Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет133/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Құрманғалиева С. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту. Х-ХІ сыныптарға арналған оқу құралы. Алматы,

«Рауан», 1995. Б.;

  1. Асхат Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Оқу құралы. Алматы «Кантана пресс», 2013.

ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ


ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ


Г.К. Наурызбаева, аға оқытушы
Г.Т. Алджамбекова, т.ғ.к., доцент
М.Ш. Нагиева, ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
Алматы қаласы, Қазақстан
148-мектеп-гимназия, Алматы қаласы, Қазақстан

Бүгінгі таңда отандық педагогиканың заманауи әдебиетіне талдау жасау кезінде көпте- ген жұмыстарда құзыреттілік білімнің, шеберліктің және дағдылардың тұтастығы ретінде анықталғаны, ал құзырет идеалды тұлғаның элементі ретінде қарастырылғаны көрінеді (Н.Д. Хмель, Л.Х. Мәжитова , Ш.Т.Таубаева және басқалар) [1, 14-22 б.].


Педагогикалық энциклопедияға сәйкес «құзыреттілік» тұжырымдамасы кәсіптік білімдер мен дағдылардан басқа: «бастамашылдық», «ынтымақтастық», оқуға, бағалауға, логикалық ойлауға, ақпаратты іріктеуге және пайдалануға мүмкіндік береді, ал «құзырет» тұжырым- дамасы объектілердің, процестердің белгілі бір шеңберіне қатысты адамның өзара байла- нысты қасиеттері (білімі, шеберлігі, дағдылары, жұмыс істеу жолдары) және олармен байла- нысты сапалы жұмысы [2-3].
Зерттеушілердің бірқатар жұмыстары құзыреттілікті қалыптастырудың педагогикалық негіздерін дамытуға арналған, білім беру және шығармашылық үдеріспен бірлікте болу дағдыларын қалыптастыруда интегралдық жүйе ретінде қарастырылылған (Атлягузова И., Пинский А.А., Агапов И.Г.) [4, 272 б.].
Ал шетелдік авторлардың шығармаларында бұл аталған терминді түсіндіруде біраз айырмашылықтардың бар екендігі байқалады. Бургоин Д. өз жұмысында құзыретті тұлғаның өндірістік тапсырмаларды оңай орындай алуымен байланыстырады [5, 164-168 б.].Басқа жұ- мыстарда (R.E., Clelland M., Boadzis M.) құзырет адамның осы ұйымның өндірістік міндет- терін тиімді орындау үдерісінде көрсеткен мінез-құлқы болып табылады, бұл белгілі бір нәтижелерге (табысқа) іс-әрекеттердің және біртұтас мінез-құлық тәртібінің сақталуына, тиімді жұмыс ұйымдастыру тәртібіне және жағдайына байланысты екендігі айтылады, бұл құзыреттердің белгілі бір сипаттамаларын иеленуін алдын-ала анықтайтын және өндірістік қызметтің тиімділігіне әкелетінін дәлелдейді (Widdett A., Holliford J., Marshal P.) [6, 31-37 б.].
У. Бихамның жұмысында техникалық құзырет үш санатқа бөлінеді:

  1. Жеке тұлғаларға бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін факторлар;

  2. Қызметтік міндеттерін орындауға және өндірістік тапсырмаларды орындауға тиімді- лікке жету үшін маманның көрсететін жұмыс сапасы мен дағдылары;

  3. Адам қызметінің дағдыларын, жетістіктерін және нәтижелерін білдіретін жеке аспек- тілер.

Осылайша, автор техникалық құзыретті жеке маманның тұлға бірлігі ретінде, оның сана мен белсенділігі, іс-әрекеттер мен қарым-қатынас процестерімен бірге қарастырады [7, 189- 196 б.].
Л.А. Борисованың жұмысында «Студенттің техникалық құзыреті» түсінігі жеке тұлғаның даму деңгейін сипаттайтын және техникалық білім, дағдылар мен интеллектуалды қабі- леттердің синтезін, құндылық бағдарларының жиынтығын, студенттің кәсіби өзін-өзі жетіл- діруінің себептері мен қажеттілігін сипаттайтын болашақ маманның жеке және кәсіби қасиеттерінің кешенді интегралдық жүйесі ретінде анықталған [8, 6 б.].
Өз кезегінде, Н.Агеева, инженердің аксиологиялық және әдістемелік негіздерін талдай отырып, техникалық құзырет - қызметкерлердің өздерінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті білімі, дағдылары мен қабілеттері деген қорытындыға келеді. Бұл құзыреттер басқалардан ерекшеленеді, өйткені олар арнайы білім мен дағдылар саласына әсер етеді. Адамның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті білімі дағдылар мен қабілеттерде жүзеге асырылуы тиіс екендігін жазады [9, 14 б.].
Сонымен қатар шетелдік авторлардың (Джон Замбони, Лаура Брамбл және басқалар) шығармаларында техникалық құзырет былай сипатталады:

  1. Тиімді жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдыларды ұйымдағы белгілі бір рөлде не- месе жұмыс орындарында қолдану. Олар мамандандырылған салаларда табысқа жету үшін қажетті білім мен дағдылармен тығыз байланысты.

  2. Табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларға және «ноу-хауға» назар аударатын басымдықтағы жұмыс профильдерін жасау үшін жалпы немесе жеке тұлға құзыретін бірге пайдалануы.

  3. Жұмыс орындарын функционалдық аймақта ажырата білу қабілеті [10-11, 27 б.]. Жоғарыда аталған зерттеулердің ғылыми және практикалық құндылығынқұрметтей оты-

рып, ғалымдардың қызығушылығына және бүгінгі күнге дейін алынған нәтижелердің маңыз- дылығына қарамастан, білім беру процесінде студенттердің техникалық құзыреттерін қалып- тастыру мәселесі әлі толығымен шешілмегендігін атап өту керек, себебі ғылыми және педа- гогикалық әдебиетте техникалық құзыреттіңболуын және критериалды деңгейдегі құрылы- мын дамыту тәжірибесі аз, болашақ маманның кәсіби қызметінің мазмұнды түрлері жараты- лыстану ғылымдарының типтік (жалпылама) тапсырмаларына негізделгентүрде зерттеулер жеткілікті түрде жүргізілмеген.
Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының тәжірибесін зерттеу болашақ мамандарды даярлаудың қазіргі заманғы жүйесі студенттердің техникалық құзыреттерін қалыптастыру мен дамытуға ерекше көңіл аударылмайтындығын және студенттердің арасында оның қа- лыптасуын зерттеу білім беру үрдісінің өздігінен қалыптасуы заманауи талаптарға сәйкес келмейтіндігін көрсетті.
Біз техникалық құзыреттерді қалыптастырудың тиімді әдістерінің жоқтығына бірнеше себептер бар деп есептейміз:

  • студенттердің техникалық құзыреттерін қалыптастыру үшін теориялық және педаго- гикалық негіздердің болмауы;

  • техникалық университеттің студенттерін кәсіби даярлау сапасын бақылау технология- сының жетіспеушілігі, күрделі құбылыстың техникалық құзыретті қалыптастырудың педа- гогикалық жағдайларын анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған шараларды қажет ететінін түсінбеу.

Талдау нәтижелері бойынша, көріп отырғанымыздай, әдебиетте «құзырет» және «құзы- реттілік» терминдерінің анықтамаларына бірдей көзқарас жоқ, себебі техникалық мамандар даярлау жағдайында технологияларды педагогика теориясы мен практикасы және оларды қалыптастыру әдістері жоқ. Бұл әсіресе жаратылыстану пәндерін оқыту процесінде студент- терді дайындауға қатысты.
Әрбір студент өзінің білімі мен шеберлігі, дағдысы, өзінің жеке қасиеттері, үздік оқушы атануы, өз жоғарғы оқу орнына, оның басшылығына деген көзқарасы, университеттің ішкі жағдайларына бейімделуі мен белсенді атсалысуы жағынан сипатталуы мүмкін. Барлық осы көрсеткіштер студенттердің құзыреті түсінігін құрайды [12, 74-76 б.].
Сонымен қатар, техникалық құзырет студенттің немесе маманның күнделікті қызметін- дегі кәсіби жұмысына жоғары деңгейде техникалық дайындығы мен қабілеті ғана емес, оның жеке тұлға қасиеттерінің мұғалімдер мен болашақ әріптестерге тиімді әсер ете алуымен сабақтастығы болып табылады.
Осылайша, техникалық құзыреттер студенттің жеке басының ең маңызды сипаттамала- рының бірі болып табылады.Құзырлы студент мәселенің өзін ғана түсініп қоймай, оны іс жүзінде қалай шешуге болатындығын білетіндіктен(дағдылар), құзыреттердің құрамына мазмұндық (білім) және үрдістік (шеберлік) құраушылар кіреді деп айтуға болады.
Осыған байланысты біз техникалық құзыреттертұрғысында қажетті кәсіби-бағдарланған білімді, шеберлікті, дағдыларды және жеке қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін кәсіби бағытталған оқытуды пайдалануды ұсынамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет