Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет2/64
Дата06.03.2017
өлшемі8,24 Mb.
#8347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
    Бұл бет үшін навигация:
  • Summary

 

1.

 



Звигинцев В.А.История арабского языкознания.-М.,1958. 

2.

 



Исаева Ф.А. Нусусул  Арабия, Душанбе,1969,с 

3.

 



Тољиддин 

Яќубов. 


Намояндагони 

Шинохтаи 

Мактабњои 

Забоншиносии 

араб.Душанбе:нашриёти «нур-2003»,2009 

4.

 



Шавќи Зайф. Алмадорису Аннањвия, Ќоњира 2005. 

 

ƏОЖ


. 504.06 

 

ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА 

ЖАҒДАЙЫНЫҢ МƏСЕЛЕЛЕРІ 

 

Ш.Б.СейдуалиеваП.СламбековаГ.Нуралиева 



 

Аймақтық əлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан 

 

Резюме


 

 

В  статье  приведены  данные  о  состоянии  окружающей  среды  Южно-Казахстанской 

области.  В  конкретных  примерах  и  данных  показано,  что  в  нашей  области  достаточно  не 

решенных экологических проблем 



 

Summary 

There  was  given  informations  about  environmental  condition  of  South-Kazakstan  region  in  the 

article.  There  was  shown  there  are  enough  unsolving  ecological  problems  in  our  region  with  concrete 

examples and data 

 

11 


Табиғат  байлықтары  адамзат  өмірі  мен  қызметінің,  олардың  тұрақты  əлеуметтік 

экономикалық  дамуының  негізі  болып  саналады.  Қазіргі  кезде  еліміздің  көптеген 

аймақтарында  табиғат  байлықтарын  пайдалану,  қоршаған  орта  жағдайын  жақсарту 

жұмыстары  тиімді  жүргізілуде  деп  айта  алмаймыз.  Ғылыми-техникалық  прогрестің 

нəтижесінде  жасалынған  табиғатқа  əсер,  экожүйенің  өзгеруі,  дауылдар,  су  тасқындары, 

жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып 

түсті  десе  де  болады.  Сондықтан  аймақтардың  экологиялық  жағдайына  талдау  жасап, 

маңызды мəселелерге көпшіліктің көңілін аударып отырудың маңызы зор. 

Осындай  аймақтардың  біріне  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  жатады.  Оңтүстік 

Қазақстан  облысы  экологиялық  қауіптілігі  (риск)  бойынша  Қазақстан  аймақтарының 

ішінде  екінші  топқа  кіреді.  Облыс  орталығы  болып  табылатын  Шымкент  республика 

бойынша  ластану  дəрежесі  жоғары  қалалардың  қатарында  тұр.  Оңтүстік  Қазақстан 

облысында өнеркəсіптің жетекші саласына түрлі-түсті металлургия, машина жасау, химия, 

жеңіл өнеркəсіп жəне құрылыс индустриясы жатады. Ал химиялық өнеркəсіпте «Фосфор» 

өндірістік  бірлестігі,  химиялық  фармацевтік,  гидролиз  жəне  шино  жөндеу  зауыттары  т.б. 

көптеген  өндіріс  орындары  жұмыс  істейді.  Облыста  шамамен  130-дан  астам  ірі 

кəсіпорындар (7023 ластану көздері) атмосфераны зиянды заттармен ластайды [1]. Соңғы 

кездердегі  басты  экологиялық  мəселелердің  бірі  тастанды  қалдықтардың  жиналуы  жəне 

көбеюі. Олар əсіресе «Петро Қазақстан Ойл» АҚ, «Оңтүстік құс» ААҚ,  «Кентау ЖЭО-5» 

ААҚ,  «Экскаватор»  ААҚ,  «Южполиметалл»  ЖАҚ,  ТОО  «Интеркомшино»,  ААҚ 

«Химфарм»  мекемелерінің  əсерінен.  Соңғы  жылдарда  біздің  қаламызда,  облысымызда, 

республикамызда, бүкіл əлемде де қатты күйдегі тастанды заттар көбейіп барады. Қаланың 

əрбір тұрғыны жылына 200-ден 500кг-ға дейін қоқыс шығарады. Ал бұл қоқыстарды өңдеу, 

яғни  утилизациялау  технологиясы  біздің  қаламызда  қолданылмайды.  Мұндай  жағдай  тек 

қана  қалаларда  болып  жатқан  жəйт  емес,  барлық  аудан  орталықтарында,  облысымыздың 

ауылды мекендерінде де басты экологиялық мəселе. 

Оңтүстік  Қазақстан  облысында  2603-ке  жуық  табиғат  қорын  пайдаланушы 

өнеркəсіптер тіркелген, қазіргі кезде оның 50%-ке жуығы ғана толық жұмыс істейді. Бірақ 

та  бұл  өндірістердің  бұрынғы  қызметінің  нəтижесінде  жинақталған  өндірістік  қалдықтар 

жеткілікті. Мысалы, «Ащысайтүстіметалл» АҚ қызметінің нəтижесінде 160 млн тоннадан 

аса жəне Кентау ЖЭО-5-тен 403,5 мың тонна өндірістік қалдық жинақталған [2]. Олардың 

аздаған  мөлшері  ғана  екіншілік  өңдеуге  жіберіледі,  сонымен  қатар  құрылыс 

материалдарын  дайындауда,  жол  төсеуде  жəне  тағы  басқа  жағдайларда  пайдаланылады. 

Күні бүгінге дейін осы қалдық материалдардан химиялық элементерді бөліп алудың сəйкес 

технологиясы  жоқ.  Ал,  қалдық  сақтау  қоймаларының  шаңдары  осы  аймақта,  бірнеше 

километрге дейін топырақ, ауаны ластауын жалғастыруда. Оңтүстік Қазақстан облысының 

Экология  басқармасы  лабораториясының  Кентау  жəне  Түркістан  қалалары  аймағында 

жүргізілген  анализ  нəтижелері,  қалдық  сақтау  қоймаларынан  əртүрлі  қашықтықта 

топырақтағы  қорғасын  мөлшері  төмендегідей  екендігін  көрсетті:  500  м-1240  мг/кг;  5  км-

954  мг/км;  80  км-754  мг/кг.  Бұл  көрсеткіштер  зияны  жоқ  жоғарғы  концентрация 

мөлшерінен 38,6 жəне 5 есе жоғары. 

Айналадағы  табиғатқа  жəне  адамның  денсаулығына  өз  əсерін  тигізетін  фактор-бұл 

ауаның  ластануы.  Шымкент  атмосфералық  ауаны  ластау  жөнінен  Республика  бойынша 

алдыңғы  орындардың    біріне  жататындығын  жоғарыда  айттық.  Облысымыздың  жəне 

қаламыздың  атмосферасының  ластануына  өз  үлесін  нефтехимия  өндірістері, 

жылуэнергетикасы,  түсті  металлургия  комбинаттары  («Южполиметалл»  ААҚ,  «Петро 

Қазақстан  Ойл  Продактс»  ААҚ,  ТЭЦ-1,  ТЭЦ-2,  ТЭЦ-3,  «Шымкентцемент»  ААҚ)  жəне 

автотранспорттар.  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  аймақтық  табиғатты  қорғау  мекемесінің 

Түркістан, Кентау, Ленгір, Арыс, Сарыағаш, Шардара, Жетісай, Мырзакент жəне Атакент 

қалаларының атмосфера ауасының құрамын тексеру нəтижесінде адам денсаулығына зиян: 

шаң,  формальдегид,  көміртегі  оксидінің  өте  көп  мөлшерде  бар  екендігін  анықтады. 

Сондай-ақ,  Шымкентнда  мұнай  өңдеу  зауыты  сығымдалған  газ,  бензин,  дизельдік  отын, 

авиакеросин,  пеш  отыны,  мазут,  гидрон,  күкірт  шығарады.  Тек  сығымдалған  газ  өндірісі 

418  мың  тонна  шаманы  құрайды.  Ал  мұнай  жəне  мұнай  өнімдерін  барлау,  өндіру, 

тасымалдау,  қайта  өңдеу  көптеген  экологиялық  тепе-теңдіктің  бұзылуына,  өнімдердің 


 

12 


шығынына,  тазарту  құрал  жабдықтарының  деңгейінің  төмендеуіне,  өндірістен  қоршаған 

ортаға  зиянды  заттардың  шығарылуына  жол  беріледі.  Сонымен  бірге  мұнай  қалдықтары 

ұзақ  сақталған  сайын,  олардың  құрамы  əртүрлі  өзгерістерге  ұшырап,  бір  жағынан 

топырақты ластаса, ал екінші жағынан көмірсутектер буланып, ауа бассейінін ластайды. 

Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  орталығының  гидрометереология  саласы  тексеру 

жүргізу кезінде «Петро Қазақстан Ойл Продактс» АҚ айналасында орналасқан санитарлық-

қорғау  зонасы  шекарасында  жоғары-экстремальды  атмосфералық  ауаның  ксилолмен, 

мұнай  көмірсутектермен  ластануының  шектік  рұқсат  етілген  концентрациясының 

қойылған нормативтен жоғарылағанын анықтаған. 

Оңтүстік Қазақстан облысының су ресурстарына қысқаша тоқталып өтсек, Оңтүстік 

Қазақстан  облысында  облыс  көлемі  бойынша  15  мың  су  пайдаланушы  есепке  тіркелген. 

Облыста  74  су  тазалау  орындары  бар.  Облысымызда  жер  асты  суларын  негізгі  ластаушы 

көздерге  түрлі-түсті  металлургия,  химиялық  мұнай  өнеркəсіптері,  жеңіл  жəне  тамақ 

өнеркəсіптері  жатады.  Негізгі  ластағыш  заттар  бейорганикалық  азот,  сульфаттар,  мұнай 

өнімдері  мен  фосфаттар  жəне  т.б.  түрінде  кездеседі.  Облысымызда  ауыз  су  жөнінде 

облыстық  СЭС  көрсеткіші  бойынша  Түлкібас  ауданында,  Шардара,  Отырар,  Қазығұрт 

аудандарында судың сапасының нашар екендігін байқатады. [3] 

Ауыл  жерлерде  де  жағдай  мəз  емес,  əсіресе  соңғы  жылдарда  жерді  тиімді  қолдану, 

жердің  өнімділігін  сақтау  басты  мақсатты  құрайды.  Ал  жерлердің  өнімділігі  жыл  сайын 

төмендеп  барады,  себебі  жер  қабатындағы  қарашіріктің  (гумустың)  азаюы  соңғы  30  жыл 

ішінде    20%-ға  азайды.  Бүгінгі  күнде  жел  эрозиясына  3108,7  мың  га  жер,  су  эрозиясына 

980,2  мың  га  жер  ұшырап  отыр.  Өнімсіз  жерлердің  көп  бөлігі:  Созақ,  Отырар,  Шардара 

аудандарында.  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  231,5  мың  гектар  жерді  алып  жатқан 

шамамен 14500 шаруашылыққа арналған орын бар. 

Облыс  территориясының  радиациялық  фоны  табиғи  фонның  шекті  мəнінде  12-20 

мкр/сағ  шаманы  құрайды.  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  ионизацияланатын  сəулелердің 

көзін  пайдаланатын  радиоактивті  заттармен  жұмыс  істейтін  130  кəсіпорындар  жəне 

ұйымдар орналасқан. Олардың: 

-

 

уран  өндіретін  ионизациялаушы  сəулелердің  3422  көзін  пайдаланатын 



кəсіпорындар-2; 

-

 



ионизациялаушы сəулелердің көзін пайдаланатын кəсіпорындар-48; 

-

 



жұмыс барысында рентген сəулелерін қолданатын кəсіпорындар-7; 

-

 



сəулелік-диагностикалық кабинеттері бар жəне басқа кабинеттер-72. 

Сондай-ақ,  уран  өндіруде  жер  астын  сілтісіздендіру  əдісімен  айналысатын  2 

кəсіпорын бар. 

Облыстың  маңызды  мəселелерінің  бірі-ионизацияланушы  сəулелерді  пайдаланатын 

ампулалы  көздері  (АИИН)  радиоактивті  қалдықтарды  көму  болып  табылады.  Оларды 

орталықтандырып  көму  мəселесі  шешілмеген.  Облыс  аумағында  63  кəсіпорын  бойынша 

3363 ионизациялаушы сəулелену көздері (ИСК) бар. Жалпы радиоактивтілігі 3891,689 ГБк  

тең көмуді қажет ететін радиоактивті қалдықтардың мөлшері-712 дана. 

Радиациялық  қалдықтар  кадастырының  мəліметі  бойынша,  Оңтүстік  Қазақстан 

облысының  Созақ  ауданының  территориясы  Қызылорда  облысымен  шекарасында  тау-

үйінді түрінде 2478 тонна радиациялық қалдықтар жинақталған, ол қалдықтардың жалпы 

активтілігі-1,36 Ки. 

Созақ ауданының жазық далаларында радиациялық жағдайдың күрделенуі, жер асты 

суларында  табиғи  нуклеидтер  (уран,  торий,  радий)  мөлшерінің  көбеюі  салдарынан  өзінің 

химиялық құрамы бойынша судың сапасы «Ауыз су» ГОСТ-на сəйкес келмейді. 

Облысымыздың  атмосфералық  ауасының  ластануына  жылдан-жылға  сандары 

көбейіп  келе  жатқан  автокөліктердің  қосар  үлесі  де  көп.  Оңтүстік  Қазақстан  аумақтық 

қоршаған  ортаны  қорғау  басқармасының  мəліметі  бойынша  соңғы  үш  жылда  облыс 

орталығында автокөлік саны 11,4 пайыз өсті.  

Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысының қоршаған орта жағдайына жасалған талдау 

облысымызда  шешуді  қажет  ететін  экологиялық  мəселелердің  жеткілікті  екендігін 

көрсетеді. Осы мəселелерді шешуде əрбір адамзат өз үлесін қосуы керек

 


 

13 


Əдебиеттер 

 

1.

 



Состояние  окружающей  среды  Южно-Казахстанской  области  //Справочная 

информация. Шымкент.-1999, 11с 

2.

 

Дəрібаев  Ж.С.,  Баешов  А.Б.,  Баешова  А.К.  Кентау  жерасты  кеніш  суының  экожүйеге 



əсері.  //Қ.И.  Сəтпаевтың  100  жылдығына  арналған  ғылыми-техникалық  конференция 

материалдарының жинағы. Тараз-1999. с.3-8 б. 

3.

 

А.Н.  Жылысбаева.  Қазақстан  экологиясы.  Биология  мамандығында  оқитын 



магистраларға арналған лекция жинағы.- Шымкент-2007ж-54 б. 

 

ƏОЖ



574.075 

 

КӨКСАРАЙ СУ РЕТТЕГІШІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИГІЗЕТІН ƏСЕРІ 



 

Сейдуалыханқызы С., Жылысбаева А.Н., Есалиева З



 

Аймақтық əлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан 

 

Резюме


 

 

В 

статье 

рассмотрены 

вопросы 

влияниепостроенного 

в 

Южном 

Казахстанепротивопаводкового Коксарайского контррегулятора на окружающую средуПоказано 

необходимость  проведение  мониторинга  изменение  биоразнообразия  вокруг  котррегулятора  в 

течение длительного времени 

 

Summary 

 

There is discussed the impact of flood protection Koksaraycounterregulatorbuilding in the southern 

Kazakhstan on the environment in the article. There is  shown the need monitoring of biodiversity change 

aroundcounterregulator for a long time 

 

Қоршаған  ортаның  жаңадан  салынған  су  қоймалардың  пайда  болуы  нəтижесіндегі  

өзгерістері жөнінде  ғылыми –техникалық əдебиеттер  санының  аз екенін  айта кету керек. 

Əртүрлі  деңгейдегі  су  қоймалары,  су  жинағыштарының    құрылысы    өз    ретінде  табиғи  

жағдайлар мен кең  аумақтағы үдерістердің  өзгеруіне  соқтырады. Су  қойманың табиғи  

ортаға  əсері ондағы əртүрлі  өзгерістері арқылы анықталады. 

Су  жүйесінің  жоғары  рельефіндегі табиғи  процестердің  өзгеруі  негізінен су қойма  

мөлшерімен  жəне    іске    қосу    режимімен    жəне    жағалауымен    анықталады.    Өзен  

жағалауындағы    табиғи  шарттардың    өзгеруі    төменгі    су    жүйесі    негізінен    ағыстың  

реттілігімен    байланысты.  Ағыстың  азаюы    аудандарында  табиғи    орта    өзгерістері  

ағыстың  режимімен, өзен  аймағымен жазықтықтың  физика – географиялық шарттарымен  

анықталады. Су  қойманың  пайда  болуы  нəтижесінде  ауданның гидрографиясы, сонымен  

бірге    құрлық  пен  акватория    қарым-қатынастары    жəне  т.б.  өзгереді.    Су  қоймалардың  

пайда  болуы территория  орындарында  судың  жоғары  болуы, ормандармен, бұталармен  

қапталуы, басқа  да  қажеттіліктер  ауданның  гидрографиясын  өзгертеді. Пайда  болған  

жасанды  су  бөгеттері  олардың  бірнешесі  (Байкал, Зайсан, Онтарио, Онежское, Виктория  

жəне  т.б.)    су    қоймаға  айналды.  Берілген    ең    жоғарғы    дəрежедегі    параметрлерді  

салыстырғанда,  үлкен  су  қоймалардың  ұзындығы  бірнеше    мың  километрге    жетеді,  ең  

жоғарғы   көлемі  - 20 – 40 км, судың  алаңы – көптеген  мыңдар, ал  үлкен көлдер – он  

мыңдаған квадрат километрлер. Сонымен  бірге  бірінші  орында  барлық  көрсеткіштер су  

қоймада  əр  түрлі нəтиже  көрсетеді; ескеретіні  ең  жоғарғы  жəне  тереңдіктің  орташа  

көрсеткіштері, бірінші  ондықтары  үлкен емес  таулы,  үлкен  бөгеттермен   пайда  болған.  

Үлкен  су  қоймалар, акваториялар  жəне су  көлемі  молырақ,  бөгеттің  деңгейі  жоғары,  

өзенге  жақын  территориядағы  гидрографияның  пайда  болуына  алып  келеді. Əсіресе  

каскадтардағы  үлкен өзгерістер немесе  су  қойма  жүйесіндегі  ең  басты  өзен  жəне  оның  

алып  ағыстары,  барлығы   өзен  ағыстарын  тудырады [1]. 



 

14 


Су    қойманың  ағысын    реттеу    нəтижесінде  өзеннің    алқабының    төменгі    су  

жүйесіндегі    гидрографиясы    өзгереді.  Су    тасқындары,  су    басулары    кезеңінде    ағыс  

азайғандықтан  су  азаяды,  құрғақшылық  болады. Өзен  арнасының  участкілері  бөгеттен  

төмендеу,    каналдар    мен    тунельдерде    су    қақпақшасымен    қамтамасыз    етеді,  

фильтрациялық  шығынға  ұшырайды. 

Көксарай    су  реттегішінің    аймағы    шөлді    жəне  жартылай    шөлді      зонада   

орналасқан,  ол  жерлер  қуаңшылыққа  төзімді  өсімдіктермен    сипатталады.    Ксерофитті   

өсімдіктер  негізінен    жартылай  бұталы  жəне  бұталы  биотүрлермен,    шөптекті   

өсімдіктермен  сипатталады,  олар  біржылдық  (эфимерлер  жəне    тұздар)    жəне    көктемгі  

циклдың дамуында  көпжылдық (эфемероидтар) өсімдіктер. 

Ең  бірінші   аумақтың   өсімділігі  топырақ  қабатымен   анықталады:   топырақтың  

типімен,    олардың    механикалық  құрамымен,  ылғалдылығымен,    рельефтегі  жағдайымен  

жəне т.б. 

Сырдария өзеніндегі   бұл аймақ   орманды,   шөлді, бұл өзеннің   оң  жағасындағы   

жазықтық.  Жазықтық  бөлігі   оңтүстік   шөлді зонасында орналасқан. Арыс  массивінің  

геологиялық  құрылысында   жаңа аллювиальды-  сазды   балшықты  түрден   көрсетілген. 

Негізгі    топырақ    пайда  болатын      түрлер    аз    лайлы,  негізінен    құрғақ  лайлы,  сирек  

балшықты  аллювиальды болады. 

Сырдария  өзені  суының  қазіргі  сапасы  су  реттегіште    келесі  негізгі  факторлармен 

толықтырылады: 

-

 

Табиғи өзеннің химиялық ағысы; 



-

 

Су ішіндегі процестер, өзенде ағып жатқан жəне жоғары орналасқан су қоймалар; 



-

 

Жоғары орналасқан өндірістердің  өзенге  суды тасауы; 



-

 

Өзенгі  коллекторлы  –  дренажды    удың    жоғары  орналасқан    ауыл    шаруашылық  



объектілерінің  тасталуы. 

-

 



Құрылыс аймағының  гидрогеологиялық шарттары Сырдария артезиан  бассейнінің 

оңтүстік-  шығыс    жағалауында  ортасына  қарай  аллювиальды  жəне    аллювиальды  – 

пролювиальды  жазықтықта,  солтүстік  батыста Чулей Ташкентке  жақын орналасты. 

1- кесте. Сырдария өзеніне  жалпы  мінездеме 

 

Сырдария 



өзені 

Шардара 


бөгетінен 

ара 


қашықтығ

ы, км 


Орташ

а  


көлемі, 

м 

Орташ



а 

тереңді


гі, м 

Ағыс  


жылдам

дығы, 


м/ сек 

Судың орташа  жылдық  

шығындары, м

3

/ сек 



Қалы

пты 


жазы

лған


ы 

Төме


нгі 

жазы


лған

ы м/ 


сек 

Орт. 


қалыпт

ы 

Төмен. 



Шардара 

су  


қоймасы 

1,0 


350-

450 


3,0-4,0 

1,0-1,5 


400 

680,6 


210,0 

1880,


49 


Көктөбе 

бөгеті 


390,0 

370-


400 

3,0-4,1 


1,0-1,4 

391,4 


700,0 

177,0 


81 


Көксарай 

140,0 


350-

500 


3,0-4,0 

1,0-1,5 


400 

680,6 


210,0 

1880,


49 


 

4 жақты  бөліктің сулы деңгей  жиегі: 

Жерасты  суының    барлық    аймақтағы  ауданның  геологиялық      құрылысы    жəне  

гидрогеологиялық шарттары келесі  сулы деңгей  жиегі жəне комплексі біріктірілген: 

-

 

Қазіргі  су  деңгей  жиегінің    бөліктері    Сырдария    өзенінің    алқабында    кең  



таралған; 

-

 



Жоғарғы  4 жақты су деңгей  жиегінің бөліктері  кең аллювиальды  жазықтықта 1 

террасасында Сырдария  қзенінде  таралған; 

-

 

Орташа  4 жақты  аллювиальды- пролювиальды  бөліктерінің  су  деңгей   жиегі  



Сырдария  өзенінің  оң жақ жағалауында  таралған [11]. 

Аймақтағы  геоморфологиялық  қатынасты 3 бөлікке  бөлуге  болады: 

1.

 

Аз  толқынды тау алдындағы  жазықтық 



2.

 

Сырдария  өзеніндегі  оң жақ  жағалауының  ескі аллювиальды  жазықтығы 



 

15 


3.

 

Сырдария өзенінің  қазіргі алқабы 



Аз толқынды  жазықтық айақтың  батыс  жəне  шығыс   бөлігін  алып жатыр  жəне  

өздерімен  жоғары  көтерілісі  кең  төмендеуімен   көрсетіледі. Абсолютті  белгілер  бұл 

жерде    22-  270  м.  толқындалады.  Бұл  жердегі      топырақтың    түрі-  ашық  сұр  топырақты.  

Ашық   сұр  топырақтылар   орман түрлері  аймағында  дамиды. Гумустың  құрамы  1 ден  

1,5 % мінезделеді. Негізінен  жусан өсімдігімен  тұзданғандары  əртүрлілігімен  жайылым 

ретінде  қолданылады. 

Ескі    аллювиальды    аймақтың    жазықтық    орталық      жəне    шығыс    бөлігін    алып 

жатыр. Абсолютті  белгілері  200 ден  220 м. дейін  толқындалады. Бұл жердің   жазықтығы  

төмендігімен,  жыралар,  дөңдермен    бұзылады.  Сонымен    бірге    макрорельеф    өте  қатты  

дамыған. Микрорельеф  өз кезегінде  топырақ  қабатының  қаттылығын  жүзеге  асырады. 

Бұл жерде  сұр   тұзды   жəне  күн  түсті   топырақтардың, құмдардың  кең таралуына  алып 

келді. Сырдария өзенінің  қазіргі  алқабы   -  қазіргі өзен арнасымен  тұрақты  жəне   бірі- 2  

тұрақты  террасалармен  ұсынылған. Арна көлденеңінен кейбір  жерлерде 3- 4 км жетеді. 

Арнаның    жалпы    рельефі    жазықтықты.  Топырақ    қабаты-  аллювиальды-  шабындықты 

топырақ,  арнаның астында  шабындықты  сұр  түсті  топырақтан  тұрады. Өзен арнасының  

реттелуімен  байланысты   əрдайым  су басуды  жəне  кебу  сатысында   болмайды. 

Аймақтағы  топырақ   қабатының  ерекшелігі  тұздалған,  бір ескертетіні  зонадағы  

топырақ    сұр    ашық    түсті.    Тұздану    көзі      тұзданған    топырақ    түрлерін    жəне    күшті   

минералданған   жер асты  суларының  пайда  болуына  соқтырады [1,2].   

Территорияны    зерттегенде    жайылым,    шөп    жағынан    қажеттілігі    көрсетілген. 

Кейбір  жерлерде  тастап  кеткен  шарбақтар  жəне  артезиан  саңылаулары кездеседі. 

 

2- кесте. Су  қоймадағы  территорияның  топырақ  көлемі 



 

№ 

 



 Топырақ  атауы 

Көлемі 


км

2

 



Сұр  түсті  ашық 



111,5 

23,5 


Сұр  түсті 

201,8 

43,3 


Сортаң  жер 

134,6 

28,9 


Сортаңды  топырақ 

13,6 

2,9 


Құм 


2,7 

0,6 


Аллювиальды 

0,4 


 

Барлығы 


466,2 

100 


 

 


 

16 


 

 

1-сурет. Көксарай  су  реттегішін  жобалау  зонасы  жəне  орналасуы[3] 



 

Су  бөліктерінде, орман  түрлерімен  ашық  сұр   түстілері  пайда  болады. Сортаңды 

жерлерде  сортаңдылары, ал жоғарғы  участкілерде  жайылымдылары  пайда болады. ОҚО   

радиоактивті  ластануы төмендегі нормативті құжаттарда  көрсетілгеннен төмен (НҚ – 72/ 

87, ОСП – 72/ 87, СПОРО – 85). 

Су  реттегіштің  құрылысы  өзен    ағысына,    Арал    теңізі    жəне    дельтасына,  өзен  

арнасына,  жағалауларына,  жер  асты  сулары,  жер  асты  жəне  су  ішіндегі  жануарлар  

əлеміне,    топыраққа    жəне    өсімдікке,    климат    жəне    адам      өмірінің  санитарлы  -  

гигиеналық    шарттарына,    табиғи    комплекстерге    жəне    экологиялық    жүйелерге,  

ландшафтқа    жəне    мəдени-  тарихи    ескерткіштерге    əсер    етті  деа  басымдықпен  айта 

аламыз. 

Табиғи  ортаға  əсері  құрылыс басталғаннан  əсер  ете бастады   жəне  жұмыстардың  

көлемінің артуымен  өсті жəне құрылған  құрылыс іске  қосылған  кезде  де  жалғасты. Бұл  

əсерлер  2 типке  бөлінеді: 

-

 

Құрылыс    жəне    объектіні    іске    қосу    кезіндегі    табиғи    комплекстердің    тікелей  



жойылуы; 

-

 



Табиғи    ортаға    жəне    маңындағы    территорияларды    өзгертетін,    əр    түрлі  

түрлердің  объектіге əсері. 

Объект    табиғи    ортаға    локальды    жоспарда      территорияға,  сонымен    бірге 

əлеуметтік  жоспарда Сырдария  өзенінен Шардара  су  қоймасына  дейінгі  əсері  көбірек. 

Су  құрылысы  жəне су реттегіш  объектісі  оның  айналасындағы  шөлді  зонаның   

жасыл  оазиске  айналуына,  бұталы  ағаштар  мен  басқа  өсімдіктердің  өсуіне   мүмкіндік  

береді,  өз  ретінде  бұл  территорияның  жасылдануына  жəне  су  қойманың  жануарлар  

жəне  өсімдіктер  əлемінің   көбеюіне  əсер  етеді. 

Территория  объектісінде   құрылыс  кезеңінде  жұмыстар  жүргізілді,  нəтижесінде 

қоршаған    ортаның    жағдайына    əсер    етті.  Негізгі    өзгерістер    құрылыс    участкісіндегі  

биотоптардың    жойылуы,    су    жəне  жел    эрозиясының  белсенді    ошақтарының  пайда  

болуы,  территория  топырағының  шайылуы, мұнай  өнімдері  жəне  т.б. 

Сонымен,  кез-келген  табиғи  ортаға  адамзаттың  енгізген  өзгерісі  өз  əсерін  тигізбей 

қоймайды, ол əсерлер оң да, теріс те болуы мүмкін. Көксарай су реттегішінің құрылысы да 

осындай өзгерістер тудырыды. Ал оның қаншалықты оң немесе теріс екендігін дөп басып 


 

17 


бірден  айту  қиын,  ол  үшін  ол  жердің  тпырағын,  суын,  биоалуантүрлігін  бірнеше  жыл 

бақылауды  қажет  етеді.  Сондықтан  осы  бағыттағы  зерттеу  жұмыстарын  тұрақты  түрде 

жүргізу қажет.  

Əдебиеттер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет