Пайдаланған әдебиеттер:
Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі. Әдістемелік нұсқау.
Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие.
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері: заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер» атты І Республикалық педагогикалық оқуларының жинағы., 2018.
Мұғалімге арналған нұсқаулық «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – // Қазақстан мектебі, №4, 2008
Сұлтанова Г. Жаңа технологияларды ұтымды пайдалану - // Бастауыш мектеп №12.
АТАМЕКЕНГЕ БІЛІМ АЛУҒА КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІК ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Наралиева Рахила Турсыновна,
Қазақстан, Алматы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың,аға оқытушысы,
Сафиуллина Флера Садриевна,
Ресей, Қазан Мемлекеттік университетінің, профессоры, филол. ғыл. док.
Біздің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті 2011 жылы 1985 жылы ұйымдастырылған шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің негізінде қайта құрылды.
Екі мыңыншы жылдықтың басталуы жаңа заманның лебін ала келді: біздің факультет ма- ңызды қадамын – шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдерін оқыту ісін бастады. 2001 жылдан бері факультетте президенттік бағдарламаның аясында шетелдік қазақ жастары білім алып жатыр.
Университеттің даму стратегиясы мен талабына сай факультет өз мақсаты мен міндетте- рін, бағыт-бағдарын, парызын, оқу үдерісін модернизациялаудың негізгі бағыттарын белгі- леп, стратегиялық жұмыс жоспарын жасайды. Стратегиялық жоспардың міндеттерін іске асыру барысында факультет Қазақстандағы отандық ЖОО-ға түсуге шетелдік қазақ тың- даушыларын дайындайтын, сонымен қатар өз жұмыстарының барлық бағыттарында корпо- ративті менеджменттің ұтымды жүйесін меңгерген, өз әдістемесін оңтайлы пайдалана
алатын және алдыңғы қатарлы әдістер мен технологиялары қалыптасқан оқу-әдістемелік орталық ретінде отандық білім кеңістігінде өзін таныта білді.
Осы кезеңнен бастап факультет алдына қойған үлкен міндетті: этникалық қазақтарға еліміздің отандық жоғары оқу орнына грантпен түсуге мүмкіндік беретін ҰБТ сынағына даярлау мақсатында негізгі пәндермен қатар болашақ мамандығына қатысты таңдау пәндері бойынша оқыту ісін жүзеге асыруда. Жыл сайын шетелдік қазақ жастарына арнайы бөлінетін грант саны да артуда. Факультетте шетелден қазақ жастарына білім беру ісімен ЖОО-ға дайындық кафедрасының еңбек ұжымы айналысып келеді. Шетелдік қазақ жастарының біздің білім ордасында білім алып жүргеніне жиырма жылдан асты. Бірақ кафедрада шетел- ден келген қазақ тыңдаушыларының контигентін қалыптастыру барысында туындайтын бірқатар мәселелер әлі де оңтайлы шешім тапқан жоқ. Шетелдік қазақ жастарына атамекенге келе сала мемлекетіміздің Ата Заңына сай құжаттарын ресімдеуі қажет. Осы құжаттарын ресімдеу барысында кейде қандастар тарапынан қателіктер кетіп жатса – құжаттарының то- лық болмауы, дер кезінде құжаттарына апостоль қойылмауы, нострификациядан өтпеуі, миграция бөлімшесіне уақтылы белгіленбеуі, ресми тіркеуге тұрмауы, виза мәселесі, тіркеу уақтының өтіп кетуі секілді, т.б. мәселелермен қатар жергілікті мекеме қызметкерлерінің жауапкершілігінің төмендігінен, мемлекеттік тілді меңгермегенін алға тартып, ресми тілде – орыс тілде жауап беруі, дұрыс нұсқау, толық кеңес бермеуінің салдарынан туындайтын мәселелер аз емес. Ескеретін жайт, біздің елімізде цифрлық технологиямен қызмет көрсету деңгейі жақсы дамыған: шетелден келген білім алушы қазақ жастарына «egov» элоктрондық қызметінің мобильдік қосымшасын жүктеп алуға және осы порталда 100-ден астам қызмет түрі онлайн жүйеде жүзеге асырылатындығы туралы пайдалы кеңес беру және оны тиімді пайдалану жолдарын түсіндіру, үйрету керек, деп санаймын. Мүмкін, болашақта шетелдік қазақтарға және жалпы елімізге келетін шетелдіктерге ақылы болса да (авто ХҚК-дағы се- кілді) қызмет көрсету жүйесін, ұшқыр топтарды құру керек болар. Мысалы, өткен оқу жылы білім алған 1-топ тыңдаушысы Манат Қарақат тіркеу мерзімін өз уақтысында созбаған- дықтан, құжатын ресімдемей жүре бергендіктен қомақты айыппұл төлеуі қажет болды. Фа- культет пен кафедра басшылығы бұл жайттан хабардар болған сәтте-ақ, ұстаздар ұжымы мәселені қолға алып, Манат Қарақатқа моральдық қолдау көрсетіп, материалдық көмек бер- ген соң, мәселе оң шешімін тапты. Осы бағытта біздің кафедра оқытушыларының, әсіресе, куратор-эдвайзерлердің еңбегі зор. Тыңдаушыларды медициналық тексерістен өткізу, олар- дың ЖСН-ы мен электрондық кілттерін, банк карталарын ресімдеу секілді т.б. басқа әр тың- даушының жеке басына қатысты құжаттарын ресімдеуге, реттеуге ат салысатын біздің кураторлар үшін мұндай қысқарту өте тиімсіз. Себебі атамекеніне білім алуға шетелден келген қазақ жастарын еліміздің саяси-экономикалық, ментальдық өзгерістер мен екітілділік немесе политілділік экстралингвистикалық факторы бар жергілікті жағдайға бейімдеу қажеттілігі туындайды. Тағы да бір аса назар аударуды қажет ететін жайт – тіл мәселесі. Біздің тыңдаушылар контигентінің ауқымды бөлігін, негізін Қытай Халық Республикасынан келген қазақ жастары құрайды. Олардың көпшілігі қытай мектебінде қытай тілінде немесе қазақ мектептерінде оқығандары төте жазумен білім алып келеді. Басым көпшілігі ана тілін тек күнделікті тұрмыстық, күнкөрістік деңгейде меңгерген. Қазіргі уақытта таяу шетелдер- ден келетін қазақ жастарының үлесі азайған, бұрын аз болса да Ресейден келетін, ал соңғы онжылдықта ресейлік қазақ жастары дайындық бөлімінде білім алмады. Ресей қазақ диас- порасының көп екеніне қарамастан, атамекенінде білім алуға, келуге қазақ жастары көп емес, олар БАҚ құралдарына берген сұхбаттарына назар салсақ, ана тілін нашар біледі немесе мүлде білмейді және біздің менталитетке бейімделу де оларға кедергі екенін алға тартады. Соңғы жылдары біздің дайындық бөліміне Моңғолиядан келіп білім алып жүрген жастардың саны арта түсті. Олардың басым көпшілігі моңғол мектебін бітіріп келеді. Заманауи моңғол жазуы кириллица негізделген болғанымен, қазақ тілінде жуан, жіңішке дыбыстарды дұрыс игере алмай қиналады. Болашақта шетелдік қазақ жастары отандық ЖОО-ларға оқуға түс- кенде ана тілінде білім алады және дәрістерді қазақ тілінде жазуы керек болады. Осы сәтте
қазақша жазу мәселесі үлкен қиындық тудырады, отанында ана тілінде білім алған қазақ жастарына ілесе алмайды, қытай мектебінде оқығандар кириллицаға негізделген қазақ әліпбиімен дәрісті мүлде жаза алмай қиналады. Төте жазумен оқығандар әуелі дәрісті араб графикасының бейімделген төте жазуымен жазып, содан кейін кириллицамен көшіріп жазып әуре болады, ал таза қытай иероглифімен оқығандардың да, т.б. тыңдаушылардың алдынан да қазақша жазу мәселесі шығады. Осы мәселені ескере отырып, заман талабына, тұтыну- шылардың/тыңдаушылардың сұранысына қарай біздің оқу бағдарламасына өзгеріс енгізіп, қазақ тілі фонетикасының сағатын көбейту керек, алғашқы жеті аптада қазақ тілі фонети- касын тереңдетіп оқытып, тыңдаушылардың функционалдық сауаттылығын – тілдің негізгі төрт аспектісі: оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім бойынша қалыптастыру қажет. «Білім беру жүйесіне енгізіліп отырған өзгерістерге сай оқу процесінде тәрбие тәсілдерін ұлттық психологияға бейімдеу, кәсіби бағдар беру оқушының қабілетін, талап-талғамын ескере отырып, жеке пәндерді теориялық әрі практикалық жағынан тереңдетіп оқыту іске асырыла бастады» [1, 3]. Біздің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы еңбек ұжымының негізгі мақ- саты – шетелдік қазақ тыңдаушыларын отандық жоғары оқу орындарына оқу түсуге дайын- дау, сонымен қатар олардың білім сапасын көтере отырып, олардың ЖОО-ға түсуінің пайыз- дық көрсеткішін арттыру. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына дейінгі білім беру саласының басым бағыттарын әлемдік білім беру үдерістерін дамыту жолына сәйкес- тендіру мақсатында, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қа- зіргі таңда отандық оқу-ағарту ісінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. «Оқу сауат- тылығы» пәнін Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті мен даярлық курстарында оқыту мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартына сәйкес «Филология» білім беру саласына енгізілген және даярлық курстарында жалпы орта білім беру мектептің негізгі деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән. «Оқу сауаттылығы» пәнін оқытудың маңыз- дылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. «Оқу сауаттылығы» пәнін оқыту – оқу үдерісінде қазақ тілін функциональды-коммуникативтік бағытта оқыту жүйесіне – «тілден – тілдік формаға және тілдің функциясына» және «тілдің функциясынан - тілге» қарай ойысу логикасына негізделеді. «Оқу сауаттылығы» пәнін оқу барысында тыңдаушы- лардың теориялық білім алумен қатар, жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі қалып- тасады және оларға рефлексия жасау, жұмыстың нәтижесін, мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдана, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамыта алады. Оқу сауаттылығын тексеруге бағытталған білім мониторингі – білім алу- шының оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалауға емес, оқу бары- сында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайттарда қолдана білуге икемділік- терін бағалауға бағытталады.
Тарихи отанына білім алуға келген қазақ жастарын атамекені – Қазақстанды – Отаным деп тануға баулу, отанына адал қызмет етуге дайын патриоттық рухта тәрбиелеу, оларға қажетті жағдайда моральдық және материалдық қолдау көрсету, еліміздің қазіргі таңдағы саяси-экономикалық жағдайына, мәдени ортасына қарай бейімдеу болып табылады. «Оқы- туда тағы да бір мәселеге ерекше назар аудару керек: шәкірттің әлеуметтік тәжірибесін арттыру. Басқаша сөзбен айтқанда, оқу процесінде әлеуметтік мазмұн басым болуы қажет» [2,74]. Әлемдік білім-ғылым кеңістігінде жаңа мазмұнды білім жүйесіне интеграциялау – инновациялық оқу үдерісін ұйымдастыру жұмысы барысында ақпараттық және педагоги- калық технологияларды тиімді түрде пайдалана отырып, білім алушының сұранысына қарай оффлайн білім берумен қатар, онлайн форматта қашықтықтан оқыту жүйесінде сапалы білім беру жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
Қазақстан мемлекеті көк аспанның астында тәуелсіздіктің көк байрағын желбіреткеніне, міне, отыз бір жылдан асып барады. Он бес жасар балғындай тәуелсіз жас еліміз аз уақыт ішінде-ақ талай-талай толымды табыстарға қол жеткізді. Кеңес дәуірінде кейінгі орынға ысырылған ұлттық құндылықтарымызға да баса назар аудырылып, осы мақсатта көптеген игі шаралар жүзеге асырылуда. Басты қазынамыз, аса құнды ұлттық мұрамыз, ана тіліміз шын
мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кешегі “мың өліп, мың тірілген” қазағымның өшкені жанды, өлгені тірілді. Ата-бабаларымыздың дәстүрлі ақ жолын қасиет тұтып, ту етіп ұстаған халқымыз бен еліміздің ынтымақшылдығының арқасында жас та болса еліміз іргелі мемлекет болып отырмыз. Тәуелсіз еліміздің іргетасы мен тұтастығын нығайту мақсатында кезінде тағдыр толқыны әр тарапқа лақтырған қандастарымызды елбасымыз бен үкіметіміз тарихи отанына қайтару үшін үлкен шаралар ұйымдастыруда. Игі шараның негізгі бастамаларының бірі – шетелдегі қазақ диаспорасына ата жұртында ана тілінде білім алуға мүмкіндік тудыру мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде дайындық факультеттері ашылды. Біздің университетте де шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде оралман жастарға білім беретін дайындық бөлімі ашылды. Ашылған күннен бастап университет басшылығы мен факультет ұжымы ынтамақтаса еңбек етіп келеді. Дегенмен де оралман жастарға арнайы ұйымдастырылған оқу жұмысында әлі өз шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Мәселенің бір түйіні таңдаған мамандығына негізделіп құралған топ құрамындағы тыңдармандар білімінің ана тілінен ала-құла болуы, оқу құралдардың тапшылығы, сонымен қатар олардың келген ортасына байланысты сабаққа қатысу белсенділігінің де әр түрлі болуында жатыр. Мысалы, Қытай елінен жас жерлестеріміздің сабаққа қатысуы қалыптасқан ортасына байланысты болып келеді: өр Алтайдан, таза қазақи ортадан тәрбие алып, білім алып келген жастарымыз қытай мектебінен немесе аралас мектептерден білім алып келген жерлестеріне қарағанда ширақ келеді әрі күнделікті сабаққа белсенді түрде қатысып отырады. Қытай мектептерін бітіріп келген балалар өздерін құрбыларына қарағанда бұйығы ұстайды, олар өздері бұның себебін қытайдың дәстүрлі мектептерінде сынып оқушы- ларының саны көп болады, сондықтан тәртіп қатаң сақталады. Ұстаздың талабы мен рұқса- тынсыз оқушыға өз бетінше әрекет жасауға тыйым салынады. Апай, бала жастан біз солай тәрбиеленгенбіз деп, түсіндіреді. Тыңдарман жастардың осы тобы сабақты біліп отырса да қол көтеріп, сабақ айтуға ұмтылмайды. Осы жасқаншақтықтың пердесін сыпырып тастау үшін сабақ барысында үнемі ізденіп тыңдарман жастардың жүрегіне жол табуға тырысу керек. Тыңдаушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әр түрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді Қазақ тілі сабағын ұйымдастыру барысында шәкірттердің белсенділігін арттырумен қатар терең білім беру үшін сабақтың тақырыбына байланысты алуан түрлі әдіс- тер мен амалдар қолданып, көрнекі құралдарды тиімді пайдалануға ұмтылған жөн. Тың- дармандар жауаптарының жалаң болмай, мазмұнды, ойлы болуға дағдыландыру үшін және бірыңғай ұлттық теске дайындық ретінде тренинг жаттығу жұмыстарын өзара байланыстыра жүргізу барысында пән оқытушысы дәрісханадағы психологиялық жайттарды ескере отыруы тиіс. Осы мақсатта “Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман”, “Өзін-өзі басқару”, “Бәйтерек”, “Алтын сандық” немесе “Қазыналы қобдиша” атты қалыптан тыс әртүрлі қызықты сабақтар ұйым- дастырамын. Күнделікті сабаққа дидактикалық материалдар сұрыптау барысында жалаң грамматикаға ғана негізделмеген тәрбиелік мәні зор мәтіндерді таңдап ұсынамын. Біздің дайындық бөлімінің негізгі мақсаты мен міндеті тыңдармандарды бірыңғай ұлттық тест тапсыруға дайындау болғандықтан “Білім бәсекеде бекиді”, “Қайталау – білімнің анасы” атты айдармен білім бессайысын ұйымдастырамын. Бұл білім бессайысында дәстүрлі шағын тест тапсырмалары ықшамдап осы сайысқа бейімдеп түрлендіріп ұсынылады. Осындай қалыптасқан дәстүрден тыс сабақтарды өз тәжірибе барысымда сабақтарды қайталау, өткен тақырыптарды пысықтап, білімін бекіту, тексеру мақсатында пайдаланамын. Бүгінгі ұсынып отырған сабақ үлгісі құрмалас сөйлемдерді қайталауға арналған сайыс сабағы. Сабақтың құрылымына қарай топ екі команда бөлінеді. Сайыста ұпай санап отыратын қазылар алқасы болмаған жағдайда оқытушы білімді бағалау шкаласы ретінде үлгерім мониторын қолдана алады. Білім сапасының мониторингі - ұлттық білім беру жүйесінде әртүрлі деңгейдегі білім берудің нәтижелерін жинақтап көрсететін жүйелі де тұрақты үдеріс. Білім сапасының
мониторингін құрайтын бөліктер стандарттық жүйені құруға және оны жүзеге асыруға, сонымен қатар барлық деректерді жинап бағалауға, нәтижелердің көрсеткішін анықтап бағалауға, оқу жоспарының стандартына сәйкес білім сапасын арттыруға қолданған шараларды іске асыру әрекеттері мен оның нәтижелеріне негізделеді. Мемлекеттік білім базасының үлгерім мониторингінің үлгісін басшылыққа ала отырып, сабақ барысында үлгерім мониторын қолдануға болады. Үлгерім мониторы қарапайым әдіспен плакат қағаздан жасалады: плакат екі бөліктен тұрады. Әр бөлімнің басына команда аты, содан соң сол жағына команда мүшелерінің аты-жөні баған түрінде жазылып, әр шәкірттің тұсына сайыс кезеңіне сәйкес бірнеше қалташалар жапсырылады. Сайыс барысында қалташаларға шәкірттердің жауабына сәйкес ұстаз белгілерді салып қояды. “Өте жақсы” – қызыл бес жұлдызбен, “жақсы” – жасыл төртбұрышпен, “қанағаттандырарлық” күлгін үшбұрышпен таңбаланады. Үлгерім мониторинг жасау арқылы тыңдаушылардың білім деңгейін анық- таймыз. Сонымен қатар бүгінгі білім алушылардың ертеңгі студент, яғни олар елімізде отандық жоғары оқу орындарының студенттері болатынын назардан тыс қалдырмауымыз керек. Сондықтанда олардың функциональдық сауаттылығын қалыптастыру үшін сабақ- тарды тиімді ұйымдастырып, пәндерді кіріктіріп өткізуге болады. Дайындық курсында алған білімін жоғары оқу орнының партасына отырғанда дұрыс пайдалана алу үшін сабақ үд- ерістері, оқу барысы тыңдаушыларды тілдік негізгі төрт аспектісін өз дәрежесінде меңгерт- уге бағытталады. Бүгінгі білімді студент – болашақта білікті маман. Тыңдаушылардың білім сапасын арттыру мақсатында университетте, факультетте біліми-танымдық, кәсіби бағдар- лық жұмыстар жүргізіліп отырады. ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті мен ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының басшылары және профессор-оқытушы құрамы осы мақ- сатта оқу бағдарламаларын жасап, оқу-өндірістік базасын құрды, жыл сайын уақыт талабы мен білім алушылардың сұранысына сай оқудың әдістемелік материалдардың мазмұны, фор- масы мен оқу-өндірістік базасы толықтырылып, жаңартылып отырады. Шетелден атаме- кеніне білім алуға келген әрбір қазақ жасына сапалы да терең білім алумен қатар Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі өмір сүру салтына, қоғамдық өміріне, тыныс-тіршілігіне бейімдеу үшін әлеуметтік-тәрбие жұмыстары ұштастырыла жүргізіледі. Олардың шығармашылық қабілет- терін ашу, дамыту мен болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына көмектесу жолында аз жұмыстар атқарылмайды. Ұстаздар шығармашылық және пәндік сайыстарға қатысуына, жас ғалымдар конференцияларына, семинарларына қатысуына жетекшілік етеді. Оқу үдерісімен қатар мәдени-танымдық, кәсіби бағдарлық, саяхат сабақтарын ұйымдастыру олардың Қазақ- станның тұрмыс-тіршілігіне тез сіңісіп кетуіне оңтайлы жағдай туғызады. Тағы да бір көңіл аударатын құбылыс: шетелден келген қазақ жастарының басым көпшілігі болашағын ата- мекенімен байланыстырғысы келетінін қуантарлық жайт.
Қазіргі уақытта жаңа да әділетті қоғам құруға қадам басқан Жаңа Қазақстанға отан- сүйгіш, білімді де білікті жас мамандар аса қажет. Шетелден келген қазақ жастары келіп оқып жатыр, атамекеніндегі оқуларын бітіріп, мамандық алған соң, осында тарихи отанында қалып еңбек етіп, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өзіндік үлестерін қосып жатыр. Қандас- тардың қосқан үлесі жайлы еңбектер жарияланды, ғылыми тұрғыдан талқылап қарастыру үшін біздің кафедра ұжымы 2021 жылы желтоқсанда халықаралық конференция ұйымдас- тырды, шараға шетелдік ғалымдармен қатар жат жерде қызмет етіп жүрген қандас бауыр- ларымыз, шетелдік қазақ ғалымдары, жазушылары, белгілі тұлғалар қатысып, конференция барысында қандас бауырлардың атамекенінің өркендеуіне қосқан үлестері талқыланып, болашақтағы қосар әлеуеті зерделенді.
Қорыта айтқанда, шетелдегі қазақтарды атажұртқа тартудың, олардың елімізге көбірек келуіне мүмкіндіктер туғызудың ең ұтымды жолдарының бірі – шетелдік қазақ жастарын оқуға шақыру. Осы орайда біздің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының еңбек ұжымы шетелдік қазақ жастарын атамекенге келіп білім алып, әрі қарай орнығуы үшін іс-әрекеттер кешенін жүзеге асыруда. Ондай шаралардың қатарында шетелдердегі қазақ диаспорасына
барып, жастарды атажұртта білім алуға, еңбек етуге шақыру, келген жастарға бағыт-бағдар беру, бейімдеу, ЖОО-на оқуға түсуіне, еңбекке араласуына көмектесу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |