2. Əр ханның тұсында,
Бір сұрқылтай. Сұрқылтай – ханның жағымпаз қол шоқпары, пəлелі жағымпаз. [1, 354-
бет]
Осы мəтелдегі сұрқылтай сөзінің мəн – мағынасын екінің бірі біле бермейді. Сұрқыл-
тай сөзінің мағынасы « ханның кеңесшісі, ақылшысы, сөзін сөйлейтін ділмары, ақыны »
дегенді білдірген. Сұрқылтай сөзінің шығу төркінін белгілі ғалым Р.Сыздықова былайша
өрбітеді: «Бұл сөздің түбірі монғолдың 1) «оқыту», 2) «бір нəрсеге үйрету», 3) «тəрбиелеу»
мағыналарындағы сурга (х) сөзі болу керек. Сургаал сөзі « ілім » мағынасын, сургууль сөзі
1) «мектеп, училище», 2) «оқу, үйрету, оқыту» дегенді білдіреді, ал – тай монғол тілінде сын
есім тудыратын жұрнақ. Сонда сургаалтай (сургултай) қазақша сұрқылтай « үйретуші (ақыл
– кеңес беруші ) » деген сөз болып шығады ». [10, 143 – бет ]
Достарыңызбен бөлісу: |