Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет65/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   343
  Бұрандалы  брадибена  –  Іле  жəне  Жоңғар-Алатауында  шеңбер  шегінен  шықпайтын 

ұлудың жергілікті түрі. Тау беткейлерінде, ағаш, бұта, далалы шабындық өсімдікерімен жа-

былған тау өзені жайылымдарында тіршілік етеді. 

 Түркістан туркамилаксы – Солтүстік жəне Орталық Тянь-Шань тау жүйесінде мекен-

дейтін ұлудың жергілікті түрі. Тау өзені мен жығаларының жағасындағы шыршалы орман-

дарда өте көп кездеседі. 

 Рикмерс бүйісі – Памир жəне Гиндукуша тауларында таралған бүйі. Қазақстанның Ба-

тыс  Тянь-Шаньнның  1200-1400  м  биіктігіндегі  тау  етегі  далаларында,  сонымен  қатар  250 

метр биіктіктегі Арыс өзенінің ылғалды жайылымында кездеседі. 

 Рикмерс сары шаяны – Қазақстанда сирек кездесетін түр. Қазақстан мен Орта Азия 

жерінде: Оңтүстік Өзбекстан, Жетісу, Тұран ойпаты шөлдерінде кездеседі. 

 Кириченко инелігі – Азия, Ауғанстан жəне Қазақстанның оңтүстігінде таралған, өте 

сирек кездесетін түр. Бірлі-жарым данасынан ғана белгілі. 

 Қысқақанатты Боливария дəуіті – Батыс жəне Оңтүстік Қазақстанда

Орта Азияда, Иран, Сирия, Оңтүстік-Батыс Моңғолияға дейін таралған. Саны 

азайып бара жатқан дəуіт түрі.

 Түйіршікті деракантина – Қазақстандағы Deracanthina B. –Bienko 

туысының жалғыз өкілі. Бұл ірі қанатсыз шегірткенің жуан денесі қоңыр түсті. 

Өте сирек кездеседі.

 Дамалаканта вакка шегірткесі – ТМД мен Қазақстанда Damalacantha B. -Bienko туы-

сының жалғыз өкілі. Бұл қанатсыз ірі шегірткенің мығым да жуан денесі сарғыш түсті, ал-

дыңғы кеудесі мен құрсағында қоңыр жəне қара суреттері бар. Сирек кездесетін дараланып 

таралған түр.

 Сервилдің севчугі – Қазақстан жеріндегі таралу аймағы шектеулі, саны азайып бара 

жатқан, сирек кездесетін шегіртке түрі. Мығым, ірі қанатсыз шегіртке қара қоңыр түсті, ата-

лығының алдыңғы кеудесі мен құрсағында сары суреттері бар.

 Еуропа кнемизус қоңызы – Еуропа мен Қазақстаннан табылған жалғыз түр. Аз зерт-

телген, сирек кездесетін тақтамұртты қоңыз түрі.

 Галузо отынкескіш қоңызы – Азияның қуаң аймақтарына тəн туыс өкілі. Таралу ай-

мағы өте тар.

 Шестаков сцелифроны – Оңтүстік Қазақстаннан, Өзбекстаннан табылған. Сирек кез-

десетін түр. Қазғыш аралардың ежелгі туысы өкілінің бірі.

 Жирен гоплит – саны азайып бара жатқан, жеке тіршілік ететін жабайы аралардың бір 

түрі. Таралу аймағының орталығы – Қазақстан жері.




89



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет