Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет25/64
Дата06.03.2017
өлшемі8,24 Mb.
#8347
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64

 

 

 

190 

 

Жалпы жұмыс қабілетін анықтайтын əдістер 



Адамның жалпы 

жұмыс қабілетін бағалауға 

арналған сынамалар  

1)

 



PWC  170  (  physical  working 

capacity) 

 

2)

 



Гарвард сынамасы 

 

Адамның  жалпы  жұмыс  қабілетін  бағалау  үшін  əртүрлі  сынамалар 



қолданылады: 1) PWC 170 ( physical working capacity). 2) Гарвард сынамасы.  

  Организмнің аэробты мүмкіндіктерін Астранд номограммасы қолданылады. 

Сынама жүктемелерінің қуаты велоэргометрмен жұмыс кезінде дəл  мөлшерленеді. 

Ол  қарсылық  шамасымен  жəне  педальды  айналдыру  қарқынымен  реттеледі. 

Велоэргометр жоқ кезде степ-тест қолданылады. (Ағылшын тілінен аударғанда степ 

– қадам, тест – сынама дегенді білдіреді.). Бұл кезде жұмыстың қуаты текпішектің 

биіктігімен жəне көтерілу қарқынымен анықталады.  

PWC  170  –  сынамасы.  Бұл  сынама  жүрек  соғу  жиілігі  минутына  170  жеткен 

кездегі  жұмыс  қуатын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  жүрек  соғу  жиілігі 

кезінде  жұмыс  қуаты  көп  болса  адамның  жұмыс  қабілеті  де  жоғары  болады.  PWC 

170  сынамасында  екі  рет  үш  минут  демалыс  пен  5  минут  жүктеме  қолданылады. 

Бірінші жүктеме кезінде жұмыс қуаты екіншіге қарағанда аз болады. Екі жүктемеде 

адамның жынысына жəне физикалық дайындығына байланысты таңдап алынады.  

Жұмыс қабілетін анықтау үшін берілетін жүктеме уақыты (кг,м/мин). 

В.П. Карпман бойынша     

                                                                     

Зерттелетіндер 

Əйелдер 


Ерлер 

1-жүктеме 

2-жүктеме 

1-жүктеме 

2-жүктеме 

Спортшылар 

300 

600 


600 

1500 


Спортпен 

шұғылданбайтын

дар 

 

150 



 

300 


 

300 


 

600 


      

 Əрбір  жүктемеден  кейін  15  секунд  ішінде  жүректің  соғу  жиілігін  анықтап  1 

минут  сəйкес  есептейді.  Осылайша  бірінші,  екінші  жүктемелердің  жүрек  соғу 

жиілігі  анықталады.  Арнайы  формула  бойынша  физикалық  жұмыс  қабілетін  жəне 

оттегінің тұтыну шегін анықтайды.  

PWC 170 = W1+(W2-W1)*170-f1/f2-f1 

Мұндағы  W1,W2 бірінші жəне екінші жүктемелердің қуаты. (кг, м/мин,ватт). 

F1,  f2-  бірінші  жəне  екінші  жүктемелердің  жүрек  соғу  жиілігі.  Машықтанған  ер 

адамдарда  PWC  170  мөлшері  2,8  ватт-кг.  Əйелдерде  2  ватт-кг.  Спортшыларда  2 

одан  да  көп  есе  жоғары  болады.    ОТШ  =  1.7*  PWC  170+1240  (жылдам  күш 

жаттығуымен  айналысатын  спортшылар  үшін).  ОТШ  =  2,2*  PWC  170+1070 

(циклды жаттығумен айналысатын спортшылар үшін). 

Спорттың  əр  түрінен  маманданған  спортшылардың  жəне  спортпен 

шұғылданбайтындардың PWC 170 шамасы (В.П.Карпман)  

 

PWC 170 


Көрсеткішт

ері 


Шаң 

ғы 


конь

ки 


Вело- 

си- 


пед 

Жүру 


Фут- 

бол 


Хок- 

кей 


Баск

ет- 


бол 

Кү- 


рес 

Гим- 


нас- 

тика 


Спортпе

н 

шұғылда



н 

байтынд


ар 

кгм/мин 


1760 

1710 


1670 

1548 


1523 

1428 


1625 

137


1044 

1027 


191 

 



1кг  салмақ 

кгм/мин 


25,7 

24,0 


22,6 

22,5 


21,7 

20,1 


18,7 

16,


16,5 


15,5 

 

Гарвард  сынамасы.  Бұл  сынама  АҚШ-та  Гарвард  университетінде  алғаш  рет 



дені  сау  жас  адамдардың  жұмыс  кезінде  төзімділігін  бағалау  үшін  қолданылған. 

Бұл сынама мөлшерленген физикалық жұмыстан кейін жүрек соғу жиілігі бойынша 

қалпына  келу  процесін  бағалауға  көмектеседі  жəне  машықтану  деңгейінің 

көрсеткіші болып табылады.  

  Гарвард  степ-теетін  жүргізу  негізіндегі  текпішек  биіктігі  жəне  көтерілу 

уақыты 


 

Зерттелуші топтар 

Текпішек биіктігі 

Шығу уақыты мин. 

Ерлер (18 жастан жоғары) 

50 


əйелдер 


(18 

жастан 


жоғары) 

43 


Жасөспірімдер 

(12-18 

жас) 


45 

Қыздар (12-18 жас) 



40 

Ұл бала жəне қыз бала 



(8-11жас) 

35 


Қыз бала жəне ұл бала  

(8 жасқа дейін) 

35 


 

Бұл  сынамада  белгілі  бір  биіктікке  минутына  120  қадам  қарқынмен 



текпішекке  жоғары  көтерілу  орындалады.  Жүктеме  шаршағанға  дейін  5  минуттан 

аспайтындай  болуы  керек.    Жұмыс  қабілетінің  индексі  жұмыстың  ұзақтығымен  

жəне  қалпына  келудің  екінші  минутындағы  жүрек  соғу  жиілігінің  санымен 

есептеледі.  Егер  индекс  55-тен  аз  болса,  физикалық  дайындық  төмен  55-64 

орташадан төмен, 65-79 орташа, 80-89 жақсы, 90 жоғары өте жақсы.[5] 

 

Əдебиеттер 



 

1.

 



Н.А.Фомин, Ю.Н.Вавилов. Физиологические основы двигательной активности. 

Москва. ФиС, 1991. 

2.

 

Ө.Парпиев. Адам физиологиясының негіздері. Алматы, 1996. 



3.

 

Төленбеков И.М. Қозғыш құрылымдар физиологиясы. А., 1990. 



4.

 

Төленбеков И.М. Сенсорлық жүйелер физиологиясы. А., 1994. 



5.

 

Төленбеков И.М. Нерв жүйесінің физиологиясы. Алматы.1992. 



6.

 

Смирнов В.М., Дубровский В.И. Физиология физического воспитания и спорта. 



–М., Владос пресс, 2002. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

192 

 

ƏОЖ



 796.5 

 

БОКС СПОРТ ТҮРІНІҢ АҒЗА ӨСУІ МЕН ДАМУЫНА ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ 

ƏСЕРІ 

 

Алшынбев К.И., Калданов А.О., Тулеев Е.И



 

Аймақтық əлеуметтік инновациялық университеті,

 

Шымкент, Қазақстан Республикасы



 

 

Резюме


 

В  этой  научной  статье  дано  физические  изменения  в  развитие  организма  занимающихся 

боксом 

Summary 

 

In this scientific article describes the physical changes in the development of the organism involved 

in boxing 

 

Ағза өсуі мен дамуының жетілу кезеңіндегі əртүрлі қарқынының ортақ заңдылығына 

сүйене  отырып,  жас  ерекшелігіне  қарай  кезеңдерге  бөлу  қабылданған.  Барлық  жетілу 

кезеңі шартты  түрде  бірнеше жас кезеңдеріне бөлінеді,  яғни  уақыттың  өмірлік  кезеңдері, 

бұл  кездерде  өсу  жəне  даму  процестері  жүреді,  сондай-ақ  ағзаның  морфофункцияналдық 

ерекшеліктері де осы кезге сай келеді.  

Əлеуметтік  тұрғыдан  жас  кезеңдерін  қандай  да  бір  əлеуметтік  іс-əрекетке  дайын 

болуға қажетті уақыт аралығы деп қарау керек [3]. 

Жас  ерекшелігіне  қарай  кезеңдерге  бөлінудің  түрлі  үлгілері  бар.  Бірақ  балалар  мен 

жасөспірімдердің  дене  тəрбиесінде  халықаралық  симпозимда  қабылданған  кезеңдер 

схемасын пайдаланған дұрыс. Бұл үлгі балалық жəне жасөспірім кезеңдеріндегі өсу жəне 

даму  процесі  қарқынының  өзгерістерін  нақты  жəне  дұрыс  көрсетеді.  Бұл  үлгіге  сəйкес 

жетілу кезеңінде 7 кезең жасалған: 

1.

 



–жаңа туған кезең -1-10 күн; 

2.

 



– нəрестелік кезең-10-1 жыл; 

3.

 



– сəбилік кезең -1-3 жыл; 

4.

 



– бірінші балалық кезең-4 -7 жыл; 

5.

 



– екінші балалық кезең  

         ұлдар-8-12 жыл; 

         қыздар -8 -11 жыл; 

6.

 



– жеткіншектік кезең 

         ұлдар-13 -16 жыл; 

         қыздар-12-14 жыл; 

7.  -жасөспірімдік кезең  

        ұлдар-17 -21 жыл; 

        қыздар-16 -20 жыл;  

Бокс  спорт  түрімен  10-18  жастың  аралығында  айналысуға  мүмкіндігі  бар.  Бұл 

кезеңде  организмнің  өсіп  дамуы  біртіндеп  жақсы  дамыды.  Дене  мүшелерінің  жəне  ағза 

жүйелерінің дамуы бір-бірімен өте тығыз байланыста, яғни біртұтас құлылым. 

Денедегі  ішкі    жəне  сыртқы  мүшелердің  жəне  жүйелердің  өсу  қарқындылығы 

санынан  да  мөлшерінің  өзгеріске  ұшырауыда  біртіндеп  байқалады.  Сондықтан  біз  дене 

дамуы,  қарқыны  жəне  салмағы  əртүрлі  адамдармен  кездесеміз.  Сондықтан 

жасөспірімдердің  əртүрлі  жастағылардың  арасындағы  шекаралық  деңгей  анықтауда  жиі 

қиындыққа соғады.  

Машықтандыру  сабақтары  бокс  спорт  үйірмесімен  айналысушы  жаттығушыларда 

жас  ерекшеліктеріне  қарай  топқа  бөліп  жүргізіледі.  Олар:  кіші  топ  14-15  жас,  үлкен 

(жоғары) топ 16-17 жас, жас өспірімдер тобы 18-19 жас жəне ересектер тобы  20 жас жəне 

одан жоғары жастағы жаттығушыларды топтастырады. 



193 

 

Бұр  əрбір  топ  өз  жас  ерекшелігіне  қарай,  жарыс  ережесіне  сай  бір-бірінен 



ажыратылып топтастырылады. 

12-18  жас  жыныс  жүйелерінің  жетілуі  кезеңіне  дəл  келеді.  Жұмыс  жүйелерінің 

жетілу процесін байланысты өзгеруі, ағзаның барлығына өзінің əсерін тигізеді. 12-15 жаста 

дененің  ұзындыққа  өсуі  өтеді,  сондай-ақ  гипофиз  жəне  щитовидный  бездері  қызметінің 

күшейтілуімен  сəйкес  келеді.  Жас  ерекшелігіне  қарай  кіші  топтарда  омыртқасының, 

көкірек  клеткаларының,  тазының  жəне  төмен  жақтарының  сүүйектенуі  бітпейді.  Ересек 

адамдарға  қарағанда  байланыс  аппараттары  жұмсақ.  Осы  ерекшеліктерін  есептеп,  күшті 

жəне  иілгіштікті  дамытатын  жаттығуларды  абайлап  қолдану  қажет.  Бұларды  артықша 

қолдану  сүйектердің  өсуіне  қарама-қайшы  əсерін  тигізуі  мүмкін  жəне  мүсінінің 

дұрыстығына  əсерін  тигізуі  мүмкін  жəне  мүсінінің  дұрыстығына  əсерін  тигізеді.  16-18 

жаста өсу қарқыны азайыңқырайды жəне жасөспірім жылына шамамен 3 см-ге өседі.[4] 

Жас  ерекшелігіне  қарай  14-18  жас  аралығындағылар  ағзасының  күш  жинауда 

қарқынды  дамыған,  мүлтіксіз  епті,  төзімділігі  артқан,  барлық  мүшелер  жұмысы 

белсендіріліп,  жас  ерекшелігін  қарай  жүйке  жүйесінің  қалпы  өзгеріске  ұшырауы,  жүрек 

жəне тыныс алу мүшелерінің жұмысы, тұлғаны бойы, жайына қарай өзгеріске ұшырайды. 

Сондықтан  14-16  жас  кезінде  бұлшықет  жұмыстарына  көптеп  жаттығулар  жұмысының 

қарқындылығын күшейту қажет. 

Ал  17-18  жас  жасөспірімдерде  бұлшықет  ұлпасында  күш  қуаты  артады,  жүрек-

қантамырлар  жүйесінің  қызметі  əлдеқайда  дамыған,  тамыр  соғысы  жоғарылайды,  қан 

қысымы  төмендейді,  жүрек  көлемінің  соққысы,  ересектердің  жүрек  көлемінің  соққысына 

тең келеді. 

Боксшы  машықтануда  жаттығудың  техникасы  мен  тактикасын  меңгеруде  тұлғаның 

денелік жəне психологиялық жағдайына күш салады. 

Сондықтан жасөспірім жаттығумен айналысуда оларға оқыту қажет, олар неғұрлым 

жас  кезде,  белсенділікті  жетеу  қарқынды  жүреді.  Кездейсоқ  алған  соққылар  жүйке 

жүйесінің  қалпын  тежеуге  ұзақ  күш  салады.  Сондықтан  жаттығуларды  бөліп,  ұзақтығын 

бақылап, тынығу ұзақтығын ескеріп отырған жөн. Сондай-ақ күштілік соққыларын толық 

қолданып  отыру  қажет.  Жасқа  қарай  белсенділік  қарқындылығын  ерекшелігіне  сай 

мөлшерін, салмағын, жүйлермен мүшелер белсенділігін, əсіресе жүйке жүйесін бақылауға 

ұстау қажет. Жылдамдық координациясы, күш санасы арта түседі. 

Жүрек  бұлшықетінің  жəне  барлық  ағза  дамуы  жаттығумен  жалпы  қарқындылығы 

міндетті.  Бүкіл  ағза  машықтану  үстінде  ішкі  мүшелерге,  бұлшық  еттерге  салмақ  түсірсе 

жүректің, жұмыс қарқындылығын екі есеге арттырып қатты күш салады. Мұндайда жүрек 

гипертрофия  жағдайына  үшырауы  мүмкін.  Сондықтан  жүрек-қантамырлар  жүйесінің 

жұмыс  белсенділігін  өз  денгейінде  ұстау  жалпы  дене  дайындығының  жүйке  жəне  дене 

салмағының  денгейінде  ұстауға  мынадай:  жүру,  жүгіру,  жүзу,  спорттық  жүріс 

жаттығулары көмектесе алады. 

Жасқа  сай  артериальдық  қысым  балалар  мен  жасөспірімдерде  біртіндеп  көтеріліп, 

қан  қозғалысының  жылдамдығы  жоғарылайды.  Бұл  үшін  дене  жүктемелерін  жүрек-

қантамырлар жүйесінің қызметіне сай игеру қажеттігін меңгеру. Қалыпты қан қысымы 18 

жаста бірдеңгейде теңеседі. 

Жасөспірімдердің  қан  қысымының  ұлғаюы  белгіленеді.  Артық  жүктеме  алғанда 

олардың  жүрегі  ауыруы  жəне  басы  айналуы  байқалады.  Шаршау  жағдайы  жеңіл 

байқалады. Үзбей жаттығудың нəтижесінде бұл қайшылық көрініс біртіндеп ғайып болады. 

Үлкен шыдамдылықты ерек ететін жаттығуларды қолданғанда, жүректің гипертрофиясына 

əкелуі  мүмкін.  Жүректің  артық  қуаттылығын  қайтару  үшін  жүктемені  қатаң  біртіндеп 

ұлғайту қажет. 

Жасөспірімдердің  үлкен  жастағыларына  жүйке  жүйелерінің  жұмысцы  жүрек 

қызметінің  реттеуде  өте  дұрыс  құрылады.  Жүрек  соғуы-аз,  жүрек  көлемінің  соғуы-

ересектердің байқалуындағыға жақын.  

Көрсетілген  өзгерістер  арнайы  шыдамдылықтың  дамуына  жағдай  туғызады. 

Жасөспірімдердің  ағзасы  ұзақ  уақыт  бойынша жұмысқа қабілеттілігінің  жоғары  деңгейде 

ұстап тұру қабілетін меңгере алмайды. Жасөспірімдер тез шаршайды, бірақ, тез өзінің күші 

қалпына келеді. Күшінің тез қалпына келуі сонда өтеді, егер олар аз жəне оңтайлы жүктеме 



194 

 

алғанда. Қатсыушылардың күшінің орнына келуі заттардың көтеріңкі ауысуының есебінен 



болады.  Сондықтан  да  барлық  сабақ  бойынша  жұмыс  қабілеттілігін  сүйемелдеу  үшін, 

демалу  үшін  жиі  үзіліс  қажет.  Жүктемені  артық  мөлшерде  алғанда  қыатысушылардың 

күшті  қалпына  келтіруі  созылады.  Сондықтан  да  үлкен  жүктеме,  ересектердің  іс-

тəжірибесіндей жасөспірімдерге жол беруге болмайды. 

Жүрек-қантамырлар  жүйесі  қызметінің  жоғарлауы  тыныс  алу  жүйесінің  қызметін 

күшейтеді. 

16-18  жаста  өкпе  массасының  көлемі  күшейеді,  өмір  сүрумен  байланысын 

арттырады.  

Бізге  белгілі  бұлшық  ет  қызмтінің  белсенділігі  ондкағы  қан  мөлшерінің  жұмыс 

қабілетіне байланысты, бұлшық ет қызметін арттырады. Сондықтан алдымен бұлшық еттің 

қанмен қамтамасыз етілуін бақылап, соңынан бұлшық ет қызметінің белсенділігін арттыру 

қажет.  Яғни  бокс  жаттығу  сабағының  алдын-ала,  немесе  оқу  жекпе-жек  сəтінде, 

жаттығушы  тым  шаршағыш  келеді,  өйткені  тыныс  алу  дұрыс  қойылмаған,  бұлшық  ет 

шынығуы жеткіліксіз, .нағыз жекпе-жек сəтінде белсенділік көрсете алмайды. Жас өспірім 

жаста  ересектерге  қарағанда  боксшы  жекпе-жек  сəтінде  ерте  шаршайды.  Сондықтан 

ересектерге қарағанда жасөспірім жастағылардың жаттығу  сабақтарын  таза  ауада,  сыртқа 

алаңда өткізген жөн, өйткені тыныс алу оттегімен толық қамтамасыз етілуін ескеру қажет. 

12-15  жастағы  жасөспірімдердің  ет  ұлпалары  ұзындыққа  тағы  да  қарқынды  өседі, 

көлденеңіне  қарағанда  жəне  15  жаста  денесінің  барлық  салмағының  мысалға  32  пайызға 

құрастырылады. Жасөспірімдердің ет жүйесінің функционалдық мүмкіншілігі, ересектерге 

қарағанда төмен. Осыдан күшке жəне төзімділікке арналған жаттығуларды қолдану қатаң 

регламенттік  болу  қажет  жəне  жүктеменің  ұлғаюының  сатысы  оған  бейімделуінің 

өлшемінде.[5] 

Ғылыми  деректерге  қарағанда  13-15  жаста  қимыл  анализаторларының  қалыптасуы 

аяқталады.  Осыған  орай  15  жастан  бастап  күшті  мақсаттылықпен  дамытуға  мүмкіндік 

туады.  Еттер  ұлпасы  қуатты  өседі  жəне  17-18  жастағы  жасөспірімдердің  денесінің 

салмағының  44  %  жетеді,  сондықтан  дене  қуаттылығын  керек  ететін  техникалық 

қимылдарды  үйренуге  мүмкіндік  туады.  Жасөспірімдердің  ішкі  құрылысы  мен  іш  еттері 

ілсіздігі  жағынан  байқалады.  Мұндай  жағдай  жаттығуларды  байқап  қолдануына  кенрек 

етеді,  қалайда  жасөспірімдердің  əдістемелік  сабағында  олардың  жүрек-талшықтарының 

жүйелеріне ерекшеліктері.н ескеру керек.  

Жасөспірімдердің  тыныс  алу  мүшелері,  сондай-ақ  өзінің  ерекшеліктері  бар.  Соның 

бір  ерекшелігі  көкірегінің  дамуын  периметрі  жəй  өтеді,  дененің  ұзындыққа  өсуіне 

қарағанда.  Осы  жағдай  тыныс  алу  жүйелерінің  дамуын  шектейді.  Тыныс  алу  реттелуі 

жетілдірілмегеннен  дене  жаттығуларын  үлкен  жүктемемен  өткізу  тыныс  алудың 

ырғақтығы  бұзылуы  мүмкін.  Бұл  қаралып  жатқан  жаста  мəнді  өзгеріске  балалардың 

психикасы да кіреді. Одан əрі психологгиялық ысылуы өтіледі. Жасөспірімдер 12-15 жаста 

ересектерге  ұқсауға  тырысады,  өз  бетінше  ынталануға,  ерлікте  көзге  түсуге.  Олардың 

мынадай  жоғары  психологиялық  қабілеттілігі  дамиды,  шын  ойлауы,  өзінің  істерін  жəне 

мінезін  қорыта  білуін  жəне  талдауын.  Ересек  болуға  тырысып,  жасөспірімдер  теріс 

мінездерін  көрсетуі  мүмкін:  қызбалық,  дөрекілік  т.б.  Оқытушының  мақсаты 

қатысушыларға дұрыс қабілеттілігін дамытуды ояту болып саналады, керекті бағыт беру. 

Оны  да  ұмымпаған  жөн  жасөспірімдер  бір  қызметпен  айналысып,  қолжетерлік 

мөлшерлерде  бақылауын  жоғалтады.  Олар  барыншав  үлкен  салмақ  көтеруге  тырысады, 

барынша  жарысқа  жиі  қатысуға,  арнайы  дайындықсыз  күрделі  əдісті  істеуге  талпынады. 

Сондықтан да жасөспірімдерге қатаң педагогикалық бақылау қажет. 

Оқыту  мен  жаттығу  сабақтарында  психологиялық  жас  ерекшелігін  ескеру  негізгі 

факторлардың бірі. 

Балалар  мен  жасөспірімдердің  психологиялық  саласы  ересектер  психологиялық 

саласы  ересектер  психологиялық санасынан  ерекшеленеді.  Балалар  мен  жасөспірім жаста 

бұл  саланы  жаттықтырушының  педагогикалық  шеберлігінен  оның  жаттығу  сабағында  əр 

бір баламен жекелей жұмыс жүргізгенінен байқауға болады. Балалар мен жасөспірімдерде 

көру  қабілеті  өте  жақсы  дамыған.  Бұл  жаста  жаттығушы  жоғары  дəрежеге  жетуде 

техникалық  машықтануды  меңгеруде  сəттілікке  жетеді.  Жасөспірімдер  бұлшық  ет 



195 

 

қызметінің  жұмысын  өзі  бақылау  жасауда  белсенділігінің  даму  қарқындылығын  аңғара 



алады.  

Жасөспірім  жасында  мінездік  ерекшеліктер  орталық  нерв  жүйелері  қызметінде 

əсемдік  жəне  нерв  процестерінің  қозғалмалығы  болып  табылады.  Сол,  икемділікті  керек 

ететін жаттығуларды тез игеріп кетуін мүмкіндік алады.  

12-15  жастағы  жасөспірімдердің  жүйке  пройестерінің  оянуымен  жəне  тежеуі  бір 

қкалыпта  емес  екендігі  белгіленеді.  Ояну  процесі  тежеу  процесінен  асыңқырақ  болады. 

Сондықтан  да  жасөспірімдер  тəртіпті  жиі  бұзады,  ересектерге  қарағанда.  Жүйке 

процестерінің  бірқалыптылығын  жетіспегенінен  көңіл  күйінің  жылдам  ауысуына  жəне 

жүйке  жылдам  шаршауына  əкеледі.  Осыны  есептей  отырып,  оқытушы  сабақты  жоғары 

деңгейде өткізуге, қатысушылардың қызметін жиі өзгертуге талпыну қажет. 

16-18 жастағы жасөспірімдердің бөлімдердің əрі қарай қызметінің дамуы жалғасады. 

Бұл жаста олар сабырлылық бірқалыпты бола бастайды. Алға қойған мақсатын біліп, олар 

жеке  жетілдіруге  талпынады,  жолдастьық  сезімі  көріне  бастайды,  бір-біріне  көмектесуі 

жəне  өзінің  білірмін  кейін  қалушыларға  береді.  Бұл  олармен  оқу-тəрбие  жұмысын 

өткізззуін  жеңілдетеді.  Жоғары  жастағы  жасөспірімдер  өзінің  дамуымен  ересектерге 

жақын.  Сонымен,  жасөспірімдер  өзінің  даму  процесінде  өзіне  тəн  ересектерге 

ерекшеліктері  өзідерінде  бар.  Сондықтан  да  олармен  сабақ  өткізгенде  біліп  жəне  осы 

ерекшеліктерді  есептеу  қажет.  Жаттықтырушыларға  жас  ерекшеліктерін  есептеу 

балуандарды тек жақсы дайындауда емес, əрі жəне организмін паталогиялық өзгерістерінен 

қашады.  Бұл  жəне  сауықтырғыш  бағытына  жетеді,  бұл  дене  тəрбиесінің  негізгі  мақсаты 

болады.  

 

Əдебиеттер 



 

1

.  Сапарбаев М.Б.  Дене  тəрбиесі  пəнінің  мұғалімдеріне  үздіксіз  педагогикалық  білім  беру 



жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1993, 318 б.  

2.  Гейнца  К.А.  Қазақстандағы  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  1-9  сынып 

оқушыларының нұсқалық бөлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1995, 22 

б. 


3.  Жұманова  А.С.  «7-9»  жастағы  қазақ  балаларының  дене  тəрбиесі  ісінің  мазмұнын 

тəжірибеде дəлелдеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты Алматы,-1997. 

4.  Алимхананов  Б.У.  Дене  мəдениеті  бойынша  оқу  бағдарламасының  нұсқалары.  п.ғ.к. 

дисс. авторефераты. Санкт-Петербург. 1994, 22 б. 

5.  Платонов  В.Н.  Спортшылардың  қазіргі  замандағы  дайындық  жүйесінің  негізі.  //  Киев, 

«Здоровья» 1999. 

6. Құланов Қ.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі дене тəрбиесінің дамуы 

(1966-1985) п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1990, 22 б. 



 

ƏОЖ


 796.5 

 

СПОРТТЫҚ ЖҮРІС ПЕН ЖҮГІРУ (ЖЕҢІЛ АТЛЕТТІ),  СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 

 

Алтынбекова Э.Ж., Желеубаева Б.С., Менликулова А.Б

 

Аймақтық əлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан Республикасы 



 

Резюме


 

 

В  данной  научной  статье  рассматриваются    физиологическое  описание  в  спортивной 

ходьбы и бега  

Summary 

This article discusses the physiological scientific description in the Nordic walking and jogging 

 


196 

 

Жүру,  жүгіру,  жүзу,  ескек  есу  кезінде  конькимен  жүгіргенде,  шаңғы,  велосипед 



жарысында қозғалыстар циклдік қозғалыста болады. 

Осы  спорт  түрлерінің  əрқайсысында  жаттығу  кезінде  физиологиялық  өзгерістердің 

ерекшелігі  қашықтық  ұзақтығына  байланысты.  Циклді  жұмыс  қуаттылығына  жəне 

ұзақтығына байланысты 4  аймаққа бөлінеді. 

Əртүрлі қуаттағы циклді жұмыс кезінде организмге əртүрлі талаптар қойылады жəне 

жүйелерде  əртүрлі  құрылымдық-қызметтік  өзгерістер  болады.  Мысалы,  сылбыр  қуаттағы 

жұмысқа  машықтану  жалпы  төзімділікті  арттырады  жəне  аэробты  жұмысты  өндіруді 

жоғарылатады.  Жоғары  қуаттағы  жұмысқа  машықтану  тездік  пен  күшті  дамытады, 

анаэробты мүмкіндікті жоғарылатады. 

Физикалық жаттығулардың  циклді түрі  адам организміне жасына жəне дайындық 

деңгейіне байланысты əртүрлі əсер етеді. Адам организміне спорт түрінің əсер етуі жаттығу 

жəне  жарыс  өтетін  жердің  жағдайына  байланысты.  Мысалы,  шаңғы  тебу,    коньки  тебу 

жəне  жүзу спорттың басқа түрлерімен салыстырғанда денені шынықтырады.  

Спорттық  жүріс  спорт  түрінде  жарыс  10-нан  50    км-ге  дейінгі  қашықтыққа  

жүргізіледі.  Бұл  спортшылар  сылбыр  қуаттағы  циклді  жұмысты  орындайды.  Спорттық 

жүрістің  жай  жүрістен  ерекшелігі  қозғалыстың  күрделі  техникасы  жəне  едəуір  үлкен 

қашықтық. Жүгіруге өтіп кету – қателік болып  табылады.  

Қимыл  аппараты.  Спортшының  бұлшық  еті  аэробты  жағдайда  жұмыс  істеуге 

бейімделген. Ұзақ тірек фазасы аяқтың бұлшық еттерінің қимылдық-қызметтік жағдайына 

əсер етуі мүмкін. Оларда бұлшық ет кернеуі жоғары  дəрежеде дамиды. 

Тыныс алу жүйесі жəне энергия жұмсалуы. Тыныс алудың жеделдетілуі минутына 

70-80 литр. Оттегі қажеттілігі – минутына 4 литр. Спорттық жүрісте энергия шығыны өте 

жоғары. 50км дистанцияға жүргенде 2000-2500ккал  энергия  жұмсалады. 

Кесте №1. Спорттық жүріс 

 тыныс  алу  жүйесі  мен    энергияның  жұмсалуындағы 

көрсеткіштер 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет