1) Дара жəндік атаулары:
Дафния (лат. Daphnia – шаянтəрізділер класының, жапырақаяқты шаяндар отрядының
бір туысы). Тұрқы 1-8 мм бұл жəндік теңіз, мұхит бойында тіршілік етеді. Қазақстанда тек
Каспий теңізі алқабындағы су қоймаларынан кездестіруге болады. Қазақ тіліндегі баламасы
– су бүргелері.
Паразит (грек. Para – жанында, sitos - қоректену) – бір организмнің екінші бір орга-
низмде тіршілік етіп жəне сол иесін қорек ретінде жəне мекен ретінде де пайдаланатын жəн-
діктер. Паразиттер өз иесінен кіші болады.
Гаттерия (лат. Spheodon punctatus) – бауырымен жорғалаушылар класының тұқымба-
стылар отрядына жататын, өте ертеден тіршілік етіп келе жатқан бір ғана түрі. Гаттерияның
сыртқы түрі кесірткеге ұқсас. Басы үлкен, аяқтары бес саусақты, жон арқасы мен үстіңгі
жағында үшбұрышты қабыршақтан тұратын жалы болады. Төбесіндегі тері астында ерекше
төбе көзі бар, сондықтан оны кейде үш көзді гаттерия деп те атайды. Төбе көзі арқылы жа-
рықты сезеді.
Гамаз – көң қоңыздарының денесінде паразит болып тіршілік ететін кененің бір түрі.
Трематодтар – сорғыштар.
Достарыңызбен бөлісу: |