НҰРЖАМАЛ ОРАЛБАЙ – ЖАҢА БАСТАМАЛАРДЫҢ
ҚОЗҒАУШЫСЫ
Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы
Ғылыми жұмыс жəне халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор
Философия ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі
Құрметті əріптестер, ұлағатты ұстаздар!
Қазақ тілі саласында сүбелі ғылыми еңбектер жазып, оның жан-жақты зерттеліп, да-
муына үлес қосқан, жоғары білікті қазақ тілі мамандарын даярлауда ерекше еңбек еткен ға-
лымдардың бірі – филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Оралбай. Ғалымның
ғылыми шығармашылығы сан алуан. Соның ішінде қазақ тілі саласынан жарық көрген ең-
бектері өте көп. Атап айтсақ, «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форматтары»
(1975), «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарының құрылымы мен
мағынасы» (1979), «Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі» (1986), «Етістіктің граммати-
калық категориясы» (1986), еңбектерін айтуға болады. Қазақ тілі ғылымында тұрақтанды-
рған, практикалық қолданысқа енгізген ерен еңбек иесінің тілдік тұлғасы қай ғалымға болса
да өнеге.
Нұржамал Оралбай еліне, жеріне, Отанына жасаған үлкен істерінің бірі – қазақ тілін
үйрету, тілді үйретудің əдістемесі, тілді үйрететін мамандарды тəрбиелеу, дайындау, тіл үй-
рететін мектептерді қалыптастыру, тілді үйретуде қажет əдістемелік құралдар мен оқулықтар
даярлаудағы еңбегін тілге тиек етпекпін.
«Ұлы адамның ойында ұлы іс жүреді, ұлы зергер бойында алтын, күміс жүреді» – демек-
ші, Нұржамал Оралбай əрбір бастаған ісі жаңа бастамалардың қозғаушысы болып, жалғасын
тауып жатады. Мəселен, Н.Оралбай тіл үйренушілерге арналған алғаш 1987 жылы бағдарла-
ма жасауы, 1989 жылы əріптестерімен біріге шығарған алдыңғы оқулықтардан əдістемелік
29
тұрғыда айтарлықтай өзгешеліктері бар, жаңа бағыттағы қазақ тілін өздігінен үйренушілерге
арналған «Қазақ тілін үйренеміз» атты еңбегі, орыс мектептеріндегі қазақ тілі мамандығына
арнап, 1996 жылы жазған «Орыс тіліндегі мектепте қазақ тілін оқыту əдістемесі» атты оқу-
лық, қазақ тілі жəне қазақ тілінің əдістемесі мамандықтары бойынша Тəуелсіздіктің алғашқы
жылдарында кандидаттық жəне докторлық диссертациялар қорғайтын арнайы диссертаци-
ялық кеңестің ашылуына ұйтқы болып, оның жұмысын ұйымдастырып басшылық жасауы,
бүгінгі таңда жаңа талаптарға жəне жаңа білім мазмұнына сай жалғасын тауып қарқынды
дамып отырған игі істердің бірі болып отыр.
Профессор Н.Оралбай еліміздегі жəне шет елдердегі басқа ұлт өкілдерінің ана
тілімізді үйренуіне қыруар еңбектерімен белсене араласқан ұлтжанды ұстаз. Олай де-
уімізге 1987 жылы Алматы қаласында шыққан қазақ тілін үйрену курсының бағдарлама-
сы, 1989 жылы жарық көрген «Қазақ тілін үйренеміз» атты кітабы, 1998 жылы Анкара
қаласында жарық көрген «Қазақша үйренеміз» атты түрік студенттеріне арналған оқу-
лығы дəлел. Қазіргі таңда бұл оқулықтарды шетелдердегі студенттер қолдануда. Өзге
ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің маңыздылығы бүгінгі күні – заман талабынан туып
отыр. Осы тараптан алғанда, ғалымның еңбектерінің берері мол деп нақ сеніммен айта
аламыз.
Аса қадірлі Нұржамал Оралбай! Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, өмірдегі бар-
лық жақсылықтарды тілейміз! Бала-шағаңыздың, шəкірттеріңіздің рахатын көріп, аман-есен
жүре беріңіз!
Достарыңызбен бөлісу: |