Мақсаты:Қазақ халқының бас киімді неліктен қадір тұтқанын және қастерлегенін ұғындыру.
Міндеті:
1.Ұлттық бас киімнің шығу тарихына шолу жасай отырып, оның түрлерін талдау.
2. Бас киімге байланысты дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды саралау арқылы ұлттық мәдени мұрамызды қастерлеуге насихаттау.
Өзектілігі:Тарих қойнауына сіңіп,жоғалып бара жатқан бас киім үлгілерін қайта жаңғырту арқылы, оларды сақтап қалуға ат салысу.
Қазақ ғұрпында жақсылықтың барлығы адамның маңдайына жазылады деген ұғым бар. Сондықтан бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге, басып отыруға тыйым салып, төріне ілген.
Қазақ ғұрпында жақсылықтың барлығы адамның маңдайына жазылады деген ұғым бар. Сондықтан бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге, басып отыруға тыйым салып, төріне ілген.
Қазақта ер адамдар бас киімінің бірнеше түрі болған. Қай түрі болмасын үйде ер адамның бас киімін тек шешесі мен әйелі ғана ұстаған. Бұл ырым үйдегі ер адамның басын қадірлеуден туған.
Қазақтар бас киімді үйдің құты мен берекесі, басқа қонған бақтың "тұрағы" деп есептеген. Сондықтан оған қатысты ырым-тыйымдар құт пен берекені сақтауға, баянды етуге бағытталады. Сол үшін де қазақ ұғымында: бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, бас киімді қабаттамау сияқты сенімдер бар.
Бас киімге қауырсын тағу барлық халықтарда сенім бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланысты екендігін білдіреді. Сондықтан сыйлыққа тек жаңа бас киім сыйлаған.
Тақия Тымақ
Бөрік Кимешек Сәукеле Қазақ халқының бас киім түрлері Сондай-ақ,жас нәресте үшін, әдетте айы-күні жетпей дүниеге келген бала үшін тымақтың да алар орны орасан. Ал тымақтың өзі ел арасында қасиетті саналады. "Шала туып, тымаққа салып өсірген екен" деген сөз бар. Себебі шала туған сәби ия ұстауға, ия бесікке салуға келмейді. Ал тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы. Шала туған баланың неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан, күн кереге басы арқылы есептеледі.
Мысалы, қырық күні кем болса, керегенің қырқыншы басына ілінген тымақтан баланы алып, жаңа туған балаға жасалатын рәсімді жасайды. Егер бала қыста туса, үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып, соған тымақ ілінеді. Бұл да – тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі деп түсінген.
«Қазақ бас киімді неге қадір тұтқан?»
«Қазақ бас киімді неге қадір тұтқан?»
жоба бойынша ұсынысым:
Қазақ халқының бас киімді қадір тұтқанын тәрбиелік
іс-шараларда,өнеге сағаттарында насихаттаса;
Әдебиет сабақтарында жаңа үлгідегі тақияны пайдаланса;
Қазақ халқының ұлттық бас киімдеріне байланысты
мектепаралық көрмелер ұйымдастырылса;
Қорытынды: Адамның басынан қадірлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Ежелден халқымыз бас киімді үйдің құты мен берекесі санаған. Соның ішінде ұлттық бас киім -тақияның киесі бардай сезінемін, әрдайым жолым болып жүр. Басқа тақия кигеннен кейін, бұл бас киімнің қасиетін білу керек деп ұғып, аз-кем мағлұмат жинақтадым. Заманынан озып туған Жүсіп Баласағұнның «Бөрікті кию үшін де бас керек» деген сөзін оқыдым. Олай болса, «Бас киім-құт-береке белгісі.