-б].

Роман  Бауыржан  Момышұлымен  сұхбат  түрінде  жазылғанмен  арасында  оның  еңбек 

жолы, естеліктері туралы да айтылып отырды. 

Басты кейіпкер Бауыржан Момышұлы соғыс кезінде екі рет ауыр жарақаттанған екен. Бірақ 

та жарақаты қанша жерден ауыр болса да госпитальға жатуға еш ниеттенбеген. Өзінің қол астын-

дағы сарбаздары мен соғыс алаңындағы достарының қасынан кетпеген. «1942 жылы полк коман-

дирі кезімде омыртқама оқ тиді. Сагбатқа жеткізгенше ес – түсімді білген жоқпын. Есімді жисам, 

етпетімнен жатыр екенмін. Басжағымда дəрігер бірдеңе деп баж – бұж етіп тұр. Бақсам сөзі мен 

туралы екен. «Бұл кісіні дереу госпитальға жіберу керек» деп безек қағады....Тістеніп, əреңң де-

генде қолымды жеткізіп, арқамды сипасам, расында да оқ бар екен. Ұстараның жүзін спиртпен 

шай да, оқ тұрған жердің етін кес! деп бұйырдым. Дəрігер дереу айтқанымды істеуге кірісті. Ол 

арқамды кескілей бастағанда пистолеттің сабын сындырардай қысып, тісім шықырлап мен жат-

тым» [14-б]. Қанша ауыр болса да бəріне төзіп, шыдай білген Бауыржан нағыз батыр. 

Екінші  рет  жарақаттанған  кезі  жаяу  келе  жатып  болған  еді.  «Жаяу  келе  жатып  оңбай 

құладым жəне жаным шығып кете жаздады. Біразға дейін жығылған орнымда қозғала алмай 

қалдым. Есімді жиғансоң орнымнан тұрсам, жерден шошайып шығып тұрған темір қазыққа 

тура құйымшағыммен құлаппынғой. Содан кейін бірнеше күн атқа отыра алмай, шалқамнан 

жата алмай жүрдім» [19-б]. Соғыстың қызуымен Бауыржан тағы да госпитальға соқпастан 

ұрыс алаңына кетеді. Аталған екі жарақаттар жүйкеге тікелей байланысты аса ауыреді. Оның 

үстіне Бауыржан 207 рет ұрысқа кіріп, 5 рет қоршауда қалған екен. 

Романда Бауыржанның барлық өмірі жазылды деуге болады. Қойылған сұрақтардың бар-

лығы  да  жауапсыз  қалмады.  Батырлардың  қандай  кітап  оқитыны  оқырмандарға  да  қызық 

туғызары анық. Сонымен əскерде, соғыста жүргенде қандай кітаптар оқитынын да осы ро-

ман арқылы оқырман қауым біле алды. «...Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілігі» мен «Сева-

стополь əңгімелерін», Пушкин мен Лермонтовтың əскери прозасын, адмирал Нахимовтың, 

адмирал Макаровтың, ағылшын адмиралы Нельсонныңкітаптарын, қазақкітаптарынан мен 

Абайды ешқашан да жанымнан тастаған емеспін. Мен Абайды ақын деп қана емес, ойшыл, 

философқа балап оқыдым. Барлап қараған жəне əскери көзбен қараған кісіге Абайдың өзіқып 

- қызылсоғыс» [27-б]. 




236

Романның экспозициялық назар аударатын оқиға – батареямен қар көркінінде қалып қоя 

жаздаулары. Бауыржан батареяны бастап, тактика сабағын өткізу үшін орманға жол тарта-

ды. Айналасы аппақ қар, аяз сықырлап тұр. Кенеттен күн күркірегендей бірдеңе шатыр ете 

қалды. Қысты күні күн күркіремейді. Дыбыстың қаттылығы соншалық аты да жарқ берді, 

өзі де шошып кетті. Бомба жарылысын ешкім естмеген. Содан барлығы жер жарылды деп 

айналарына қарай бастайды.

Сатыр – сұтыр бірдеңелер жандарына тақау келіп, ақ қарға сүңгіп жатты. «Ананы біреуін 

алып кел» деп атқосшымды жұмсап едім, ағаштың бармақтай екі – үш сынығын алып келді...

Сөйтсек, ол аяздың қысымынан біт – шыт боп жарылып кеткен үлкен қарағай екен» [178,179-

б].

Оқиға өрбуі – 8- ші гвардиялық дивизияға жаңа жас солдаттың келуі болды. Соғыс деген-



ді естулері болса да көзбен көрмеген ауыл жігіттері Отан үшін жан аямай шайқасамыз деп 

клуб ішіне кіріп келді. Жастардың ішінен 8 – ші гвардиялық дивизия қатарын толықтыруға 

келген балалардың көпшілігі өз еріктерімен алдыға шықты.

Жастарды жігерлендіру үшін Бауыржан қысқаша сөз сөйледі.

«-Сендер 8 – ші гвардиялық дивизияға келдіңдер, - деді ол. – Қазақстанда құралған бұл 

дивизия қазақ халқының арының алатын туы екенін əрқашан да естеріңде сақтаңдар. Сенде 

сол атақты дивизияның 1075 – ші полкінің қатарын толықтырыңдар. Бұл полктың командирі 

полковник Капров жолдас, комиссары Ахметан Мұхамедияров деген кісі. Мен полк коман-

дирінің орынбасарымын. Фамилиям Момышұлы» [153-б]. Осылай командир, комиссарлар-

мен таныстырып болғаннан соң , Бауыржан қайта сөзін жалғастырды.

«-Онда өздеріңнің бөлінген бөлімдеріңе барыңдар. Сендерді қазір əр батальоннан кел-

ген  байланысшылар  бастап  əкетеді.  Енді  алғышепте,  жаумен  жағалас  үстінде  кезедесейік. 

Жаудан қорықпаңдар. Оған жеңілемін деп емес, жеңемін, құримын деп емес, құртамын деп 

ұмтылыңдар. Əрқашанда осындай ойдаболып, қаруларыңды жақсы біліңдер. Тəртіп жағы-

на берік болыңдар. Өйткені тəртіп жауынгердің бірінші қаруы. Онсыз ешбір қарудың қуаты 

жоқ. Жағаларың жыртылмасын! Жолдарың болсын! Направо! Старшинам – вести людей в 

свои подразделениям! На выход, шагом марш!», - деп өзінің жігерлендіру сөзін айтқан бола-

тын [153,154-б]. Қазақша бастаған сөзін Бауыржан осылай деп командамен, орысша аяқтады. 

Жігіттердің жігерлене соққан табаны клубтың еден тақтайын дірілдетіп жіберді.

Романда  ерекше  сомдалған  образдардың  бірі  –  Василий  Константинович  Блюхер  бейнесі. 

Блюхер – талантты, қатал қолбасшылығының үстіне ойшыл, шешен, сондай бір сүйкімді жан еді.

«Ол шаруа семьясынан шыққан, өзі жұмысшы болып өскен кісі еді. Дүниежүзілік бірін-

ші соғысқа солдат боп қатысып, ауыр жараланған. Жарасының ауырлығы сонша, оны екі рет 

өлді деп есептеп лазареттен шығарып, мəйітханаға апарып тастаған. Бірақ ол екі ретте де есі 

кіргеннен кейін моргтағы өліктердің арасынан шығып, қайтадан лазаретке барған» [166-б]. 

Өмірде  темірден  қатты,  болаттан  берік  адамдар  болады.  Василий  Константинович  сондай 

жандардың бірі болатын.

Роман  сюжетін  ширықтыра  түсуі  –  ұйықтап,  жаудың  келгенін  сезбеген  Бауыржанның 

жау астында қалуымен суреттеледі. Соғыста солдатты құтқармайтын тағы бір жау бар. Ол – 

ұйқы. Бала күнімізде бəріміз де ауыл ақсақалдарынан «ұйқы – дұшпан» дегенді көп еститін 

едік. Соның мəнін соғыста жүрген солдаттар жақсы түсінген.

Олай дейтін себебім: «Колоннаны аралап шығып, бір үлкен ақ қайыңның асына келіп, 

соның оқ тиген қабығын алақаныммен сипап, иығыммен сүйене бергенім есімде. Қайыңның 

əппақ қабығын əйелімнің иығы деп ойлап қалдым ба, қайдан білейін, əйтеуір соған сүйене 

сала қор етіп ұйықтап кетіппін. Əйелді ойласаң – ақ қырсыққа қамалдың емес пе, ақ қайың 

мені құшағына алып, əлдилей жөнелді...» [201-б].

Ұйқыда жатқан Бауыржанның құлағына неше түрлі дыбыстар естілуде. Бірде «автомат 

болар», кейде «пулемет пе» деп іште 

й  ойлап  жатады.  Кейіннен  дүбірлеп,  дүркіреген 



237

аяқ дыбыстары құлағына келеді. «Ат шапшаң», «аш көзіңді» деген таныс дауыстар естіледі. 

Көзін ашып, айналасында не болып жатқанын көрейін десе көзін аша алмай біраз тұрады.

«Көзімді  ашыпалып,  жан  дəрмен  орнымнан  атып  тұрдым.  Жан  –  жағыма  қарасам,  та-

баль  оным  быт  –  шыт  болып  қашып  барады.  Үстеріне  аұ  халат  киген  бір  взводтай  неміс 

оларғаоқатып, мағанқарай қаптап келеді. Таяу жерде тұрған кухнялардың жегулі турған ат-

тарының біріне оқ тиіп, қлаптүсіпті. Ол жанталаса артқы аяғын сермеп жатыр. Айналамнан 

оқ зу-зу үшкіріп өтеді. Төбе құйқам шымырлап, денем ағаш боп сіресіп қалған сияқтанды. 

Пис толетімді суырайын десем қолымда жан жоқ, дыбыстайын десем аузым икемге келмейді. 

Біткен, құрығандеген осы екедепойлап, қададайқақшиып, мелшидім де қалдым» [202-б].

Ұйқылары қанбаса да Отанды қорғау ниетіндегі солдаттар əр кезде де бір – біріне қол 

ұшын беріп демеп күреседі. Соғыс алаңында туыс емес азаматтар бір – бірімен бауыр, жан 

дос аталып кетеді.

Трошкованы құртуы оқиғаны шиеліністіре түсті. Аз ғана əскерді Бауыржан жоғарыдан 

келген бұйрық бойынша алты топқа бөлуге мəжбүр болады. Қоршауда қалса көмекке келер 

еш полк жоқ. Сағат түңгі екіде полк топ – топқа бөлініп, қаруларын сер ұстап, орай соққан ақ 

боранды арқаларына жамылып, əр топ өзіне тиісті қыстаққа қарай тартып берді.

«Жолдарың болсын, батырларым, бауырларым. Сегізінші фебральдің бұл түні сендердің 

атақ, абыройларыңды арттырсын. Бірақ сендердің өмірлеріңнің ақтық түні болмасын. Бұл 

түнде ақ қардың үстіне қызыл қандарың төгіліп, қаза жетер азамат болса, қандарыңды қарыз 

ғып менің мойныма жүктемеңдер, қарақтарым. Сүйегім шашылып қалғанша мен сендердің 

қасыңдамын. Осы қараңғы түнде сендерге сілтелер найзаға кеудемді қоса тостым, мінеки!», 

- деп іштей тебіреніп тұрып, дыбысын сыртқа шығармай тістеніп, алтыншы топты бастап 

Трошковоға қарай өзі кетті [217-б].

Отан соғысы кезінде қаншама қандас бауырларымыз қаза тапты. Бір дивизияда, полкте 

болған барлық солдаттар, командирлердің барлығы Бауыржанның есінде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет