2. Қолында өнері бардың белінде кемері бар.
Кемер – (парсы сөзі) əшекейлі жалпақ белбеу. [1, 195 - бет]
Ыдыс – аяқ атауларына байланысты архаизмдер
1.Асы жоқ алтын аяқтан,
Айраны бар тостақ артық,
Талдырмаш таза айғырдан
Жүк көтергіш қоспақ артық.
Тостақ – тостаған. [1, 385 - бет] Тостаған – ағаштан жасалған кішілеу дөңгелек ыдыс.
Көне дəуір адамдары бұл сияқты ыдысты кез-келген ағаштан ойып жасауға еңбек құралдары
тапшы болғаны тарихтан белгілі.
2. Мəжіліске қарай ғауғамыз.
Құдығымызға қарай қауғамыз. Қауға – құдықта су тартып алуға арналған көнтеріден
жасалған шелек. [ 4, 496 – бет ]
Ай аттары , діни ұғымға қатысты архаизмдер
1.Өгіз қарын майыңды,
Өлгенде бастаймысың?
Көкек айы туған соң,
Итке тастаймысың? Көкек – ескіше жылдың төртінші айының аты. [4, 408 - бет]
Достарыңызбен бөлісу: |